Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет620/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   616   617   618   619   620   621   622   623   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
687 
XX ғ. Э.Фромм, А.Швейцер сияқты, Батыс ойшылдары моральды негіздеуде
жаңа көзқарас ұсынды. Олардың ойынша, моральды негіздеуді шынайы өмірдің 
өзінен, сол өмірдің ең әсем гүлі - адамның өз табиғатынан іздеу керек. Олай болса, 
«Жақсылық», «Ізгілік» дегеніміз - адамның ішкі қабілеттерін ашатын, өмірдің 
толыққандығын сезіндіретіннің бәрі, ал «зұлымдық» деп адамның гүлденуіне, оның 
қабілеттері мен шығармашылық, еңбегіне тосқауыл қоятын нәрселерді айтамыз. Ал
«күнәға» адамның өз өміріне деген жауапкершіліктің жоқтығы жатады. Дүниенің ең 
әсем гүлі ретінде адам, - кең мағнада алып қарағанда, - Жер бетінде жүріп жатқан 
бүкіл биологиялық, психологиялық, жан мен рухтық үрдістерді өз бойында қамтиды. 
Сондықтан «Жақсылық» дегеніміз тек адамның өмірін сақтап гүлдету емес, сонымен 
қатар бүкіл жер бетіндегі барлық тіршілікті өзімен бірге сақтап, дамыту болмақ. 
Осындай түсінікке сәйкес, «зұлымдық» дегеніміз Жер бетіндегі тіршілікті аяққа 
басу, құрту-жаншу болмақ. Біздің ойымызша, бұл ойшылдар өз заманынан озып, жаңа 
«Ғарыштық этиканың» негіздерін жасаған сияқты. Оның өмірге енуі алда, ол болашақ 
адамзаттың рухани өмірінің негізі болуға тиіс. 
Қорыта келе, адамды рухани пенде десек те болады. Оның ішкі тебіреніс, үміт, 
сенім, т.с.с. кұндылықтарға толы шегі жоқ ең рухани Ғарышы бар. Оның өзегі адамның 
өзіндік санасында. Адам санасы арқылы өз-өзінен алшақтап, өзіне сыншыл рухани 
көкей көзімен карай алатын мүмкіндікке жетеді. Ешбір жануардың мұндай қасиеті 
жоқ. 
Әрине, адамның дене қажеттіліктері бар, ол баспанасыз, ішетін-жейтін тамақсыз, 
киім-кешексіз өмір сүре алмайды. Оны да естен шығармаған жөн. Оларды және т.б. 
заттарды алу үшін адам енбек етеді, басқа адамдармен неше түрлі қарым-
қатынастарға түсіп, өмірге бейімделуге тырысады. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда көп 
адамдар өмірдің мән-мағынасын сол материалдық заттарды куумен, солар арқылы 
өмірден ләззат алумен байланыстырады. Осы жолда ол өзінің рухани пенде екендігін 
тіпті естен шығарып, өз өмірінің мән-мағынасын жоғалтып та алуы мүмкін. 
Естен мынаны шығарып алмаған жөн. Материалдық байлық қаншалықты көп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   616   617   618   619   620   621   622   623   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет