Нуржігіт Алтынбеков 689
керек. Өйткені адам - ерікті пенде, ол өз тағдырын өзі күнделікті өмірге келетін
мүмкіндіктерді таңдау арқылы жасайды.
Дүниенің екі жағын - материя мен рухты - бір-бірінен ажыратып, бөлек қарауға
болмайды, біз оны жоғарғы тарауларда көрсетуге тырысқан болатынбыз. Адамның өзі,
бір жағынан, дене болса, екінші жағынан, рух емес пе? Дегенмен де кұндылыктар
әлемін, негізінен, екіге бөлуге болады. Олар материалдық және рухани құндылықтар.
Қайсыбір рухани құбылыс өмірге келу үшін заттанса, яғни материалдық қабыққа ие
болса, онда шынайы өмірде материалдық және рухани құндылықтарды бір-бірінен
қалайша айырып алуға болады? Оларды бөлудің негізінде адамдардың сан-алуан
қажеттіліктері жатса керек. Қажеттілік деп адамның өмір сүруіне, оның жан-жақты
дамуына керектінің бәрін айтуға болады.
Бүгінгі коғамдағы адамдардың қайсыбірі рухани қажеттіліктерін оятып, ең
жоғарғы сатыға көтерілді деп айту шындыққа жатпас еді. Өкінішке қарай,
материалдық құндылықтарға кұмартқан көпшілік бүгінгі таңда соның шырмауынан
шыға алмай жатыр.
Егер қайсыбір жануардың қажеттіліктері оның инстинктері арқылы берілсе,
адамның қажеттіліктері оның сана-сезімдерінен өтіп, белгілі бір мүдделерге
айналады. Жануарлар бір нәрсеге мүдделі деп айту ақылға сыймайды, ол - тек адамға
ғана тән нәрсе. Өз мүдделерін іске асыру үшін адам алдына неше түрлі мақсат-
мұраттар қояды. Соңғыны іске асыру жолында адам өз ырқын шыңдап, неше түрлі
қиындыктардан өтуге дайын болуы керек. Орындалған мақсат-мұрат келесі сатыда
жаңа кұндылықтарға бағыттайды т.с.с.
а) тіршілік құндылықтары Енді жоғарыдағы айтылған ойларды нақтылай түссек, онда, әрине, бірінші
орынға өмір, бүкіл тіршіліктің кұндылығын жатқызуға болар еді. Ал оның ең биік
шыңы — сана сезімі, рухы бар адам. Сондықтан ұлы И.Канттың моральдық
императивтерінің бірі - адамды әрқашанда мақсат-мұрат тұт, оған ешқашанда құрал