Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет632/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   628   629   630   631   632   633   634   635   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
699 
А.Августин мен Қ.А.Яссауиді келтіруге болар еді. Киелі Августиннің ойынша, «жер 
қаласында» адамдар Құдайды ұмытып, өздерін ғана сүйеді, өйткені олар күнәға 
белшесінен батқан. Ал «аспан қаласында» рухани кауым өздерін ұмытып, тек Құдайды 
ғана сүйеді. Ол кісі мынадай тамаша ой қалдырды: «Сүй, содан кейін не қалағаныңды 
істей бер!». Бұл ойдың мәні мынада: шын сүйген ешқашанда зұлымдық жасамайды, ол 
тек қана әсемдік пен жақсылыққа қарай ұмтылады. Қ.А.Яссауи де бұл жалған 
дүниедегі еш нәрсеге құмартпай, Алла тағалаға толығынан беріліп, Оны барлық жан-
тәнімен сүюге шақырады. 
Тарих қойнауына Ренессанс (Қайта өрлеу) дәуірі кірген кезде, жердегі 
сүйіспеншілік қайта өз күшіне енеді. Адам өз руханиятымен ғана емес, сонымен қатар 
денесімен де әсем. Ол неше түрлі күштерге толы, сондықтан өз сүйіспеншілігінің 
арқасында ғарыштың барлық жақтарымен үндесті байланыстар жасап, оларды 
өзгерте алады. Дж.Бруно сүйіспеншілікті лаулаған ыстық дүниетануға деген 
құмартумен теңейді. Адам неше түрлі қайғы-қасірет пен болашақ өлімнен 
тайсалмай, Дүниенің сиқырлы күштерін ашып, шаттық сезіммен шексіз де 
сарқылмайтын құдіретті Табиғатпен бірігеді. Ақиқаттың жолында өз өмірін құрбан 
етіп, ойшыл осы ойын өз өмірімен дәлелдеген жоқ па?! 
Жаңа дәуірде Р.Декарт «Жанның құмартуы» деген еңбегінде: «Сүйіспеншілік - 
дегеніміз рухтың ықпалындағы жанның қобалжуы, сүйетін зат пен жан ерікті түрде 
қосылады да, басқалардан ажырайды», - дейді. Ол сүйіспеншіліктің түрлерін көрсетуге 
тырысады. Біріншісі - сүйген жанға жақсылық тілеу және осы жолда өзін құрбан етуге 
дайын болу. Оның айқын мысалы ретінде әке-шешенін баласына деген сүйіспеншілігін 
келтіруге болады. Екінші - «нәпсі итерген сүйіспеншілік». Оған мысал ретінде ердің 
сүйген әйелге деген құмартуын келтіруге болады. Үшінші - бір нәрсеге құмар болу, 
соған берілу. Мысалы, ішкіштің араққа, ойыншының картаға т.с.с. құмартуы, онда 
ешқандай сүйіспеншілік жоқ, тек қана соны иелену, тұтыну ғана бар. 
Неміс ойшылы В.Лейбниц «достық-сүйіспеншілікті» бірінші орынға қояды. Ол 
мөлдір риясыз сүйіспеншілікті күңгірт өзімшіл ләззат алуға деген құштарлықтан айыру 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   628   629   630   631   632   633   634   635   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет