Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет601/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   597   598   599   600   601   602   603   604   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
667 
Тіпті өмірге келген сапалы заңның өзі жүре келе ескіріц, өмірде болып жатқан 
өзгерістерге сай келмей қалады. Ондай жағдайда заңға өзгерістер, толықтырулар 
енгізілуі мүмкін. Сондықтан, тез қарқынмен түбегейлі өзгеріске түсіп жатқан 
Қазақстан қоғамында заң шығару мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Біршама заңдар 
қайта қаралып, толықтырылып, өзгерілуде (Еңбек заңы, Мемлекеттік қызмет ету заңы 
т.с.с.), жаңа заңдар қабылдануда. 
Жоғарыда айтылған ойлардан шығатын түйін - заңды асыра бағалап (қүқтық 
романтизм), я болмаса оны ескермеуге (құқтық нигилизм) болмайды. Ол қателік, 
біржақтылық болар еді. 
Құқықтық мемлекеттің бірден-бір негізгі ерекшелігі - заң өмірге еніп, 
қабылданғаннан кейін, бұлжытпай орындалуы керек. Ол -әсіресе мемлекеттік 
қызметтегі лауазымды азаматтардың қоғам алдындағы парызы. Егер мемлекет өзі 
шығарған заңдарын бұрмалап, бүзып отырса, онда қарапайым адамдардан не күтуге 
болады? Екінші жағынан, «заң ескірді, өмірге сай емес, олай болса, оны орындау тіпті 
қажет емес» деген ұранды бүркемеленіп, тек өз қамын күйттеген адамдарға да 
тосқауыл қойылуы керек. Егер заңның кейбір қағидалары ескірсе де, жаңа заң ресми 
түрде қабылданып, я болмаса ескірген қағидалар жойылып, толықтырулар 
енгізілгенше, ескі заң орындалуы қажет. Сонда ғана қоғам өмірінде белгілі бір тәртіп 
пен тыныштық сақталады. 
Енді, міне, қоғамның рухани өмір саласын талдауға да уақыт келді. 
 
 
 
 
 
 
 
 


Нуржігіт Алтынбеков 
668 
XVI тарау. Рух философиясы 
1. Философия тарихындағы рух ұғымы 
Қоғамның рухани саласы - ең күрделі, сонымен қатар, бір қарағанда, 
байқалмайтын кұбылыс. Біз желдің бар екенін білеміз. Бірақ ол көзге көрінбейді. 
Сол сияқты жалпы рухты ешкім ешқашанда көрген жоқ. Бірақ оның бар екеніне 
ешкім күмәнданбайды. Егер «рух» деген ұғымның шыққан тегін қарасақ, онда грек 
тілінде ол «пневма» яғни ауа, тыныс, үрлеу деген сөздерге жақын, латын тіліндегі 
«спиритус» - көрінбейтін, жеңіл, тыныс деген сөздерге жақын мағына береді, ал 
орыстың «дух» деген сөзінің төркіні «дуновение», «дыхание» деген сөздерге жақын. 
Алғашқы қауымдық қоғамның ұлы зерттеушісі Э.Тэйлор: «Флоридадағы 
семинолар (тайпаның аты - Г.О.) өлейін деп жатқан босанған әйелдің аузына жаңа 
туған нәрестені жақындатады. Ол сәбиге әйелдің денесінен шығып бара жатқан 
жанын өз бойына сіңіріп, болашақ өмірінде күш-қуат пен парасаттылықты көрсету 
үшін керек», - деген дерек айтады. Тропикалық Африкада өмір сүретін халықтардың 
зерттеушілері олардың «көсемдер рухы», «бабалар рухы», «зұлым рухтар», «күнбе-
күнгі өмірде көмектесетін рухтар» т.с.с., деп, сала-салаға оларды бөлетіні жөнінде 
айтады. Егерде Шығыс мифологиясын алсақ, көне Үндістанда «Сансара» ұғымы пайда 
болды. Ол дүниежүзілік аспанда орналасқан зардап шегудегі рухтар мұхиты. 
Дүниеге философиялық көзқарас келген кезде, Платон «Эйдостар (идеялар) 
әлемі» жөніндегі ілімін ұсынады. Бұл әлем материалды емес, мәңгілік, жетілген, 
өзгермейді. Ал бізді қоршаған материалдық дүние - аспандағы идеялардың көлеңкесі 
ғана, ол өтпелі, кемеліне толығынан келмейді, дүниеге келіп, біршама уақыт өткенде, 
кетеді. Осыған сәйкес, адамның материалдық денесі өне бойы өзгерісте болып, 
ақырында өледі, бірақ оның жан дүниесі идеялар әлемінен шыққаннан кейін, сол 
адамның денесінің ұғымы, мән-мағынасы ретінде өлместікке ие болады. 
Еуропа топырағына христиан діні тарасымен-ақ, бұл мәселе жаңа шешімдерге ие 
болады. «Христиан дінінің атасы» аталған Филон Александрийский Платонның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   597   598   599   600   601   602   603   604   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет