Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет56/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
60 
халық пен үкімет басындағы адамдардың арасындағы берік сенімдіктің болуы. 
Халық саяси-экономикалық шешімдерді жұмыла іске асырады, ал басшылар өз халқына 
таза пиғылмен қызмет етеді. 
Таным мәселелері 
Конфуцийдің айтуыша, өздерінін табиғатына қарағанда адамдар бір-біріне өте 
ұқсас, бірақ өмірден алған дағды мен тәлім-тәрбие адамдарды әртүрлі қылады. Тек қана 
ең биік даналық пен ең шегіне жеткен ақымақтық тұрақты. 
Конфуций білімді әртүрлі дәрежеге бөледі. «Ең биік білім -ол туа біткен білім.
Одан төмен білім - игерілген, келесі қиындықтарды бастан кешіп алынған 
білім. Бірақ оңбаған адам басынан өткізген қиындықтардың өзінен сабақ 
алмайды», - деп өкінеді Конфуций. 
Конфуций білімнің адам өміріне деген құндылығын жете көрсетті. «Барлық 
көргенің мен естігеніңді жүрегіңде сақта, қажымай-талмай оқудан тойынба, басқаларға 
біліміңді жеткізе біл», - деген нақыл сөздерді айтады. Конфуций ойынша, білім 
саласында ерекше моральдық тазалық керек. «Білгеніңді айт. Білмесең — білмеймін 
де. Тек осындай білімге деген көзқарас даналықты көрсетеді». Ойшылдың айтуына 
қарағанда, оқып-білудің өзі де өте қиын жұмыс, ол адамның дербес өзіндік оймен 
тоқуын талап етеді. 
Конфуцийдің ілімін әрі қарай дамытқан Мен-Цзы болды. 
«Егер тек қана окып, оқығанды ой елегінен өткізуге ұмтылмасақ, онда ол еш 
нәтиже бермейді. Ал күнбе-күнгі ой толғауы білім мен надандықты айырмайды. 
Аққан су сияқты, оған Батыс пен Шығыс бәрібір», - деген Конфуцийдің ойына қарсы 
шығып, Мен-Цзы «Аққан су Батыс пен Шығысты, расында да, айырмайды. Бірақ ол 
жоғарыға аға алмайды, тек кана төменге ағады. Сол сияқты адамдардың бәрі де 
жақсылыққа ұмтылады», -деп жауап береді. 
Мен-Цзы адамдардың табиғи берілген басқа адамдарға деген аяныш, көңілін 
жұбату сезімі, ұяттық және ызалану сезімі, сыйлау және табыну сезімі, шындық және 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет