Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет631/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   627   628   629   630   631   632   633   634   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

е) сүйіспеншілік философиясы 


Нуржігіт Алтынбеков 
698 
Моральдық саланың ең биік көрінісі - сүйіспеншілік. Тек сол арқылы ғана адамы 
болмысқа жетуге болады. Керісінше жағдайда адам толыққанды өмір сүре алмайды. 
Оны шығармашылыққа жетелейтін, өмірді терең түсінуге жол ашатын, басқалардың 
терең ішкі сырын аша алатын — тек қана сүйіспеншілік. 
Көне грек ойшылы Эмпедокл алғашқы рет сүйіспеншілік ұғымына ғарыштық мән 
беріп, оны жеккөрушілікке қарсы қойды. Оның ойынша, алғашында Ғарыш 
сүйіспеншіліктің негізінде сапа жағынан әлі бөлінбеген біртұтастықты құрайды. Содан 
кейін жаупгершілік сүйіспеншілікті ысырып, біртектілікті бір-біріне қосып, әртектілікті 
бір-бірінен ажыратады. Келесі сатыда сүйіспеншілік қайта оралып, әртектіні бір-
бірімен қосып, біртектілерді бір-бірінен ажыратады. Соның арқасында тіршілік дүниеге 
келеді екен. Эмпедоклдың ойларының түйіні мынада: Дүние қайшылықты жаратылған. 
Заттар мен құбылыстардың қарама-қарсы жақтары бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, бір-
бірін тартып (Эмпедоклдың сүйіспеншілігі), сонымен қатар өз болмысын сақтау 
жолында итереді (жаугершілік). 
Платон да өз еңбектерінде сүйіспеншілік мәселесіне көңіл бөледі. Ол 
философиялық деңгейде грек мифологиясындағы Эротты (жыныстық сүйіспеншілік) 
талдайды. Оның ойынша, Эроттың екі түрі бар: біреуі - жердегі сезімдік құмарту 
болса, екіншісі -аспандағы идеалды, ой арқылы ғана жетуге болатын түрі. Эрот -
байлықтың құдайы Порос пен кедейліктің құдайы Пенидің баласы. Сондықтан ол 
қайшылықты. Ол өне бойы төменнен жоғары қарай және әсемдікке ұмтылады. 
Адамдардың ең үлкен арманы -өлместікке жету болса, Эрот шығармашылық шабытын 
тудырып, сүйіспеншілік арқылы жаңа ұрпақтарды дүниеге әкеледі, ал оның өзі 
адамға берілген мәңгілік пен өлместіктің бөлігі емес пе? Әсемдікке ұмтылудың 
екінші - ең биік жағы - Эрот жер мен аспандағы идеалды дүние арасындағы дәнекер. 
Ал нағыз әсемдік аспан әлемінде жатыр. Олай болса, платондық сүйіспеншілік 
ол Әсемдік, Ізгілік және Акиқатқа деген құмарту. Өйткені олар таза, мөлдір, 
материалдық қоспасы жоқ, құдіретті және біркелкі. 
Орта ғасырдағы философияда сүйіспеншілік мәселесіне көп көңіл бөлген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   627   628   629   630   631   632   633   634   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет