дəріс. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы – академ сағ



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата07.02.2023
өлшемі3,67 Mb.
#65730
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


1-дəріс. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы – 2 академ.сағ.
Жоспары:
1. 
Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі.
2. 
Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының
алғышарттары.
3. 
Атқа міну мəдениетінің генезисі
4. 
Ерте темір тайпаларының этносаяси жəне əлеуметтік тарихы.
5. 
Мемлекеттіліктің қалыптасуының бастапқы кезеңі, Ұлы Жібек жолы
аумағындағы көшпелі жəне отырықшы мəдениеттің өзара қатынастары
1. (2-слайд) Адамның пайда болуының проблемалары қазіргі ғылым
үшін өте өткір де өзекті. Бүгінде адамның пайда болуы, тегі, шыққан ортасы
мен жері туралы бірін-бірі толықтыратын, не жоққа шығаратын бірқатар
теориялар мен болжамдар бар. Адамды құдай жаратты деген теологиялык,
түсініктер мен Ч.Дарвиннің эволюциялық идеялары да бірге өмір сүріп
келеді. Адамның шығуы мен уақыты туралы қалыптасқан гипотезаларды
екіге бөлуге болады: алғашқысы Африкадағы шағын homo sapiens, олардың
басқа континенттерге орналасуы не шашырауы, ал екіншісі адам
ғаламшардың əр нүктелеріндегі тараған гоминид популяциясының
ұрпақтары. Жаңа мəліметтер бойынша адамның шығу уақыты 140—150 мың
жыл бұрын деп саналады.
(3-слайд) Тарихи дəуірлеудің алғашқы нұсқасын жасаған американ
этнологі Льюис Генри Морган адамзат баласы тарихын жабайылық, тағылық
(варварлық ) жəне өркениеттік (цивилизация) деп үш кезеңге бөлді. Аталған
əрбір кезеңде адамзат баласы өзінің дамуы барысында белгілі бір
жетістіктерге жетіп отырды. Жабайылық кезеңінде адамзат калыптасу
үдерісінен өтіп, өзара қатынас құрды-сөйлеу тілі пайда болды, отты
бағындырды, балық аулауды игерді, садақ пен жебені пайдаланды. Тағылық
кезеңде адамзат баласы құмыра жасауды, егін салу мен мал бағуды үйренді,
темірді өзіне бағындырды, ал өркениет кезеңі тарихта жазу-сызу шыққаннан
басталады.
(4-слайд) Жабайы адам батыл тіршілік иесі болған. Оған жүнді
мамонтпен де, құдіретті үңгір аюымен де күресуге тура келді. Өртеніп
жатқан бұтақты кім бірінші болып ұстап, жат олжаны үйге əкелгенін
білмейміз. Қалай болғанда да, жабайы аңдарды қолға үйреткендей, отты да
қолға үйреткен батыл, өнертапқыш адамдар болған.
Археологияда қабылданған кезеңдерге бөлуге сəйкес адамзат тарихы
тас, қола жəне темір дəуірлеріне бөлінеді. Аталған дəуірлердің əрқайсысы өз
кезегінде хронологиялық ірі кезеңдерге бөлінеді.
(5-слайд) Тас ғасыры үш кезеңнен: палеолит, мезолит, неолит
кезеңдерінен тұрады. Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мəдениетке):
олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл — 700 мың жыл), ашель (б.з.б. 700 мың — 150—
120 мың жыл) жəне мустье (б.з.б. 150—120 мың — 35—30 мың жыл)
кезеңдеріне бөлінеді. Шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой балғалар,
піспектер, пышақтар, тескіштер жəне т. б. Кеңірдек елді мекені жанынан,
Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің ең
жоғары жайылмасынан, ашельдік Бөріқазған жəне Тəңірқазғаннан табылған.
(6-слайд) Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты
пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника «соққылау техникасы»
немесе «малтатас мəдениеті» деп аталады. (7-слайд) Соңғы палеолит б. з.б.
40-35 мыңжылдан басталып, 10-мыңжылмен аяқталады. Бұл Жер шарының
барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстанған жəне
нəсілдер мен нəсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Ақыл-ойлы адамның
шығуы мен соңғы палеолит дəуіріндегі адамзат қоғамының материалдық
жəне рухани мəдениетінің одан əрі дамуы арасында тікелей байланыс бар.
Бұл құбылыс қоғамдық қатынастардың дамуымен, рулық қауымның
қалыптасу үрдісімен тікелей байланысты. Рулық ұйым барлық жерлерде


шеше жағынан топтасты.
Ежелгі 
тас 
ғасыры 
дəуірі-адам 
мен 
оның 
шаруашылығы
қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін
дəндерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарларды аулаған. Палеолит
дəуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті.
Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр-қорғану жəне шабуыл жасау, аң аулау
жəне жиын-терін үшін бірлесу болды. Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің
ашель дəуіріне сəйкес келеді. Ашель уақытында жаңа əлеуметтік организм -
алғашқы қауымның алғышарттары біліне бастайды. Ал мустье дəуірінде
жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның
бастапқы нысандары шығады. Бұл сапалық секіріс неандерталдың осы
заманғыдай дене бітімі бар адамға айналуымен тұстас келеді.
(8-слайд) Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз
зерттелген. Палеолиттен мезолитке (грекше «мезос»-орта деген сөз) көшу
климаттағы өзгерістермен ерекшеленді. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың
еруімен байланысты. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ
табудың бұрынғы əдістерінің (қамалап аулау жəне т. б.) орнына, тіршілікті
қамтамасыз етудің жаңа əдістері келді. Фауналық өзгерістер болған бір
аймақтарда егіншілік жəне мал шаруашылығы элементтері пайда болып,
басқаларында балық аулау жəне жинау-аңшылық кəсібі қалыптасты. Садақ
пен жебенің кенінен қолданылуын, енбек құралдарын дайындауда сына
техникасының таралуын, халықтың орын ауыстыруының артуын мезолиттің
жалпы ерекше белгілері деп санауға болады. (9-слайд) Садақ пен жебенің
ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мəнінде революция еді.
Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі
өзгерістерге жеткізді. 10 мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын
жəне ең жаңа қару болды.
(10-слайд) Неолит дəуірінің басы шамамен б. з. б. VII мыңжылдықтың
екінші жартысы мен VI мыңжылдықтың басына тұстас келеді. Тас өңдеу
техникасының гүлденіп, еңбек құралдары барған сайын мамандандырылды.
Тас өндеудің тегістеу, бұрғылау, арамен кесу сияқты жаңа технологиялық
əдістері шықты. Нефриттен, яшмадан, басқа да тастардан əшекейлер-
білезіктер, алқалар жасалды. Неолит дəуірінің аса маңызды белгісі
табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына (жиын-терін мен аң аулау)
келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен
егіншілік болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының
адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызы болды. Адамның
экономикалық қызметінің одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл
тарихы осы екі шаруашылықтың даму, жетілу тарихы болып табылады. (11-
слайд) Қазақстанның ежелгі тұрғындарында кен кəсібінің бастамалары
шықты. Қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды. Əлеуметтік жағынан
алғанда неолит дəуірі рулық қауым дəуірі болды, онда ұжымдық еңбек жəне
өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды.Тайпалар немесе
тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланысына
карай жəне шаруашылығының біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше
рулық қауымдардан кұрылды. Қазіргі уақытта Казақстан аумағында 600-ден
аса неолиттік жəне энеолиттік ескерткіш мəлім. Алғашқы тайпалар
шаруашылығындағы түбірлі өзгерістер «неолиттік революция» деп аталады.
Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді, əсіресе дəнді өсімдіктерді
саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге жəне іріктеуге
көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан
зор экономикалық революция болды.
(12-слайд) Неолитте қазіргі үй малының барлық түрлері қолға
үйретілді. Ал жылқы энеолитте Еуразия далаларында қолға үйретілді-бұл
оқиғаны «неолиттік революцияның» маңызды компоненттерінің бірі деп
атауға жəне оның аяқталуы деп қарастыруға болады. Қазақстанның неолиттік
тайпалары мəдени дəстүрлерінің ерекшелігі мен өзгешелігін сақтай отырып,
көршілес аймақтар мен аудандардың тайпаларымен тығыз байланыста
дамыды.
Археологиялық кезеңдерге бөлу өлшемдеріне сəйкес, адамдар өміріне


мыс құралдар енген дəуірді энеолит деп түсіну керек. Энеолит дəуірінде
климат ылғалды болды. Ірі сүткоректілер санының белсенді түрде табиғи
өсуіне, көбеюіне жағдай туды. Бұл кезде мұнда жылқы да өсіп, көбейді. 
(13-слайд) Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың
атымен аталған Ботай мəдениеті Солтүстік Қазақстанның далалық энеолитін
сипаттайды жəне мерзімі б.з.б. III-II мыңжылдықтармен белгіленеді. Ботай
мəдениетін В.В. Зайберт ашты. Ботай қонысы шамамен 200 жылды-б.з.б.
XXIV-XXII 
ғасырларды 
қамтиды. 
Құрал-саймандар 
тұрғындардың
шаруашылық укладының күрделі болғанын көрсетеді. Жүгеннің сүйек
элементтері, кісенге арналған ілгектер жылқының қолға үйретіле бастағанын
дəлелдейді. Тас тоқпақтар, пышақтар, қанжарлар, жебелердің, сүңгілердің,
найзалардың ұштары аң аулаумен байланысты кұралдар. Шанышқылар
балық аулау кəсібін көрсетеді.
2. (14-слайд) Неолит дəуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық
өзгерістері б.з.б. II-мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен
жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді. Қола дəуірде
өндіруші экономикаға көшу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды
түбірінен өзгертті. (15-слайд) Қоныстарын жиі өзгертетін малшы тайпалар
қуатты бірлестіктер құрды, бұлардың қалыптасуына соғыс қақтығыстары
едəуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес,
сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын
болды. Қару жасау бірте-бірте металл өндеудің дербес саласына айналды.
Қола дəуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың
бірі-жаңа дəуірді белгілеген фактор-палеометалдардың өндірістік жолмен
игерілуі болды. Б.з.б. II-мыңжылдықтың ортасында Казақстан тайпалары
қола бұйымдар жасау ісін меңгерді. Б.з.б. II-мыңжылдықтың аяғында-I
мыңжылдықтың басында далалық өңірлердегі тұрғындардың көпшілігі
шаруашылықтың маманданған жаңа түріне-көшпелі мал шаруашылығына
көшеді. Климаттың жедел құрғауына байланысты Батыс жəне Орталық
Қазақстанның қоныстарында сумен жабдықтаудың жаңа əдісі-құдық қазу
шығады. Қола дəуіріндегі экономиканың басты-басты екі бағыты болып
табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш
күштердің өсуіне, қоғамдық еңбек мамандануының күшеюіне, қоғамдық
өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық
меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік тенсіздігі өсті.
(16-слайд) Қола дəуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстанның
жəне Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі жағынан жəне тарихи
тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Табылған жері
Ачинск маңындағы Андроново селосының атына қарай бұл мəдениет
«Андронов мəдениеті» деп аталды. (Б.Г.Андрианов, 1913 ж.) Андроновтық
тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүрген. Қоныс-мекендер
кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты.
(17-слайд)
Андронов мəдениетінің қалай шыққаны-пікірсайыс туғызып келе жатқан
проблема. Зерттеушілердің көпшілігі Андронов мəдениеті неолит пен
энеолит дəуірлеріндегі Қазақстанның солтүстік аймағының жəне Батыс
Сібірдің іргелес аудандарының мəдениет жағынан, əрі шыққан тегі жағынан
туыс тайпаларының табиғи дамуы негізінде құрылған деп есептейді.
Андронов қауымының тарихындағы күрделі мəселелердін бірі тұрғындардың
этникалық тегін анықтау болып табылады. Бірнеше пікірлер бар. Олардың
біреуі бойынша андроновтықтар финн-угор этникалық тобына жатады. Үнді-
иранның ежелгі жазба ескерткіштерін-Авестаны, Ригведаны, Атхарваведаны,
Шатапатханы жəне топономика мен ономастиканың басқа да деректерін,
археологиялық материалдарды талдау негізінде тарих жəне филология
ғылымдары андронов тайпаларының үнді-иран немесе арий текті екендігін
болжайды. Кейінгі жылдарда тілшілер, түркологтар, этнографтар,
тарихшылар арасында андронов тайпаларының түркі тілдес болғаны туралы
пікір ұсынады.
(18-слайд) Андронов мəдениетінің алғашқы ескерткіштерін
1914 ж. А.Я.Тугаринов ашты. Бұл мəдениеттің ескерткіштерін С.А.Теплоухов
кезеңдерге бөліп, топтастырып, кейін К.В. Сальников Андронов мəдениетін
хронологиялык үш кезеңге бөлді: федоров кезеңі - б.з.б. XVIII - XVI ғғ.,


алакөл кезеңі-б.з.б. XV-XII ғғ., замараев кезеңі-б.з.б. XII-VIII ғғ.
(19-слайд) Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы
дамуының заңды кезеңі болды. Қолға үйретілген жəне қолда өсірілген
жануарлар аңшылық сəтсіз болған күнде, қыс кезінде, тамақ қоры болуын
қамтамасыз етті. Жабайы жануарларды қолға үйрету сонау неолит дəуірінде
басталды. (20-слайд) Ежелгі замандағы мал шаруашылығы экстенсивті
шаруашылық болды. Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен қатар
неолит дəуірінен бастап теселі егіншілік дами бастады. Қола дəуіріндегі
тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен егіншілік бірін-бірі
толықтырып, өзара байланысты болды. Негізінде бидай, карабидай, тары
егілді. Егіншілік өзінің сипаты жағынан қарапайым болып қала берді жəне
мал өсірумен салыстырғанда көмекші рөл атқарды.
(21-слайд) Қола дəуірінде өндіргіш күштерінің дамуында мал
шаруашылығымен жəне егіншілікпен қатар əр түрлі рудаларды өндіру аса
маңызды рөл атқарды. Көне даладағы-мыс (Жезқазған, Зыряновск, Қаршыға,
Жалтыр, Ащылы, Ұратөбе, Күшікбай), қалайы (Атасу тауы, Қалба жəне
Нарым жоталары), алтын (Степняк, Қазаншұңқыр, Балажал, Ақжал, Дайбай,
Майқапшағай, Ақабек) кен орындары бұл аймақтың ежелгі металлургия
орталықтары. Ең жұпыны есептің өзі Жезқазған өңірінде балқытылған
мыстың көлемі шамамен 100 мың тонна болғанын көрсетеді. Успенск мыс
руднигінен 200 мың тонна руда, ал Имантау кен орнынан ежелгі заманда 48
мың тонна мыс рудасы қазылып алынған.
(22-слайд) Қола дəуіріндегі тайпалардың тұрмысы мен əл-ауқаты
түгелдей табиғатқа тəуелді болды, сондықтан адам табиғат күшін кұдірет деп
білді. Қола дəуіріндегі тайпалар отқа табынған, мұны сол дəуірде кең тараған
өлікті өртеу ғұрпы көрсетеді. Ежелгі адамдардың ұғымынша, от денені
жамандықтардан тазартады жəне өлген адамды зұлым рухтардан корғайды.
Қола дəуірінің соңғы кезеңінде көшпелі мал шаруашылығының дамуына
байланысты күнге табынумен бірге ай мен жұлдыздарға табыну пайда болды,
Қола дəуірінің тайпаларында ата-бабаларына сиыну жəне о дүниеге сену
кеңінен тарады. Сондықтан өлген адамды о дүниеде қажет болады деп
тамақпен, киіммен, енбек құралдарымен, қарумен,сəндік заттармен
мүмкіндігінше жақсылап жабдықтауға тырысты. Қола дəуірінде күнге, отқа,
айға, жұлдыздарға, сондай-ақ қорғаушы рухтарға арнап кұрбандық шалынды.
Адамның ой-өрісінің дамуы оның өзі туралы жəне табиғат туралы ұғымының
күрделенуіне, діни дүниетанымының пайда болуына əкеліп соқты.
3. Қола дəуірінде Қазақстан аумағында қоғамның дамуында түбегейлі
өзгерістер болды: неолит кезеңінің шаруашылығы мен тұрмысының ежелгі
түрлерінің орнына-егіншілік пен мал шаруашылығы, уақытша тұрақтардың
орнына- жайлы қоныстар, шақпақтас құралдарының орнына əр түрлі металл
қоспалардан жасалған бұйымдар келді. Халықтың саны өсіп, ірі-ірі мəдени
қауымдар қалыптасты. Жылқыны үйрету, оны салт мініп жүруді, кейіннен
жегіп пайдалануды ойлап табу адамзаттың ілгері басуында ерекше рөл
атқарды. Адамның уақыт пен кеңістікті бағындыруына негіз қаланды, ол
ойкуменді тез əрі тиімді игеруге мүмкіндік алды.
Ертедегі көшпелілер мəдениетінің экономикалық, əлеуметтік жəне
мəдени алғышарттары қола дəуірінде қалыптасты.
(23-слайд) Құрастырылған бет-пішіндеріндегі ұсақ айырмашылықтарға
қарамастан, қола дəуір адамдарын палеоантропологиялық дене пішіні
жағынан ғана емес, сонымен қатар мəдениет жағынан да толып жатқан ортақ
белгілер жақындастырады, мұның өзі Қазақстанның қима жəне Андронов
мəдениеттерін 
таратушылардың 
өзара 
алыс-берісін, 
тарихи 
жəне
антропологиялық түбінің бір екенін дəлелдейді. Сонымен, қола
ғасырларындағы Қазақстан халқының тұтас алғанда антропологиялық тегі
бір, оған монғолоидтық элементтердің қандай болсын қоспасынсыз
протоеуропоидтық нəсіл негіз болған. (24-слайд)
4. (2-слайд) Б.з.б. I-мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды,
Орта Азияны жəне Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта
жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот
(б.з.б. V ғ.) жəне басқа антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.
Сақ тайпалары Солтүстік Қаратеңіз өңірі мен Днепр бойын мекендеген


скифтердің жəне төменгі Еділ бойы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савро-
маттардың, Кир мен I Дарий парсыларының жəне Александр Македонский
дəуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылармен тығыз
қарым-қатынас жасаған, тіпті б.з.б. VI-V ғасырларда Ахеменидтер импе-
риясының құрамына да кірген. Ахеменидтік жазба деректемелерінде сақ-
тардың үш тобы: хаумаварга-сақтары (хаом сусынын қайнататын сақтар),
тиг- рахауда-сақтары (шошақ бөрік киетін сақтар), парадрайа-сақтары
(теңіздің арғы бетіндегі сақтар) туралы хабарланады
.
(3-слайд) Қазақстан аумағындағы бақташы тайпалар туралы ең ертедегі
деректердің бірі Авестада кездеседі. Көне Иран эпосында Қазақстан мен
Орта Азия аумағындағы шығыс ирандық, көшпелі тайпалардың бəрі
«турлар» деген атпен аталады. Кейбір зерттеушілер тур халқын ежелгі грек
деректемелері бойынша массагеттер деген атпен байланыстырады. Ежелгі
грек деректемелерінде савроматтар тайпасы туралы айтылады.
(4-слайд) Сонымен, жазбаша деректемелер б.з.б. VII-IV ғғ. Қазақстан
аумағына бірқатар тайпалар мен тайпалық топтарды орналастырады:
оңтүстікте бұлар тиграхауда-сақтары, грек деректемелеріндегі массагеттер
жəне дахтар(дайлар); батыста-савроматтар (ежелгі аорстар), орталық
аудандарда-исседондар, солтүстік-шығыста-аримаспылар. Бұлардың бəрі
рулық-тайпалық бөлімшелер ретінде тілі жағынан туыс жəне мəдениеті
жағынан жақын сақ жəне сармат тайпаларының этникалық-мəдени бірлігіне
кірген.
(5-слайд)
Жазбаша деректемелер мен археологиялық деректер б.з.б. VIII-VII ғғ.
Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние
өркениеттерімен-Ассириямен жəне Мидиямен, ал б.з.б.VI ғ. ортасынан,
Ахеменидтер мемлекеті құрылған уақыттан бастап - Персиямен байланыста
болғанын көрсетеді.
(6-слайд)
Мəселен, Кир сақтармен одақ жасап, Лидия
патшасы Крезбен соғысты. Сақтар мен массагеттерді бағындырмақшы болған
парсылардың жорықтары кескілескен қарсылыққа кездесті, Кирдің əскерлері
талқандалып, өзі қаза тапты. (7-слайд) Б.з.б. VI ғ. аяғында-V ғ. басында
ежелгі Шығыста грек-парсы соғыстарының басталуымен байланысты ірі-ірі
саяси оқиғалар пісіп-жетілді. Кейбір сақ тайпалары бұл соғыстарға
одақтастар мен жалдамалылар ретінде парсылар жағында қатысты.
(8-слайд) Грек-парсы соғыстары (б.з.б. 500-449 жж.) парсылардың
жеңілуімен 
аяқталды.
Б.з.б. 
IV 
ғ. 
30-жж. 
македондық-гректер
А.Македонскийдің басшылығымен Орта Азияға баса көктеп кірді.
Самарқанды алып, Сырдарияға бет алған Македонскийдің əскерлеріне қарсы
күресте Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеуші массагеттер белсене
қатысты. Үш жыл бойы дерлік болған кескілескен күрестен кейін ғана
македондық-гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен халықтарын
уақытша бағындырып алды. Сырдарияның арғы бетіндегі сақ тайпалары
өздерінің тəуелсіздігін сақтап қалды.
(9-слайд) Б.з.б. I-мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның
тиграхауда-сақтары Орта Азия мен Қазақстанның этномəдени сақ
қауымының өзіндік жарқын мəдениетінің ірі ошағы саналды. Биіктігі 20
метрге дейін жететін «патша» обаларының көп жинақталуы жөнінен Жетісу
мен Оңтүстік Қазақстанға Орта Азияда жəне Қазақстанның басқа
аудандарында тең келетіні жоқ. Осыдан кейін «патша сақтары мен усундер»
нақ Жетісуды мекеңдеген деген қорытынды жасалды.
(10-слайд) «Есік»
обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран
қалдырады. Оның киімі, бас киімі мен аяқ киімі алтыннан жасалған 4000-ға
жуық қаптырма мен қалақша арқылы əшекейленген, олардың көпшілігі скиф-
сақ кезіндегі «аң» стилінде орындалған. Есік қабірінен табылған күміс
тостағанның манызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу
əліпбилік жазба болуы ықтимал.
(11-слайд) Оңтүстік Қазақстандағы, Аралдың шығыс өңіріндегі сақ
кезінің материалдық мəдениетін Оңтүстік Түгіскен жəне Үйғарақ
қорымдарының обаларынан көруге болады. Табылған алуан түрлі олжалар-
қару, үй тұрмысына қажетті жəне алуан түрлі сəндік заттар сақтардың құю
техникасы мен көркемдік мəдениетінің жоғары, Жетісу мен Оңтүстік


Қазақстанның ертедегі темір дəуірінде Орта Азия мен Қазақстандағы
металлургия өндірісінің ірі орталығы болғанын дəлелдейді. Ертедегі темір
дəуірі ескерткішінің едəуір бөлігі Шығыс Қазакстанның ең басты су
артериясы-Ертіс өзенінің аңғарларына орналасқан. «Патша» обалары деп
аталатын ең үлкен обалар Зайсан ойдымының ІІІілікті аңғарында жəне
Оңтүстік Алтай тауларында Бұқтырма өзенінің жағалауында шоғырланған.
Мұнда металлургия мен мал шаруашылығы ежелгі кəсіпшіліктің жетекші
салалары болды. (12-слайд) Б.з.б. VII-IV ғғ. Шығыс Қазақстан аумағын
мекендеген сақ тайпалары өздерін қалай атағаны бізге дейін жеткен жоқ жəне
бұл мəселе осы кезге дейін шешілген жоқ. Тарихи əдебиет Солтүстік жəне
ІІІығыс Қазақстанның таулы белдеуіне көбіне аты аңызға айналған
аримаспылар тайпаларын орналастырады. Мұндай оқшаулауға антик
авторларының аримаспылар жерінде ірі-ірі алтын кеніштері бар деген
деректері негізге алынады.
(13-слайд) Ертедегі темір дəуіріндегі Орталық Қазақстанның ежелгі
малшыларының мəдениеті Тасмола койнауының атына сəйкес Тасмола
мəдениеті деп аталды. Оны жеке атауға тастар тізбегі бар «мұртты» обалар
деп аталатын ерекше үлгідегі ескерткіштер себеп болды.
Тасмола мəдениеті
тайпалары сақ тайпаларының қуатты одағы құрамына кірген.
(14-слайд) Ертедегі халықтың далалық, таулы-далалық жəне шөлейт
кеңістіктерде -экстенсивті мал шаруашылығын қалыптастыру дəуірі б.з.б. I-
мыңжылдықтың бас кезінде болды. Мал шаруашылығының жеделдете дамуы
барысында ежелгі тұрғындар арасынан бақташы тайпалар бөлініп шықты.
Көшпелі мал шаруашылығына көшу өндіргіш күштердің дамуында ілгері
басқан қадам болды. Адам еңбегі өнімді бола түсті, шаруашылықтың
мамандандырылуы артық өнім өндіруге кең мүмкіндіктер берді.
Мал
шаруашылығының негізгі үш түрі: көшпелі, жартылай көшпелі жəне
отырықшы түрлері болған. Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты
қой шаруашылығы болды.
(15-слайд)
Көшпелі малшы жəне жауынгер сақтың
тұрмысында жылқы үлкен рөл атқарды. (Пазырық,Тасмола) Олар
жауынгердің жеке меншігінде болды жəне иесі өлсе, бауыздалып, оның жеке
заттарымен бірге көмілген.
Сақ заманында доңғалақты транспорт та одан əрі
дамыды. Ежелгі сақ заманының жүк жəне соғыс арбаларына тəн ерекшелік-
көлік жегудің тертелі деп аталатын карапайым əдісі болды: қос ат немесе
түйе айыр тертеге жегілді, не тертенің ұшына бекітілген мойын тұрықтың екі
жағына салынған қарапайым қамытқа жегілетін болды.
Б.з.б. I мыңжылдықтың басында сақ қоғамындагы алғашқы рулық
қатынастар ыдырап, жаңа əлеуметтік кұрылымның қалыптасу үрдісі
басталды. Археологиялық деректер жеке адамдық, ал кейін барып отбасылық
меншіктің шыққанын көрсетеді.
Алғашқы рулық қатынастардың ыдырау
заманын əскери демократия кезеңі немесе алғашқы көршілестік қауым кезеңі
деп атайды. Тайпалық одақтар алғашқы қоғамның ыдырау заманының
əлеуметтік ортақтығының жаңа жəне жоғарғы үлгісі
болды. Б.з.б. I-
мыңжылдыктың орта шеніндегі тайпалық одақтар мемлекеттіліктің тууының
алғашқы сатысы болды.
(16-слайд) Қазақстанның мал өсіруші тайпаларының отқа, жылқыға,
күнге жəне басқа аспан шырақтарына табынумен байланысты ғұрыптары да
тарихи тұрғыдан анықталып отыр. Сақ тайпаларының сиынатын басты
кұдайы Күн болған. Сақ заманы тайпаларының мəдени шығармашылығында
қолданбалы өнер ерекше орын алады.
(17-слайд) Оның басты компоненті
б.з.б. VII-VI ғғ. қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның жəне
Оңтүстік Еуропаның тайпалары арасында тараған «аң стилі» болды. Оның
негізгі тақырыбы аңдарды, хайуандарды бейнелеу болды.
Бізге дейін жеткен
бұйымдардың көбі қола мен алтыннан жасалған. Қазақстан аумағында
жаппай тараған петроглифтер-жартастардағы суреттер де сақтардың
бейнелеу өнерінің ескерткіші болып табылады.
5. (18-слайд) Б.з.б. I-мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі
Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін
тегі мен этникалық құрамы жөнінен əр түрлі тайпалар мекендеген.
Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы,
этникалық жақындық, саяси тəртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық


ірі бірлестіктердің құрылуына əкеп соқты. Олардың алғашқылары сюнну
(ғұндар) болды. Б.з.б. III-ғ. аяғында қытай деректемелерінде пайда болған
сюнну (ғұн) атауы Тынық мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен
Жетісуға дейінгі аумақта тегі əр түрлі тайпаларды біріктірген саяси
құрылымға қатысты болды.
(19-слайд) Сюнну этнонимінің мазмұны мен нақты қалай айтылатыны
əзірше айқын емес.
Б.з.б. 206 ж. ғұн тайпаларын Мөде шаньюй басқарды.
Хань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен «тыныштық
жəне туыстық туралы шартқа» қол қоюға мəжбүр болды, ол Мөдеге өзінің
ханшасын əйелдікке берді, жыл сайын «сыйлық» ретінде салық төлеп тұрды.
(20-слайд)
Бұл кезде ғұндар қазіргі Кореядан Тибетке жэне Шығыс
Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі аумаққа ие болды.
(21-слайд) (22-слайд) Усундер-Орталық Азия аумағындағы ертедегі
алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Усундер иеліктерінің шекарасы Шу
жəне Талас өзендерінің бойымен Қаратаудың шығысына дейінгі жерлер.
Усундер иеліктерінің орталығы-Іле аңғары, ордасы - «Қызыл Аңғар қаласы»
Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.
(23-слайд) «Усун» терминінің мағынасы əлі анықталған жоқ. Оның
қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі - ұлы жүз қазақтарының басты
этникалық компоненті «үйсін» сөзіне сəйкес келеді. Бірқатар зерттеушілер
бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мəлім «асиан» этнонимі десе,
басқалар, қазір у-сун деп айтылатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде а-
сман, яғни асман, «аспан» делініп айтылған деп жорамалдайды. Мұны усун
гуньмосына күйеуге берілген қытай ханшасының хатындағы: «Менің үйім
мені... Аспан Еліне... күйеуге берді» деген сөздер растауы мүмкін.
Усундердің
ертедегі этникалық-саяси тарихы жеткілікті зерттелмеген.
(24-слайд) Усундерде-мал шаруашылығы егіншілікпен, ал көшпелі
тұрмыс салты жартылай отырықшылықпен ұштастырыла жүргізілді.
Қандай
формада болса да-рулық па, қауымдық па немесе жеке ме - меншіктің
болғанының бір белгісі оның ерекше бір белгімен таңбалануы. Кейінірек,
қыш ыдыстағы белгілер пайда болған соң, үй малдарына да, атап айтқанда,
мініс аттарына да салынатын белгі-таңбалар пайда болды. Жылқыға таңба
салу түрік жəне түркі тілдес тайпаларда б.з. VI-VIII-ғғ. кенінен тарады.
Металдан, тастан жəне қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда
болғанын көрсетеді.
Усундер неке одақтарын жасасу арқылы басқа
мемлекеттермен одақтастық қатынастар орнатты. Усундермен одақ жасасуға
мүдделі болған Хань империясы мен Ғұндар хань жəне ғұн ханшаларын усун
гуньмоларына күйеуге беріп отырған. Көршілес жатқан аумақтардың кейбір
иелері жау шапқан кезде усундерден қорғаныш іздеген. Ежелгі усундердің
қазақ жəне қырғыз халықтарының құрамына кірген үйсіндермен жəне
үйшүндермен генетикалы жағынан сабақтастық байланысы бар деп айтуға
болады.
(25-слайд) Б.з.б. II-ғ. екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс
аударуы» нəтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның
ішінде Усун, Янцай, Қангюй мемлекеттері қалыптасты. Қангюй Қазақстан
тарихында елеулі рөл атқарды.
Оның иеліктерінің орналасқан жерін
Сырдария өзенінің орта ағысының солтүстік жағындағы далалар деп,
жəне
оларды Кангха мемлекетінің ұйытқысы болған тайпалар одағы деп айтуға
болады. (26-слайд) Археологтар кангюйлер мекендеген аудандардан
қауыншы, отырар-қаратау, жетіасар мəдениеттерін тапты.
Б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінен б.з. 1-мынжылдықтың ортасына
дейін шығыс Арал өңірінде өзіндік ерекшелігі бар Жетіасар мəдениеті
өркендеген.
Археологиялык зерттеулер мұнда бірқатар қала орындарының
тұрғын үй құрылысы мен бекіністі жүйесін ашты. Жетіасар мəдениеті
тараған атыраулық аймақта б.з.б. I-мыңжылдықтың ортасында-ақ мықты
бекіністі қамалдар пайда болады.
(27-слайд) Біздің заманымыздағы II-V-ғғ Кангюйлердің қалалары мен
қоныстары жергілікті базарларды не қажеттінің бəрімен қамтамасыз ететін
қолөнер орталықтарына айналды.
Қолөнер жұмысының əйелдер үшін
дəстүрлі саласы жүн өндеу болған. Ең дамыған аймақтарда ертедегі қалалар
қалыптасып, қолөнер мен сауда орталықтарына айналады. Ішкі базардың


дамуын сол кезеңде жергілікті теңгелердің түрақты соғып шығарыла бастауы
дəлелдейді.
Қазіргі уақытта салмағы əртүрлі, иконографиялық дəстүрі
тұрақты 1300-ден астам мыс теңгелер мəлім. Негізгі үлгісі-билеушінің
портреті қырынан бейнеленген.
Біздің заманымыздағы III-IV ғғ. кангюй
аумағында Хорезм мен Шаш билеушілерінің теңгелері, қытай теңгелері пайда
болуы тауар-ақша қатынастарының дамығанын дəлелдейді.
(28-слайд) Қангюйлер алыс жəне жақын жерлермен сауда
байланыстарын жасаған.
Кангюй Ұлы Жібек жолының орталық бөлігінің
бірін алып жатты жəне оның Сырдария өзенін бойлай солтүстік-батыс
жақтағы-Жайық өңіріне, Еділ бойына жəне одан əрі Солтүстік Кавказ бен
Қара теніз өңіріне беттейтін маңызды тармақтарын бақылап отырды. Кангюй
тұрғындарының халықаралық саудаға қосылғанын алыстағы қолөнер
орталықтарында дайындалған заттардың табылғаны растайды.
Қара теңіз
қалалары мен Сириядан шыққан түрлі түсті шыны моншақтар, Үндістаннан
қызғылт маржаннан тізілген моншақтар, піл сүйегі əкелініп, одан шаш
түйреуіштер жасалды. Жетіасар мəдениеті мен Отырар алқабының
қорымдарынан табылған янтарь моншақтар Балтық бойы янтарынан
жасалған. Кангюй тұрғындары Иран орталықтарымен белсенді байланыс
жасаған.
Қоладан жасалған ерекше қарсы ілгек-фибулалардың табылуы
еуропалық қолөнер орталықтарымен байланыс орнатылғанын аңғартады.
Жетіасар, Отырар жəне Ташкент алқаптары қорымдарының қабірлерінен
Мысырдың көгілдір фаянсынан тізілген ірі моншақтар кездесті. Сонымен,
қолда бар археологиялық материалдар кангюйлердің қала тұрғындарының да,
көшпелі малшыларының да ¥лы Жібек жолы арқылы халықаралық сауда
жүйесіне тартылғанын дəлелдейді. (29-слайд)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет