Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет609/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   605   606   607   608   609   610   611   612   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
676 
сүйіспеншілік пен ізгіліктің арқасында тоқтату керек екенін айтады. «Бүкіл адамзат - 
бөлінбейтін бірліктегі отбасы, сондықтан қайсыбір оның мүшесінің жасаған 
қылмысына әрбір азамат жауапты», - деген терең ой айтады. 
Орыс халқының ұлы ойшысы Л.Толстой қоғам өміріндегі зұлымдық мәселесі 
адамның рухы емес, тәнімен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Тәннің бір 
нәрселерге ынтықтығы, құштарлығы оны рухани құндылықтарды аяққа басуға
ауытқуға әкеледі. Соның салдарынан зұлымдық пайда болады. Зұлымдыққа күш 
көрсетіп қарсыласпау, Л.Толстойдың ойынша, оның өз-өзін сарқуына, тоқтауына, 
құруына әкеледі. Сонда ғана руханияттың жеңісін, адамның адамгершілігін көруге 
болады. 
XX ғ. рухани ахуалына тек қана өз идеяларымен ғана емес, бүкіл өмір салтымен 
зор әсер тигізген келесі гуманист А.Швейцер болды. Оның ойынша, дүниежүзілік 
тарихтың ең терең қабаты ғылым мен техниканың жеткен нәтижелерінен емес, 
этикалық тарихтан тұрады. Моральдық құндылықтарды ойшыл адамзаттың ең асқан 
жетістіктері ретінде түсініп, оны әрі қарай дамыту жолында адамзатқа «өмірді пір 
тұту» этикасын ұсынады. Адамды ғарыштағы тіршіліктің ең жетілген теңдесі жоқ 
әсем гүлі ретінде қарап, ол Р.Декарттың «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін» 
деген қағидасының орнына «мен өмірмін, олай болса басқа өмірдің арасында өмір 
сүргім келеді» деген ғажап идеяны ұсынады. 
А.Швейцер Еуропа цивилизациясының рухани дағдарысқа ұшырауының негізгі 
себебін рационализмнің үстемдігінен көреді. Қоршаған ортаны тек ақыл-оймен түсіну, 
рухани құндылықтармен есептеспеу дүниенің тек сыртқы жағын өзгертуге мүмкіндік 
береді. Қазіргі орасан зор бетон мен шыныдан жасалған техникалық цивилизация
сондықтан шынайы мәдениетке қарсы, ол тек мәдениеттің тұрпайы түрлерін ғана 
тудыра алады. Сондықтан адамзаттың негізгі мақсаты — мәдениетті этикалық 
құндылықтармен ұштастырып оған нәр беру. Сонда ғана адамзаттың шынайы алға 
жылжуы болмақ. 
Сонымен философия тарихында рух мәселесі ғасырдан-ғасырға өтіп, егжей-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   605   606   607   608   609   610   611   612   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет