Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет58/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
62 
алатын болсақ, олардың өздерінің орнатқан заңдары бар». 
Дао - жалғыз және бөлінбейді деген пікірдегі Хань-Фэй-Цзы сондықтан елбасы да 
тек өзіне ғана сенуі керектігін айтады. Даоның өзіне ұксас басқа ештеңе болмағаннан 
кейін, оны жалғыз дейміз. Сондықтан ақылды елбасы Даоның іске асқанын бағалайды. 
Әрі қарай елбасын Даоның қасиеттерімен салыстыра келе, оның қандай болу керектігін 
көрсетеді. 
«Дао бос, қозғалмайды және жалғыздықта, сондықтан елбасы да бәрін өзінің 
ішінде терең сақтауы керек, адамдардың алдында ашылмағаны жөн. Елбасы даосын 
ешкім көрмеуі керек, ал оны қолдануды басқалар түсінбеуі керек», - деген пікір 
айтады. 
«Фа-цзя» мектебінің ел басқару мәселелеріне келетін болсақ, олар адамның 
табиғатының өзімшілдігіне негіздеп, оны шешті. Мысалы, Хань-Фэй-Цзы, халық тек 
қана пайда мен жалақыны жақсы көреді де, жаза мен дарға асуды жек көреді. Ал оның 
бәрі елбасының қолында. Сондықтан елбасы қоғамда тәртіп орнатуы үшін, бәрін заң 
арқылы ретке келтіруі керек. Заң қысқа, әрбір адамға түсінікті болуы керек. Қоғамда 
жаза көп, құрметтеу аз болса - жақсы. Қайсыбір заңды бұзушылық қатты жазалануы 
керек. «Бірақ кімнің заңды орындамағаны, бұзғанын қалай білуге болады?» - деген 
сұраққа фа-цзя мектебі өз айлаларын алға салады. Ол үшін адамдар өзара бір-бірін 
бақылап жүрулері керек. Оны қалай істеуге болады? Ол үшін адамдардың жүрегіне 
қорқыныш сезімін кіргізу керек. Заң бұзған адамды жазалағанда, оны халық алдында 
жасау керек. Сондай жағдайда адамдардың өздері-ақ бір-бірін көрсете бастайды. 
Фа-цзя мектебі заң мен басқару өнерін бір-бірінен айырып қарайды. Заңды қалай 
шығарып орындату керектігін біз жоғарыда айтып кеттік. Ал басқару өнері ше? 
Басқару өнері елбасының жүрегінде өте терең тығылған. Елбасының ойын оның 
жанындағы ешкім де білмей, сандалуы керек. Өйткені «Елбасының ізін аңдып, 
арыстандар жүр». Егер ол өзінің құпиялығын жоғалтса, онда арыстандар (жанында 
жүрген басқа лауазым иелері) оны жеп қояды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет