Нуржігіт Алтынбеков 671
пен қайғы араларындағы таңдау. «Осы рухани бағытты таңдаудың негізінде адам
нағыз тұлғаға айналып, өзінің ерекшелігіне, өлместік дәрежесіне жетеді», - дейді ұлы
ойшыл. Әрине, мұндай көзқараспен толығынан келісуге болады.
Енді жаңа ғана тарих қойнауына кеткен XX ғ. көз жіберсек, ол адамзат руханият
мүмкіндігінің нағыз сынағы болды десек, артық болмас. Бір жағынан, ғылым мен
техниканың орасан зор қарқынмен дамуы (кибернетика, гендік инженерия, ядролык
физика т.с.с.) табиғаттың стихиялық күштерін толығынан бағындырып, адамзаттың
гүлдене өмір сүруіне деген үмітті оятты. Екінші жағынан, өкінішке қарай, көп
жетістіктер зұлымдық жолында пайдаланып (Дүниежүзілік бұрын-соңды тарихта
болмаған соғыстар) миллиондаған адамдардың қырылуына әкелді.
Экономика саласында «табиғатты көндіру, қайта өзгерту» саясаты экологиялық
дағдарыстарға, өзінің арғы анасы - Табиғаттан жаттанған, тастан салынған қалалардан-
джунглиден жылдар бойы шыға алмайтын, соның нәтижесінде рухани азғындап, тек
сезімдік ләззат алуға ұмтылған, өзімшілдікке бой ұрған, күш жұмсауға даяр,
моральдық тізгіні жоқ адамдардың пайда болуына әкелді. Бір жағынан, шексіз
байлыққа ұмтылып, техниканың құлына айналған, өлшемнен тыс тұтынуды өмір
мақсатына айналдырған, екінші жағынан, күнбе-күнгі ішер тамағы жоқ 1 млрд.
жуық адамның бүгінгі жер бетінде өмір сүріп жатқанын көреміз. Шың биіктеген
сайын құздың да тереңдей түскенін байқаймыз.
XX ғ. саясаттың да рухани-моральдық негіздері үлкен сынақтан өтті. Ғасырдың
басында бақытты өмір орнатуға бағытталған бірнеше революциялар аз уақыт өткеннен
кейін-ақ қанды балақ тоталитарлық мемлекеттерді тудырды. Адамның шығармашылық
қабілетін дамытып, гүлденген қоғамды орнатудың орнына адамдарды қыруға
арналған газ камераларды, геноцидке түскен кішігірім халықтарды, атомдық бомба
сынақтарын, бітпейтін локальды (жергілікті) соғыстарды т.с.с. сұмдықтарды адамзат
өз көзімен көрді.
Әрине, жоғарыда көрсетілген және де баска теріс деректер рухани ахуалға ықпал
етпей қоймады. Олар философиялык антропология, экзистенциализм, фрейдизм, діни