Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет55/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
59 
басқа адамдармен бірге болғанымен, ұрыс-керіс тудырады. Ізгі адам 
адамгершілік жолында өзінің өмірін қиюға дайын, ұсақ адам өзінің өмірін ит 
сияқты орда бітіреді. 
Әлеуметтік-саяси көзқарастар 
Конфуций өзінің әлеуметтік көзқарастарында әрбір топтың тарихи қалыптасуында өз 
орны болуы керектігі және олардың арасындағы қарым-қатынастары әдет-ғұрыптың 
негізінде ретке келіп отыруы керектігін көрсетті. «Елбасы әрқашанда ел басы орнында, 
қызметші - қызметші орнында, әке - әке орнында, ұл -ұлдың орнында», - болуы керек 
дейді ұлы ойшыл. 
Сонау көне заманда Кун-фу-цзы заң мен моральдың арасын айқын ашып, өзінің 
таңдауын моральдық нормаларға, адамдарды зандардың талабын орындауға мәжбүр 
еткеннен гөрі, адамның сана-сезіміне ықпал жасап, керекті талаптың әділеттілігіне көзін 
жеткізу арқылы қоғамды басқарған ұтымды деген пікір айтты. «Егер адамдарды 
заңдардың негізінде жазалап, шектеп ұстасақ, онда олар қылмыс жасамауы мүмкін, бірақ 
олардың жүрегінде жаман қылықтарға деген жиіркеніш қалыптаспайды. Егер адамдарды 
моральдық талаптарға сай тәрбиелесек, онда олар өздерінің жаман қылықтары мен 
пиғылдарынан ұялып, шынайы дұрыс жолға түседі». 
«Мемлекеттік істерді қалай жүргізуге болады?» - деген оқушыларының сұрағына 
Конфуций былайша жауап береді: «Азық-түлік молынан болуы керек, қару-жарақ та 
жеткілікті болып және қарапайым адамдардың үкімет басындағыларға сенімі болуы 
керек». 
«Егер мемлекет басына күн туса, онда қайсысын құрбан етуге болады?», — деген 
келесі сұраққа ол былайша жауап береді: «қару-жарақты құрбан етуге болады. Ал тағы да 
құрбан етуге керек болса? Онда азық-түліктен бас тарту керек. Сонау көне заманнан осы 
уақытқа шейін адамдар аштықтан өледі. Бірақ халықтың жүрегінде үкіметке деген сенім 
азайса, онда ол мемлекет тұрақты болуы мүмкін емес». Бұл пікірді біздің қазіргі 
заманымызға таратып, реформаларға баға берсек, Қытай реформаларының алға басуы -




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет