дəріс. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы – академ сағ


-дəріс. Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата07.02.2023
өлшемі3,67 Mb.
#65730
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Снимок экрана 2023—01—25 в 14.35.40

2-дəріс. Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес
этностардың этномəдени интеграциясы кезеңдері – 2 академ.сағ.
Жоспары:
1. Көне түркі кезеңіндегі көшпелі мемлекеттік жəне мəдени дəстүрлердің
дамуы.
2. ІХ-ХІІ ғғ. Қазақстанның этносаяси тарихындағы түркі факторы.
3. Түркілер өркениеті жəне Ұлы жібек жолы.
1.(2-слайд)
I-мыңжылдықта Евразия аймағында этникалық өзгерістер
жүріп, мұнда түркі тілдес тайпалар басым бола бастайды. Түріктер туралы
алғашқы деректер 542 ж. пайда болып, VI ғ. «түрік» атауы кең тарала
бастады. Қытайлықтар түріктерді «туцзюе»-ғұндардың ұрпақтары деп
санаған, соғдылар- «түркі», «түркіт», ал византиялықтар, арабтар мен
парсылар «тюрк» деп атаған. Ш.Құдайбердіұлы «Түрік, қырғыз-қазақ һəм
хандар шежіресі» атты еңбегінде түрік сөзі «дулыға» деген мағынаны
білдіреді дейді. Түріктердің тайпалық одағы - Түрік Елі Алтайда қалыптасты.
Ежелгі түріктердің бүкіл Азияға əсері негізінде «Түркістан», яғни «Түрік
əлемі» деген ұғым қалыптасты. «Түркістан» атауы алғаш рет «Түрік Елі»
деген мағынада VI ғ. парсы деректерінде кездеседі. (3-слайд)
1968 ж.
Моңғолияда табылған балбал таста қасқырдың бауырында тұрған жаралы
сəбидің бейнесі берілген.Аңызға сəйкес, жаулары ойрандап кеткен тайпадан
қалған сəбиді қасқыр құтқарып қалған. Кейін Шығыс Тянь-Шяньде сол бала
мен қасқырдан он бала таралып, олар Алтай тауларын мекен еткен. Аңыз
бойынша олар түріктердің арғы тегі болып есептеледі. (4-слайд)
Алғашқы
түркі мемлекеті - Түрік қағанаты (551-603) 551 ж. алтай түркілерінің көсемі


Бумын, қаған дəрежесін алған кезде тарих сахнасына шықты. Түрік қағанаты
шығыста Корей түбегінен, батыста Қырым түбегіне дейін, солтүстікте
Енисей бастауынан оңтүстікте Амудария өзеніне дейінгі аумақты алып
жатты. Бумынды Қара қаған ауыстырды (552-553). Одан кейін Мұқан қаған
(553-572), Таспар қағандар (572-581) билік жүргізді.
(5-слайд)
Түрік қағанаты Орталық Азияда Мұқан қаған тұсында
үстемдік құрды. Ол Иран мен Византия сияқты аса ірі мемлекеттермен тең
дəрежедегі байланыстар орнатты. Қытай да Түрік қағанатына алым-салық
төлеп тұрды. Мұқан қаған Маньчжуриядағы қидандарды, Енисей
қырғыздарын жеңіп, солтүстік Қытайды да бағындырды. 561-563 ж.ж. Мұқан
қаған Иранмен эфталиттерге қарсы əскери-саяси одақ құрды. Нəтижесінде
эфталиттер талқандалып, Түрік қағанаты Орта Азияға үстемдік етті. Түрік
қағанаты енді Византиямен Иранға қарсы одақ жасап, оларға парсылар алым-
салық төлеп тұруға міндетті болды. Түріктер Керчь бұғазына дейін жетіп,
Қырым түбегін де басып алды. Орта ғасырларда ұлан-ғайыр аймақтар мен
халықтарға үстемдік еткен төрт «əлем патшалығы» туралы тұжырымдама
қалыптасты. Оларға: оңтүстіктегі «пілдер патшалығы»-Үндістан, батыстағы
«асыл тастар патшалығы»-Византия, солтүстіктегі «арғымақтар патшалығы»-
Түрік қағанаты, шығыстағы «адамдар патшылығы»-Қытай елі жатады.
Көшпенділер құрған мемлекет империялық дəрежеге жетті. Бұл тұрғыдан
алғанда Түрік қағанаты ғұндардың дəстүрін
жалғастыра отырып, Еуразия
кеңістігіндегі күшті империяға айналды. Түрік қағанатының ақсүйектері
Ашина руы болды. Түркі тайпаларының табынатын құдайы Көк-Тəңірі. Олар
Жер мен Су киесіне, отбасының жебеушісі - Ұмай-Анаға табынды.
(6-слайд)
Түрік қағанатының ыдырауына Суй (581-618) əулеті тұсында
Қытайдың күшеюі, түрік қоғамындағы билеуші Ашина руының ішінде
билікке таласуы жəне 581-583 ж.ж. қағанаттың əлеуметтік-экономикалық
жағдайын тұралатып кеткен зор жұт себеп болды. Сонымен, 603 ж. Түрік
қағанаты Батыс жəне Шығыс дербес екі мемлекетке бөлінді. Шығыс Түрік
қағанаты Қытайға бағынышты болып, ұзақ саяси дағдарысты бастан кешірді.
Оның қайта өрлеуі Құтлық-Елтіріс қағанның тұсында басталып, оның ағасы
Қапаған қағанның жəне игілікті істері «мəңгілік тасқа» түсірілген Білге қаған
мен Күлтегін билігі тұсында болды.
(7-слайд)
Батыс Түрік қағанатының (603-704) негізін «Он оқ будун» (Он
Оқ елі) құрады. Олар Қаратаудан Жоңғар тауларына дейінгі байырғы
үйсіндер жерін, Шығыс Түркістан мен Орта Азияның отырықшы-егіншілік
жазираларын алып жатты. Қағанаттың иелігі Амудария мен Гиндукуштың
бастауларына дейін, Исфиджаб пен Шаштан Оңтүстік Ауғанстан мен
Солтүстік батыс Пəкістанға дейін жетті. Батыс Түрік қағанаты қалалық жəне
егінші-отырықшылық мəдениеті дамыған, Ұлы Жібек жолының басты
тармақтарын бақылауында ұстаған, сол себепті саудасы өркендеген мемлекет
болды. VI-VII ғ.ғ. Талас, Іле, Шу өзендерінің алқаптарында ондаған қалалар
мен күшейтілген бекіністер пайда болды. Бұл ірі қалалар көлемі бойынша
орта ғасырлық Орта Азияның цитадель, шахристан, рабадтардан тұратын
қалаларынан кем түспеді. Батыс Түрік қағанатында қаған - жоғарғы билеуші,
əмірші, əскери қолбасшы қызметтерін атқарды. Қағанаттың астанасы Шу
алқабындағы Суяб қаласы, ал жазғы ордасы Мыңбұлақта (Түркістан
маңында) болды. 630-634 ж.ж. қағанатта дағдарыс басталып, Сырдариядан
батысқа қарай Орта Азиядағы саяси ықпалынан айырылып қалды. Оның
басты себебі, сыртқы жаулардың қысымы жəне тайпалық одақтар
арасындағы билік үшін күрес еді.
(8-слайд)
Араб жаулап алулары басталған кезде Қазақстан мен Орта
Азияның басым бөлігі Батыс Түрік қағанатының билігінде болды. Арабтарға
қарсы күресте Жетісуда Үш-елік-қаған (699-706) тұсында билікке келген
түргештер шешуші рөл атқарды. (9-слайд)
Түргеш қағанаты Сұлық-қағанның
(715-738) кезінде күшейді, ордасы Таласқа (Тараз) көшірілді. 746 ж. Алтай
мен Тарбағатайдан Жетісуға қарлұқтар қоныс аударды. Түргештер
арабтармен араздық күресте əлсіреп, соның салдарынан қарлұқтарға
лайықты қарсылық көрсете алмады. 751 ж. Тараз маңындағы Атлах
қаласының жанында арабтар мен қытайлар арасында бес күнге созылған
үлкен шайқастың шешуші сəтінде қарлұқтар арабтарды қолдап, Қытай əскері


жеңілді. Атлах шайқасының Жетісу мен Мавераннахр халықтарының
тағдырында тарихи маңызы зор болды. Таң əскерлері Жетісуды ғана емес,
Шығыс Түркістанды да тастап кетті. Арабтар да Талас алқабында
тұрақтамай, Шашқа шегінді. Бірақ ішкі қақтығыстар ақыры Түргеш
мемлекетін күйретті.
(10-слайд)
Бұлақтар деген атпен белгілі қарлұқтар туралы алғашқы
мəліметтер 5 ғ. жатады. 7 ғ. ортасында Алтай мен Балқаш көлінің шығыс
жағалауындағы көшпелі бұлақ, чигіл (себек) жəне таслық тайпаларының
одағы «Үш қарлұқ» деп аталған. Қарлұқ тайпаларының көсемдері Елтебер
атағына ие болды. Жетісу жерінде қарлұқ тайпаларының саяси бірлестігі
құрылды. IX-X ғғ. қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстанның көшпелі жəне жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалары кірді.
VIII-X ғғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның кең байтақ жерінде-Жоңғар
Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейін қоныстанған. 893 ж. саманид
Исмаил ибн Ахмед Таразды басып алып, халық ислам дінін қабылдады. Араб
жаулап алуы халифатқа бағынатын аумақтардың əлеуметтік-экономикалық,
саяси жəне мəдени өмірінде, ондағы этникалық жəне тілдік процестерде із
қалдырды.
(11-слайд)
Қарлұқ қоғамында əлеуметтік жəне таптық теңсіздік болды.
Байлармен қатар кедейлер, құлдар болды. Көшпелі тайпалардың билеуші 
дворяндары жайылымдарға, жерлерге ғана емес, қалаларға да иелік етті.
Қарлұқ елінде 25 қала мен елді мекен болған, олар: Тараз, Құлан, Меркі,
Атлалиғ, Тұзун, Балиг, Барсхан, Талғар жəне т.б. Көптеген қалалары Ұлы
Жібек жолының бойында болды, бұл Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың
тұрғындары үшін дипломатиялық жəне сауда жолы ғана емес, мəдени жəне
рухани байланыстар жолы ретінде де маңызды еді. Алайда, қағанатта күшті
экономикалық байланыстар болмаған соң, билік үшін, жайылым үшін
күрестен əлсіреп, Қарлұқ мемлекеті 940 ж. құлады.
2. (12-слайд)
Оғыздар мемлекеті туралы алғашқы мəліметтер IX-Х ғ.ғ.
араб тіліндегі еңбектерде кездеседі. 
Қазақ жеріндегі Ырғыз, Орал, Ембі,
Ойыл өзендерінің бойы мен Арал
маңының аумағын, Сырдария алқабы мен
Қаратаудың етегін оғыз
дар
алып жатты. IX ғ. аяғында Оғыз мемлекеті -
Мафазат əл-гуз (Оғыз даласы) қалыптасты.
Мемлекеттің астанасы Янгикент
болды. Мемлекеттің құрамына түркі жəне иран тілдес əр текті тайпалар кірді,
билеушісін жабғу
деп атады. М.Қашқаридың мəліметтері бойынша
оғыздардың
құрамына 24 ірі тайпа кірген. XI ғ. басында ішкі өзара
тартыстардан, тəуелді тайпалардың
бас көтерулерінен, селжүк жəне қыпшақ
тайпаларының
қысымынан Оғыз мемлекеті саяси дағдарысқа
ұшырады. XI ғ.
ортасында Оғыз мемлекеті өмір сүруін
тоқтатып, батыс бөлігі Шығыс Еуропа
мен Кіші Азияға, оңтүстік бөлігі Қарахан мемлекеті мен Хорасанға ығысуға
мəжбүр болды. Сырдария алқабы, Арал маңы жəне Солтүстік Каспий
өңіріндегі оғыз тайпалары қазақтардың этникалық тарихында елеулі із
қалдырды.
(13-слайд)
Қазақ жерінің Солтүстік, ІІІығыс жəне Орталық
аймақтарында түркі тайпалары қимақтар мекендеді. Қимақ мемлекеті IX ғ.
құрылып, құрамына көптеген түркі тайпалары кірді. Мемлекеттің билеушісін
алғашқыда жабғу, ал IX ғ. соңынан бастап қаған деп атаған. Астанасы Ертіс
бойындағы Қимақияда (Имекия) орналасты. Қимақтар Саманидтік Иран,
Оғыз, Қарлұқ мемлекеттерімен саяси-экономикалық байланыстар орнатты.
XI ғ. басында Қимақ қағанатының күйреуіне екі себеп себеп болды: өзін-өзі
билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан тепкіш тенденциялары,
қағанаттағы ұлтаралық талас-тартыстың күшеюі.
(14-слайд)
X ғ. 40-ж.ж. Қарлұқ қағанаты құлап, Қарахан мемлекеті (942-
1210) құрылды. Қарахан əулетінің негізін салған Сатұқ Бограхан 942 ж. қаған
деп жарияланды. Қарахан мемлекеті алғашқыда Жетісу жерін алып жатты.
Астанасы - Баласағұн қаласында орналасты. Қарахан мемлекетінің иелігі
Амудария мен Сыр бойынан Қашғарға дейінгі аралықты қамтыды. Қарахан
əулетінің ислам дінін қабылдауы мемлекет тарихындағы ең маңызды
оқиғалардың бірі болды. 955 ж. Сатұқ Бограхан ислам дінін қабылдайтынын
жариялап, 960 ж. Қарахан мемлекетінің Жетісу аймағында 200 мың отбасы
исламды қабылдаған. Осыған байланысты Қарахан мемлекеті кезінде


мұсылмандық мəдениет қанат жая бастады. Дінмен бірге араб жазуы, ғылым,
мұсылмандық білім беру жүйесі, сəулет өнеріндегі мұсылмандық стиль кең
тарады.
(15-слайд)
XI ғ. басында Жетісуда Қарақытай (қидан) мемлекеті (1128-
1213) орнады. 916 ж. қидан билеушісі бүкіл солтүстік Қытайды жаулап алып,
Ляо (темір) империясын құрған еді. Кейіннен Амур бойынан көшпенділердің
аса күшті тайпалары келіп, қидандарды батысқа қарай ығыстырып, Қазақстан
мен Орта Азия жерінде Қарақытай (Қидан) мемлекеті пайда болды.
Қарақытай мемлекетінің билеушісін гурхан деп атаған. Олардың ордасы
Баласағұнда орналасты. Ляо əулетінің ханзадасы Елюй Дашы Жетісумен
бірге Оңтүстік Қазақстанды, Мауераннахрды өзіне қаратып алды. XII ғ.
аяғында Қидан мемлекеті Орталық Азиядағы ең қуатты мемлекеттердің бірі
болды. Бұл аумақтағы түбегейлі өзгерістер XIII ғ. басында болды. Шығыс
Қазақстан мен Моңғолиядан, моңғолдардан ығысқан Күшлік хан бастаған
наймандар қарақытайларға ойсырата соққы беріп, Жетісуды тартып алды.
(16-слайд)
XI ғ. басында Ертістен Еділге дейінгі аймақта қимақтардың
орнына, қыпшақтар үстемдік орнатып, тарих сахнасына Қыпшақ хандығы
шықты. XI ғ. бірінші жартысынан мемлекет Дешті Қыпшақ (Қыпшақтар
даласы) деп атала бастады. XI—XII ғ.ғ. қыпшақтар Орталық Азия мен
ІІІығыс Еуропадағы барлық түркі тілді тайпалардың ішіндегі саны жағынан
ең көбі болды. Тарихи деректерде оларды «тоқсан екі баулы қыпшақ» деп те
атайды. Қыпшақ мемлекетінің билеушілеріне хан деген атақ берілген. Хандар
қыпшақ тайпаларының ішіндегі бөрілі деген рудан сайланып отырған.
Хандықтың ордасы Сығанақ қаласы. XII ғ. Қыпшақ хандығы бүкіл Еуразия
кеңістігінде үстемдік етті. Сол себепті, қыпшақ тайпалары алтай-сібірлік
қыпшақтар, далалық қыпшақтар, Орал аймағы қышақтары, Дон қыпшақтары,
днепрлік қыпшақтар болып бөлінген. Оларды орыстар-половецтер, Еуропа-
куман, Шығыста-қыпшақ деп атаған. Қыпшақтар Еуразия халықтарымен
бірге Үндістан, Мысыр, Қытай, Византия, Грузия, Болгария, Хорезм сияқты
ірі мемлекеттердің саяси жəне мəдени-шаруашылық дамуында маңызды рөл
атқарды. Бұл кезеңде қыпшақ тілі Еуразия кеңістігіндегі халықаралық қарым-
қатынас тіліне айналды. Сауда келісімдері, дипломатиялық байланыстар
қыпшақ тілінде жүргізілді. (Қазіргі қазақ тілі қыпшақ тілінің негізінде
қалыптасты). Қыпшақтар - қазақ, ноғай, қырым-сібір-еділ татарлары,
башқұрт, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, қарашай, балқар, құмық, түрікмен
сияқты түркі тілдес халықтарының этнотегінің қалыптасуына елеулі ықпал
етті. Сонымен бірге, олар - түрік, венгр, грузин, болгар, орыс, украин,
моңғол, қытай, үнді жəне араб халықтарының құрамына да кірді. (17-слайд)
Қыпшақ əулеттері Орта Азиядағы мемлекеттердің билік басында тұрды.
Хорезмдегі қыпшақ əулетінің негізін салушы Құтб-ад-Дин Мұхамед болды.
Ал, Мысыр тарихында қыпшақ Бейбарыс сұлтанның терең із қалдырғаны
баршаға аян.
(18-слайд)
Қазақстан жерінде ертеден келе жатқан тайпалар - найман,
керейіт, жалайыр ру-тайпалары. Найман тайпалар одағы (түрікше «сегіз
тайпа одағы» деген мағына) VIII ғ. орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон
аралығында пайда болып, Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып
жатты. Наймандар мен керейлерге ертедегі феодалдық қатынастардың
орнығуы ұлыстардың құрылуымен қатар жүрді. «Ұлыс» деген сөз ол кезде
«халық» деген ұғымды білдірді. Оны белгілі бір рудың өкілі, хан басқарды.
Хан əскері ондық, жүздік, мыңдық түмендерге бөлінді. Наймандар мен
керейлер ХІІ ғ. іс жүргізуге ұйғыр жазуын пайдаланған. Ханның «алтын
мөрі» болып, онымен қажетті құжаттарды куəлəндіріп отырған.
Шыңғысханның жаулап алу жорықтарына дейін наймандар Орталық Азия
жеріндегі өте күшті ұлыстардың бірі болған. Шыңғысханның əкесі Есугейдің
тұсында найман елін Иналық Білгі Бұқа хан билеген. Білгі Бұқа хан өлгеннен
кейін, оның балалары: Таян хан мен Бұйрық хан арасында таққа талас
басталып, найман ұлысын екіге бөлінген. (19-слайд)
1208 ж. Шыңғысхан
Алтайдағы Таян ханның баласы Күшлік хан бастаған наймандарға қатты
соққы берді. Осы кезде Жетісу жеріндегі Қарақытайдың əскеріне Хорезм
шахы Мұхаммед шабуыл жасап, ал қалғандарын 1213 ж. Күшлік хан
басқарған наймандар жаулап алды. Наймандардың шабуылынан қорыққан


Қарақытайлар оларға Сырдария өзеніне дейінгі жерлерді-Сайрам, Ташкент
жəне Ферғананың солтүстік бөлігін бөліп берді. 1218 ж. моңғолдар Жетісу
жеріндегі наймандарды жеңді. Күшілікті олар Бадахшанда өлтірді.
(20-слайд)
Керейіттер туралы жазба деректердегі мəліметтер Х ғ. бас
кезіне жатады. Керейіттер конфедерациясының этникалық құрамы бір текті
болмаған. Ол түрік тілді жəне моңғол тілді жұрттан құралады. 1007 ж.
керейіттер наймандар мен бірге христиан дінінің несторияндық тармағын
қабылдайды. 1171 ж. Тоғырыл ханның тұсында керейіттер ұлысы
солтүстікте-Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте-Хуанхеге дейінгі,
батыста-Хангай тауынан, шығыста-Халкин Голге дейінгі жерлерді жайлаған.
Керейіттер қаңлы, ұйғыр, меркіт, монғол, қарақытай, таңғұттармен тығыз
саяси жəне этникалық-мəдени байланыс жасап тұрған. Тоғырыл хан
Шыңғысханның əкесі Есугеймен дос болғандықтан Темучин Монғолиядағы
күшті ел болған Керей ханына арқа сүйеген, тіпті Оң ханның əскерлері мен
халқына да Шыңғысхан бұйрық бере бастаған. Бұл жағдай Тоғырыл ханның
балалары мен туыстарына ұнамай, екеуінің арасында соғыс болды.
Ақырында 1202 ж. Шыңғысхан Оң ханның елін шауып, өзін өлтіріп, жерін
жаулап алды. Керейлердің бір бөлігі батыс жаққа, қазіргі Шығыс Қазақстан
жеріне қоныс аударды.
(21-слайд)
Жалайырлар туралы алғашқы тарихи деректер Х ғ. бастап
кездеседі. Жалайыр жайында негізгі еңбек-Қадырғали Жалайыридың 1602 ж.
жазған «Жылнамалар жинағы». Өзі жалайыр болғандықтан, кітабын Оғыз
ханнан бастап Шыңғысхан дəуіріне дейін жеткізген. Жалайырлардың шығу
тегі монғолдар ма əлде түріктер ме, бұл мəселе əлі толық зерттелмеген.
Бірқатар ғалымдар парсы тарихшысы Рашид-ад-диннің «Жамих-ат-тауарих»
еңбегіне сүйеніп жалайырларды түріктенген ұйғырлардан шықты деп
болжайды. ХІІ ғ. жалайырлар Монғолиядағы белді ұлыстардың бірі болған.
Жалайыр халқының басқа ұлыстармен салыстырғанда саны біршама көп,
жайлаған жері де едəуір үлкен аймақты алып жатқан. Олардың бір шеті Онон
бойында болса, екінші бір қанаты Монғолияның орталық аймағы
Қарақорымға дейін жеткен. Бұл кездегі жалайыр ұлысы он ірі тайпаға
бөлінген. ХІІІ ғ. басында Шыңғысхан моңғол тайпаларын біріктірген кезде,
жалайырлар оған бағынып, Шыңғысханның басты əскери күштерінің біріне
айналады. Жалайырдан шыққан көптеген қолбасы, түмен басы, мың басылар
өздерінің ерліктерімен көзге түскен. Бұлардың ішіндегі ең атақтысы жат
руынан шыққан Мұқалы батыр. 1216 ж. Мұқалы қытай ақсүйегі Жаң Жиннің
моңғолдарға қарсы көтерілісін басқан, ал 1218 ж. қидандарды жаулап алу
жорығына қатысқан. Жалайыр жасақтары 1219-1221 жж. Шыңғысханнның
Орта Азияға, Қазақстанға жəне Иранға жасаған жорықтарына қатысқан. Олар
Орта Азияда, Индияда, Иран жерінде үлкен рөл атқарып, тарихта өздерінің
аттарын қалдырған. Олар Шыңғысхан сарайында бек атанып, Шағатай
ұлысына, Моғолстанға, Мəуеренахрға билік жүргізуге араласқан.
(22-слайд)
Қорыта айтқанда, моңғолдар талқандағаннан кейін
наймандар мен керейіттер, жалайырлар Қазақстан жерінде қалыптасып
жатқан көптеген түрік халықтарының құрамына, соның ішінде қазақ
халқының құрамына кірді. Наймандар моңғолдар дəуірінде қазақ даласына
қоныс аударып, Сырдарияға дейін жетіп, қазақ халқының қалыптасуына өз
үлесін қосты. Керейіттерді алатын болсақ, олардың бір бөлігі батысқа, Еділ
бойына дейін жетіп, онда өзінің керейіт деген этнонимін сақтап қалды.
Керейіттердің бір тобы Солтүстік Қазақстанда қалды да, бұрынғы
этнонимдегі – іт жалғауын жоғалтып, керей (қара керей, абақ керей) деген
атпен Орта жүз қазақтарына қосылды. Наймандардың, керейіттердің,
жалайырлардың шаруашылығын-көшпелі өмір салты үстем, тауар-ақша
айналымы жете дамыған, натуралдық шаруашылық түрі басым көшпелі мал
шарушылығы деп сипаттауға болады.
3. (23-слайд)
Қазақстан аумағындағы орта ғасырлық мемлекеттердің
шаруашылығы отырықшы егіншілікпен тығыз байланысқан көшпелі,
жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Сырдария, Талас, Шу, Іле
өзендерінің алқаптарындағы Испиджаб, Отырар, Тараз, Сығанақ, Янгикент,
Суяб, Қойлық, Мерке, Құлан сияқты қалалар мəдениет, сауда жəне əкімшілік
орталықтары болды. Бұл қалалар отырықшы-егінші алқаптары мен көшпелі


далалық аймақтар арасындағы, Ұлы Жібек жолы бойымен Шығыс пен Батыс
елдерін жалғастыратын көпір рөлін атқарды. Қалаларда қолөнершілер
саудагерлер, егіншілер тұрды, базарлар, ғибадат ету орындары, моншалар
сияқты қоғамдық ғимараттар салынып, теңге басылып шығарылды.
