Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет561/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   557   558   559   560   561   562   563   564   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
627 
толыққанды құқық мұнда жоқ. Көп жағдайда байлық мемлекеттің, я болмаса 
қауымдастықтың қолында. Экономика бұл қоғамдарда ешқашанда негізгі мақсат-
мұратқа айналмаған, ол - негізгі қажет-тіліктерді өтейтін құрал ғана. Негізгі байлық - 
рухани жетілу, адамгершілік, ар-намыс пен абыройды биік дәрежеде ұстап қорғау 
болып табылады. Мұның себебі айнала қоршаған ортаға мыңдаған жылдар бойы 
бейімделуден шықса керек. Мысалы, Қытай елі мыңдаған жылдар бойы жүздеген мың 
адамдардың басын біріктіріп, алып каналдарды қазып, суармалы егіншілікпен 
айналысты, көшпенділерден қорғану ретінде ұзындығы 6000 шақырымнан артық «¥лы 
қорғанды» соқты. Қытайдың ұзындығы 1000 шақырымнан артық кемелер жүретін 
каналы - олардың мақтанышы. Мұндай жағдайда, әрине, мемлекеттің рөлі өте зор 
болды. Осы күнге дейін Қытайда жер мемлекеттің қолында. Ол тек жеке адамдарға 
жалға ғана беріледі. Мемлекеттің рөлінің тым биіктігі неше түрлі шен иелерінің 
құзырын арттырып, елбасының шектелмеген абсолютті билігін құрайды. Оны Батыс 
елдерінде «Шығыс деспотиясы» деп атап кеткен болатын. Егерде қайсыбір себептер 
болып, мемлекет әлсізденсе, мұндай қоғамдар тез уақытта тарқап отырған. 
Енді Батыс қоғамына келер болсақ, оның негіздері сонау көне гректерге кетеді. 
Бұл ел жылы теңіздермен қоршалған, қысы жоқ, суы мол, жері құнарлы, сондықтан 
сонау ерте заманнан бастап, жеке адамның белсенді іс-әрекеті нәтижелі болған. Еңбек 
еткен адамға табиғат өз жемісін аямай берген. Сондықтан Батыс өркениеті жеке 
адамның мүддесін биік ұстап, оны қорғау жолын іздеген. Мұндай өмір бағытын 
әдебиетте индивидуализм дейді. Жеке тұлғаның өзіндік кұндылығы мен жеткіліктігі, 
оның еркіндігі мен өз іс-әрекеттерін билеушілігі негізгі құндылықтар болып 
есептелінеді. Екінші ерекшеліктерінің бірі - рационализм, істеген істің бәрін есеп-
қисаптан өткізу, көп жағдайда адамның сезімдік дүниесімен есептеспеу т.с.с. Яғни 
адамның іс-әрекеттерінің бәрі пайда табуға, өз мүддесін ғана қамтамасыз етуге 
бағытталған. Мұндай ахуалда коғамның біртұтастығы көп жағдайда заңдар арқылы 
қорғалады. Сонымен қатар діни құндылықтар да адамдарға өмір бағытын анықтауға 
көмектеседі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   557   558   559   560   561   562   563   564   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет