Нуржігіт Алтынбеков 696
ғана адамзаттың қорланған қайшылықтары шешілуі мүмкін. Үнді халқының ұлы
ақыны Р.Тагор айтқандай, «заттарды аз уақыттың шеңберінде білуге болады, бірақ
олардың Рухын аңғару көп ғасырларға созылған тәрбие мен адамның өзіндік тежеуін
талап етеді». Расында да, бұл өмірде болу, тек қана өмір сүру адамға жеткіліксіз.
Әр адам өз болмысының бүкіл тіршілікпен, жер бетіндегі әрбір затпен бірге
жаратылғанын, «бәрі де бірдің ішінде, бір – бәрінде» екенін сезінбей, жаңа рухани
ахуал келмейтінін білуіміз қажет.
Негізінен алғанда, барлық діндер бүкіладамзаттық моральдық қағидаларды алға
тартып, соның арқасында халықтың рухани бірлігін қамтамасыз етеді. Қайсыбір
діннің беделі оның уағыздаған моральдық құндылықтарымен байланысты, өйткені
олардың қайнар көзін Құдайдың құдіретті өсиеттеріне әкеліп тірейді. Енді бұл арада
моральдық құндылықтарды талдауға уақыт келген сияқты.
с) моральдық философия Әрине, адамның ішкі рухани өмірінде жақсылық, абырой, ар-намыс, парыз сиякты
моральдық құндылықтардың бар екенін ешкім де теріске шығармас. Осы және т.с.с.
рухани құндылықтарды жан дүниесінде сақтап қалу үшін ол көп нәрселерден
айырылуға дайын. Біздің ойымызша, моральдың арқауын «тұлға мен қоғам»
арасындағы қарым-қатынастардан іздеу керек. Өйткені адам басқа кісілермен сан
алуан байланыс, өзара іс-әрекетке түсіп қана өмір сүре алады, ол оның әлеуметтік
табиғатын көрсетеді. Бұл арада моральдық сананың ережелік, нормативтік ерекшелігін
алға тартуға болады, өйткені күнбе-күнгі адамдардың миллиондаған іс-әрекетін ретке
келтіру үшін олар ереже, қағида, идеал ретінде қорытылады. Моральдық сана
шындықты алдын ала болжай алады, оның талаптары күнделікті өмірлік
қатынастардың ар жағына өтіп, бізді тиістік әлеміне әкеліп тірейді.
Бұл арада біз моральдың аксиологиялық (құндылық) жағына келіп тірелеміз.
Расында да, моральдық норма арқылы ғана өзіңнің, я болмаса басқаның жүріс-
тұрысын бағалауға мүмкіндік аласыз. Олай болса, ол тек қана бізге қоғам өмірінде