(24-слайд)
Ұлы Жібек жолы б.з.д. II ғ.-б.з. XVI ғ. дейін Шығыс пен
Батыс өркениеттерін байланыстыратын күре тамыр ретінде қызмет етті.
Қытайдан басталып, Орталық жəне Алдыңғы Азияға, одан əрі Еуропаға,
деректер тілімен айтқанда, «түріктерден гректерге» жалғасып жатты. Жол
Қытайдың орталық аудандарынан басталып, Шаш, Исфиджаб, Тараз, Құлан,
Мерке, Аспара Қордай, Кастек, Алматы, Талхиз, Қоялықтан Есік өзені
жағалауымен, одан əрі Шелек, Кеген, Іле, Көксу, Қаратал, Лепсі, Арыс
алқаптарынан Сырдария бойындағы Сауран, Сығанақ, Жент, Янгикент, Созақ
қалалары арқылы Жезді, Нұраға өтті. Бұл жолдың маңызы португалдық
саяхатшы Васко да Гама Европадан Азияға өтетін (1497-1499 жж. Индия),
теңіз жолын ашқаннан кейін төмендей бастады.
(25-слайд)
Ерте орта ғасырда түркілердің өзіндік сына жазуы
қалыптасты. Ол орхон-енисей сына жазуы деп аталады. 582 ж. Орталық
Азиядағы Боин-Цаган өзенінің Бұғылы шатқалына жерленген Түркі қағаны
Таспар мен алдында билік құрған қағандардың құрметіне, жазбалары бар,
тастан ескерткіш тұрғызылған. Жазбалар соғды тілінде, сондай-ақ санскрит
тілінде берілген. Ал, 732 ж. алғашқы түркі шежірешісі, Йоллығ тегін түркі
тілінде Білге қаған мен Күлтегіннің құрметіне арнап «мəңгілік тасқа» түркі
жазуымен жазбаларын қалдырған. Бұл жазба ескерткіштерін 1720-1727 жж.
Сібірді зерттеуші Д. Г. Мессершмидт Енисей алқабынан тапқан. Онымен
бірге жүрген тұтқындағы швед офицері И. Страленберг түркі жазуының
скандинавтардың руникалық жазуымен ұқсастығын көріп, олар бұл жазуды
руникалық (сына) деп атайды. Галым Н.М. Ядринцев 1889 жылы Солтүстік
Моңғолияның Орхон өзені алқабынан осындай жазуы бар тастарды
тапқаннан кейін, түркі жазуы «орхон-енисейлік сына жазулар» деп аталды.
Ежелгі түркі жазуындағы мəтіндердің сырын алғаш ашқан дат ғалымы
В.Томсен болды. Ал, түркітанушы ғалым И.Радлов бул жазуларды бірінші
рет байланыстырып оқыды. Білге қаған мен Күлтегіннің құрметіне арналған
жазулар, Талас Ферғана алқаптарындағы, Дон бойындағы, Солтүстік
Кавказдағы молаларға қойылған тастағы жазулар ежелгі түркі жазба
ескерткіштері болып табылады Тараз маңынан табылған керамикадағы,
Шығыс Қазақстаннан табылған қола айналардағы, Талғардың қыш
бұйымдарындағы жəне Еуразияның кең-байтақ далаларынан табылған
тұрмыстық заттар мен теңгелердегі жазбаларды ғалымдар ежелгі түркі жазуы
екенін дəлелдеді.
(26-слайд)
Түрік дəуіріндегі ойшылдар туралы айтқан кезде, алдымен
Қорқыт Ата туралы айтамыз. Халық аңызындағы Қорқыт - данышпан,
сəуегей, ата-бабалар өсиетін, рулық дəстүрдің қорғаушысы. Аңыз бойынша,
Қорқыт қобызды ойлап тапқан. Оның сазымен бақсылар шамандық
ғұрыптарды сүйемелдеп жүзеге асырған. Қорқыт Атаның ойлары бүгінгі
күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Оның дүниетанымында өмір ағысының
мəңгілік тоқтаусыз құбылыс екені дəлелденеді.
(27-слайд)
Орта ғасырлық мəдениеттің аса көрнекті өкілі философ əрі
ғалым-энциклопедист, Отырардан (Фарабтан) шыққан əбу Насыр əл-Фараби
(870-950) болды. Ол философия, математика, геодезия, сəулет өнері, музыка
теориясы, этика, медицина сияқты ғылым салалары бойынша іргелі
зерттеулерімен танылды. Ол «Муғаллим ассана» - «Екінші ұстаз» деген
атаққа ие болған. Əл-Фараби логика ғылымына да өзіндік үлесін қосты. Ол
туған қаласы Отырарда, Шығыстың мəдениеті мен ғылымы дамыған-
Бұхарада, Мервте, Александрияда, Каирда, Шамда, Бағдатта білім алды.
Шамда (Дамаск) қайтыс болды. Əл-Фараби - əлемдік деңгейдегі ғалым əрі
ойшыл. Ол шығармашылық қызметінде араб, парсы, грек, үнді, түркі
мəдениеті мен ғылымының жетістіктерін ұштастыра отырып дамытты. Оның
«Музыканың үлкен кітабы», «Ғылымның жіктелуі туралы сөз», «Даналық
геммалары», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат»
жəне т.б. еңбектері бізге жеткен.
(28-слайд)
Орта ғасырларда түркі тілі мен əдебиетінің аса құнды


ескерткіштерін мұраға қалдырған Жүсіп Баласағұн. Жүсіп 1015 ж. (немесе
1016) Баласағұн қаласында туған. Қарахан мемлекетінде лауазымды қызмет
атқарған. Оның қаламынан 1069-1070 жж. түркілердің ана тілінде жазылған
«Құтты білік» дастаны туған. «Құтты білік» терең философиялық мəндегі
этикалық-моральдық трактат. Онда əділетті қоғамның нормалары, басқарушы
мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесі, əр-түрлі
топтағы адамдардың мінез-құлық ережелері баяндалған.
(29-слайд)
Түркі халықтарының тілі, фольклоры, этнографиясы туралы
шығар-малардың авторы - Махмуд Қашқари (1029-1101). Оның шыққан тегі
Қарахан ақсүйектерінің əулеті. М.Қашқари Қашғар, Бұхар, Нишапур
қалаларында оқып білім алған. Оның «Диуани лұғат ат-түрік» (Түрік тілінің
сөздігі) атты 1072-1074 ж.ж. жазылған еңбегінде түркі тілдес тайпалардың
лингвистикалық, 
тарихи-мəдени, 
этнографиялық, 
географиялық
материалдары жинақталып, жан-жақты талдау жасалған. Онда түркі
фольклорының негізгі жанрлары - əндер, эпостар, аңыз-əңгімелер, көптеген
мақал-мəтелдер мен нақыл сөздер енгізілген.
(30-слайд)
Орта ғасырлық мəдениет пен ғылымның тағы бір аса
көрнекті өкілі Қожа Ахмет Иасауи. Ол исламдағы сопылық бағыттың негізін
салушы, ойшыл əрі ақын. А.Иасауидің ең басты еңбегі «Диуани хикмет»
(Ақыл кітабы) деп аталады. А.Иасауи түрлі мəліметтер бойынша 75 жыл, 85
жыл, 125 жыл, 133 жыл өмір сүрген. Оның тек қайтыс болған жылы ғана
нақты белгілі -1166 жыл. Ол XI ғасырда Орта Азиядағы ислам ғылымы мен
мəдениетінің орталығына айналған Испиджаб (Сайрам) қаласында туған.
Түркі халқының сопысы ретінде оның атақ даңқы Түркістан аймағында ғана
емес, Мауераннахр, Хорасан, Еділ бойы, əзірбайжан, Анадолы аймағының
түркі-мұсылмандарына кең тарады. Ол түркілік мұсылмандар бауырластығы
- иасауишылдықтың негізін салды. А.Иасауи сопылық тəжірибені терең
меңгеріп, ислам ғылымын, араб жəне парсы əдебиеттерін де жетік білді.
А.Иасауидің «Диуани хикметі» түркі тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған.
Ол ислам дінінің идеологиясын түркі халықтарының Тəңірі-шамандық
дүниетанымымен үйлестіріп, көпшілік санасына жеткізе алды. (31-слайд)
XIV-XV ғ.ғ. тоғысында əмір Темірдің жарлығы бойынша А.Иасауидің
құрметіне 
Түркістанда 
«Əзірет 
султан» 
кесенесі 
салынды. 
Ол
мұсылмандардың тəуіп ететін орнына айналып, «екінші Мекке» деп аталып
кетті. Сондай-ақ, бул кесене орта ғасырлық сəулет өнерінің үздік үлгілерінің
бірі болып табылады. (32-слайд)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет