Нуржігіт Алтынбеков 690
ретінде қарама деген терең ойы еді. Ал бұл талаптан адам бүкіл тіршіліктің патшасы
болуы керек деген тұжырым шықпауы керек. Керісінше, ол бүкіл тіршіліктің ең
жетілген түрі болғаннан кейін, бәрін өзімен бірге көтеріп (коэволюция), гүлдетіп,
үндесті (гармония) өмір сұруі қажет.
Әрине, бүгінгі таңда адамды құрал ретінде пайдалану өмірде жиі кездесетін
құбылыс. Адам өмірде кейбір кезде өз орнын таба алмай, қиналып, зардап шегеді,
тіпті өмірден түңілуі де мүмкін. Уақытында М.Монтень айтқандай, «кімнің басына
сартылдап бұршақ ұрып жатса, сол бүкіл жер бетін найзағай мен дауыл алып
кеткендей көреді». Ол, әрине, сол адамның әлсіздігін, тіпті ақыл-ойының тайыздығын
көрсетеді дер едік. Әрине, біз бұл өмірге сұранып келген жоқпыз, бірақ осы ғажап
Дүниенің бір кішкентай да болса бөлігі ретінде бармыз. Одан артық құндылық бар ма
екен?! Өмір қиындықтары, кездесетін сәтсіздіктер - уақытша, оларды жеңе білу керек,
өйткені сен адамсың. Түнде сансыз жұлдыздар жымың қағып, Ғарыштың ақылға
сыймайтын тереңдігін, сонымен қатар оның бізге жолдап отырған жылы сәлемін
көрсетпей ме? Күннің алқызыл атуы мен батуы, асқар таулардың жарқыраған
шыңдары, сылдырлап бұлақтан аққан мөлдір су, мойынын бізге қарай бұрған аққудың
әсемдігі, бұлбұл кұстың әндері, құмнан қашқан ақ бөкеннің секіргені, сүйген
жардың әр қимылы мен қылығы т.с.с. –бәрі де ғажап емес пе?!! Тағы да М.Монтень
бізге мынадай ақыл тастайды: «өмірді әрқашанда қуанышты сезіммен қабылда, ол сенің
даналығыңды көрсетеді».
Адам өмірінен шығатын келесі құндылық - денсаулық, оны дана бабамыз
«бірінші байлық» деп кеткен. А.Шопенгауер айтып кеткендей, «адамның бақытты
болуының 9/10-ы оның денсаулығына байланысты». Расында да, тек денсаулықтың
арқасында ғана өмірде кездесетін ауыртпалықтарды көтеріп жеңуге, ішкі табиғи
дарындарды дамытып, шығармашылық деңгейге көтерілуге болады. Сондықтан
денсаулыққа саналы түрде қарап, спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, өз
дене ахуалыңа зәбірлік жасамау керек. Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық
жолына түсу - ең зор байлық - денсаулығыңды өз қолыңмен жоюмен тең.