Нуржігіт Алтынбеков 630
К.Маркстің ойынша, бұл коғамда жекеменшік толығынан жойылып, өндіргіш
күштердің орасан зор дамуының нәтижесінде адамдар арасында толык теңдік орнап,
олардың барлық қажеттіліктері толығынан өтеліп, адамдар жан-жақты дамып
гүлденеді, адамзаттың мыңдаған жылдар армандаған бақытты өмірге қолдары
жетеді. Алайда ондай қоғамға жету жолында ең алдымен социалистік сатыдан өту
кажет. «Күйреген капитализмді терістеп дүниеге келген бұл қоғамда әлі де болса
таптар мен әлеуметтік әртүрлі топтар сақталады. Бұл қоғамда әр адамнан өз қабілетіне
қарай, қайырымына еңбегіне қарай игіліктер бөлінеді», - деп қорытады К.Маркс.
Бүгінгі таңдағы К.Маркстің коммунизм теориясын сынаушылар өздерінше оны
«сілейте сынап», оған қарсы теріске ешқашанда шығарылмайтын деректер таптық деп
масаттанады. Ондай «ғұламалар» әсіресе бүгінгі «либералдардың» араларында жиі
кездеседі. Ол қандай деректер екен?
Біріншіден, әр адамның барлық қажеттіліктерін толығынан өтеу үшін шексіз
байлық өндірілуі қажет, ал оның ешқашанда болуы мүмкін емес, бұл дүниедегінің
бәрі шектелген деген «даналықты» олар алға тартады. Осы арада дереу бізге мынандай
ой келеді: бүкіл дүниежүзілік қауым мойындаған аса дарынды ойшыл қазіргі кейбір
майда қоғамтанушылардан да таяз болғаны ма? Әрине, жоқ. Дүниедегінің бәрі де
шектелген, ол - рас. Сонымен қатар бұл қағида адамға да қатысты. Мысалы, жеке
адамға шаққанда жылына қанша ет, көкөніс, май, т.б. тағамдар керек екен? Ол шексіз
бе? Әрине, шектелген. Басқа да адамға қажет материалдық игіліктерді де осы секілді
қарастыруға болады. Бірақ бұл дүниеде шектелмейтін бір ғана нәрсе бар: ол -
адамның рухани-шығармашылық жетілуі. К.Маркстің ойынша, жаңа қоғамды
орнату барысындағы қалыптасатын қоғамдық қатынастар адамның белсенді
жасампаздық іс-әрекетін тудырып, соның нәтижесінде тек қоршаған орта ғана өзгеріп
қоймай, сонымен бірге адамдардың өздері де өзгеріп, жан-жақты дамып, ішкі табиғи
дарындарын гүлдетіп, сыртқа шығарады. Мұндай әлеуметтік болашақ ахуалды ол
кісі коммунизм деген ұғыммен береді. Ал мұндай жолмен дамудың расында да шегі
жоқ, ол тоқталмайтын үрдіс.