дəріс. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы – академ сағ


-дəріс. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жүздерінің



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата07.02.2023
өлшемі3,67 Mb.
#65730
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Снимок экрана 2023—01—25 в 14.35.40

5-дəріс. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жүздерінің
сыртқы саяси жағдайы – 2 академ.сағ.
Жоспары:
1. 
Қазақстан 
Ресей 
империясымен, 
ортаазиялық 
хандықтармен,
Башқұртстанмен, Қимақ хандығымен халықаралық қатынастар жүйесінде.
2. 
Қазақстандағы отарлық дəуірінің басы
3. 
ХҮІІІ ғасырдың соңындағы Қазақстан жəне Орта Азия мемлекеттері
4. 
Қазақстан Ресейдің саясаты жағдайында: əкімшілік реформа (ХҮІІІ
ғасырдың соңғы ширегі – ХХ ғ. басы)
1.XVIII 
ғасырдың 
бipiншi 
ширегінде 
қазақ 
қауымдық


құрылымдарының ең көп бөлігі аймақтың оңтүстік, орталық жəне солтүстік-
шығысында болды.
Ұлы жүз Оңтүстік Балқашта, Мойынқұмда, Іле, Шу жəне Талас өзендерінің
бойында, Тянь-Шань мен Каратаудың солтүстігінде орналасты. Ұлы жүздің
көшіп-қоны Ташкенттен Ферғана алқабына дейін, Сырдария маңында Бұхара
хандығымен шектесіп, Жетісуда Орта жүз қоныстанған ауданмен ұласты.
Орта жүздің шекаралары оңтүстігінде Сарысу жəне Шу өзенінен Сырдария
арқылы Жоңғар хандығымен, солтүстікте Kiшi жүз қоныстарына, одан əpi
Ciбip башқұрттарымен шектесті. Шығысында Epтістi бойлай орыстар мен
ciбip казактарының станицаларымен тоғысты, оңтүстікте жоғарғы Ертіс
өңірінде Жоңғар хандығымен тағы да ортақ шекарасы болды.
Kiшi жүз Батыс Қазақстан аумағында, шығысында Орта жүздің жеріне, ал
оңтүстігінде Қаракұмға жəне Сырдарияның төменгі ағыстарындағы
қарақалпактардың коныстарына, Түркістан қаласы аймағына қарай созылып,
Ұлы жүз жəне Орта жүз тайпаларымен шектесті. Жайлаулары Үстіртте, Ор,
Жайық, Елек, Жем, Teмip өзендері мен Мұғалжар тауында, қыстаулары
Ырғыз, Сырдария өзені, Аралдан батысқа карай Манғыстауда, Атырау
алқабында, Нарын құмдарында орналасты.
XVII ғ. аяғы - XVIII ғ басында үш жүздің құрамына 110 нан астам
рулар кіріп, халықтың саны 2-3 млн адам болған. XVII-XVIII ғғ. қазақ
қоғамында интеграциялық сарын күшейді, хан билігі нығайып, үш жүз
өкілдерінің жиналысы тұрақты түрде шақырыла бастады. Хан билігін
күшейтіп, ежелден қалыптасқан құкықтық дəстурлер мен нормаларды
реттеуде Жəңгірдің ұлы Тəуке хан (1680-1718) үлкен рөл атқарды. Алайда,
сұлтандардың билік үшін күpeci мен оқшаулануға ұмтылуы көп ұзамай
бірлікті бұзды, мұны көршілер дереу пайдаланды. Оңтүстік-батыстан еділ
қалмақтары, солтүстіктен ciбip казактары шабуылдады. Жайықтағы
қоныстардан башқұрттар да дəмеленді. Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары-
Бұхара, Хиуа қысым көрсетті. Бірақ, қазақ халқына үлкен қауіп батыс
монғолдардың (ойраттардың) көшпелі империясы-Жоңғар хандығынан төнді.
Осындай жағдайда, XVIII ғ. 20-жж. бір-бірінен қашық жатқан географиялық
аудандарда бip мезгілде соғыс агрессиясына қарсы ұйымдасқан тойтарыс
беру үшін ipi əскери-саяси орталықтар құру қажет болды, бірақ олардың
билеушілері аға ханға мүлде тəуелсіз болуға ұмтылды.
Қартайған Тəукенің тipi кезінде-ақ Kiшi жүздің шағын бөлігі мен Орта жүз
Жошы ұрпақтарынан шыққан Кайып сұлтанды, Kiшi жүз ақсақалдары 1710
ж. дала дəстүрін бұзып жас сұлтан Əбілқайырды хан eтiп жариялады. Орта
жүз қоңыраттары мен найман руларының көпшілігі қазақ сұлтандарының
əулетті өкілі Тұрсын ханның билігін таныса, Ұлы жүзді XVIII ғ. алғашқы eкi
онжылдығында Иман, Рүстем жəне Абдолла хандар кезектесіп басқарды.
1720 ж. бастап Ұлы жүз руларын Абдолланың ұлы Жолбарыс хан басқарды.
Тəукеден кейін Орта жүзде бірсыпыра уақыт бойы оның ұлы Болат хан (1715
—1724) ал, Отан соғысы кезінде оның інісі Сəмеке хан (1724-1738) билік
eттi.
Тəуке қайтыс болғаннан кейін болған жонғарларға қарсы күресте Kiшi
жүз ханы Əбілқайыр алдыңғы қатарға шықты. 1730-1731 жж. Əбілқайырдың
əлеуметтік мəртебесі «үлкен хан» немесе «ең басты хан» атағына сəйкес
келді. Əбілқайыр мəртебесінің артуы қазақтардың ақсүйек басқа өкілдерін
қанағаттандырмады, өйткені, үлкен ханның билікке толық ие болуы олардың
iшкi жəне сыртқы мəселелерді шешудегі билік аясын шектер еді, сондай-ақ
сол Шыңғыс ұрпақтары Əбілқайыр билігінің күшеюін ұнатпады.
Əбілқайырды Батыр, Барақ, Əбілмəмбет жəне басқа сұлтандар шыққан тегі
нашар, ататегінде ақ киізге көтеріп хан болган eшкімi жок, жолы болғыш
«мансапқұмар» деп білді. Осының бəpi қуатты одақтастар іздеуге мəжбур
eтіп, XVIII ғ. 20-30-жж. Əбілқайырдың назары, тұрақты монархиялық
режимі бар, еуразиядағы күшті жəне беделді держава Ресей империясы
жағына ауды.
XVIII ғ. алғашқы онжылдықтарында Қазақ хандықтарының
халықаралық жағдайы өте ауыр болды. Дүниежүзілік сауда жолдарының
құрлықтан Атлантикаға ауысуына жəне Ресейдің Ciбipгe, ал Цин
империясының Орталық Азияға ұмтылуына байланысты Орта Азия


елдерінде əлеуметтік-экономикалық жəне саяси жағдай шиеленісе түсті. Екі
империяның бір-біріне қарсы қозғалысы барысында жергілікті халық сауда
жолдарынан ығыстырылып, көшіп-конудың дəстүрлі жолдары мен бағыттары
бұзылды. Осыдан барып, көшпелі халықтар арасында өзара жанжалдар
өршіді. Қазақтардың сол кезде Ресей билігінде болған көршілес еділ
қалмақтарымен қатынастары күрделі болды. 1697 ж. 1-Петр Ресейдің
шептерін көшпелі халықтардан қорғауды тапсырғанын пайдаланған қалмақ
ханы Аюке (1646-1724) қазақтарға, башқұрттарға, түркімендер мен
қарақалпақтарға басқыншылық жасады. Ғалдан Бошақтының жиені Цеван
Рабтанның (1663-1727) тұсында Жоңғарлардың экспансиясы күшейіп, Kiшi
жүз бен Орта жүздің көптеген рулары солтүстікке, Ор, Ой, Елек жəне Тобыл
өзендеріне, Орал тауларына дейін жетіп, сол жердегі Ноғай жəне Ciбip
башқұрттарын ығыстырды. Башкұрт қоныстарына басып кiрген соң қазақтар
мен башкұрттар жəне ciбip казактары арасында кантөгісті қақтығыстар
болды.
Ресейдің империялық санасында, басқа халықтардың тағдырына
«құдайлық» негізде де, «табиғи құкықпен» де билік етуге деген сенім болды.
Осындай түсінікпен I Петр қырғыз-қайсақ ордаларын Ресей бодандығына
келтіру туралы тілмаш А.И. Тевкелевке «миллионга дейін жұмсалса да, аса
көп шығындарға қарамастан.., бip парақ қағазбен-ақ Ресей империясының
қарамағында болуға міндеттенетін болсын» деп ұсынған-ды.
XVII ғ. соңғы ширегі-XVIII ғ. алғашқы үштен бірінде қазақтардың жайық
казактарымен, еділ қалмақтарымен жəне башқұрттар мен өзара саяси
қатынастарының шиеленісуі, сондай-ақ жоңғарлардың Орта жүз бен Ұлы
жүзге басып кіруі қазақ даласы арқылы өтетін Ресей-Орта Азия саудасының
дамуына кедергі болды. XVII ғ. аяғы-XVIII ғ. басында Ресей мен қазақ
жүздері арасындағы дипломатиялық қатынас жандана түсті. Екі жақтың
келіссөздері тұтқындар алмасу pəciмi, қалмақтар, орал жəне ciбip казактары
жəне башқұрттар арасындағы жанжалдарды реттеу, сондай-ақ орыс
көпестерінің Kiшi жүз бен Орта жүздің халқымен сауда байланыстарына
қолайлы жағдайлар жасау туралы болды. Қайып пен Əбілқайыр хандардың
жоңғарларға қарсы бірлесіп соғысу туралы ұсыныстарын Ресей өкіметі
мақұлдамады, өйткені, күш-қуаты мен экспансиялық дəмесі тез өсіп келе
жатқан Цин империясына Жоңғарияны қарсы қоюды жоспарлаған патша
билігі оның əлсіреуін қаламады.
Қазақ жəне жоңғар əміршілері арасындағы жайылым үшін бақталастық
күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды. Цин империясынан қысым көрген
Жоңғария өзінің басқыншылық ниетін Қазақстанға бұрды. 1722 ж. Қытай
императоры Канси қайтыс болған соң, жоңғар-қытай бітімін пайдаланып,
жоңғарлар 1723 ж. қазақ жepлepi мен Орта Азияға басып кірді. 70 мың
əскермен басып кipyгe жалпы басшылықты Цеван-Рабтаннын ағасы Шона-
Доба жүзеге асырды.Олар өз жолындағыны жыланша жалап, қынадай қырды.
Сондықтан ол жылдар халық жадында «зар заман жылдар» қасіреті ретінде
сақталған. Бұған «Елім-ай» əні дəлел болады. Бұл кезең «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтары
Сырдариядан өтіп, Ходжентке көшіп, Орта жүз руларының көпшілігі
Самарканға кетті, ал Kiшi жүз Хиуа мен Бұхара шегіне көшіп барды.
Жоңғар басқыншылығы ұшыратқан бүкілхалықтық қасірет қазақ
халқын бірігуге жетеледі. Қазыбек, Төле, Əйтеке билердің үйлестіруімен
қазақ жасактарын Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, Наурызбай, Шақшак
Жəнібек батырлар баскарды. Сол тарихи сын сағатта Кіші жүз ханы
Əбілқайыр (1693-1748) ерекше көзге түсті. 1726 ж. күзінде Бадам өзені
маңындағы Ордабасыда бүкілқазақ съезі шақырылып, Əбілқайыр,
Əбілмəмбет, Сəмеке, Күшік, Жолбарыс хандар мен сұлтандар, Төле би,
Қазыбек би, Əйтеке билер мен қолбасшылар мен батырлар қатысқан жиында
Əбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды. 1728 ж. көктемде
Ұлытаудың етегіндегі Бұланты өзені маңында Қарасиыр деген жерде қазақ
əскері жоңғарларға ойсырата соққы берді. Бұл шайқас халық жадында
«Бұланты шайқасы», ал соғыс даласы «қалмақ қырылған» деген атпен қалды.
Маңызды жеңіске қол жеткізуге қолбасшы Əбілқайырмен бірге Қабанбай,
Жəнібек, Наурызбай, Бөгенбай, Есет, Малайсары т.б. көптеген халық


батырлары зор үлес қосты. Қазақ халқы жоңғар басқыншылығына қарсы
азаттық күрестегі екінші тарихи жеңіске 1730 ж. көктемінде жетті. Бұл оқиға
Балқаш көлінен 120 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан Итішпес-
Алакөл маңындағы Аңырақайда болған еді. Шайқаста Əбілқайыр хан
қолбасшылық етті. ¥рыс батырлар жекпе-жегімен басталды. (Əбілмансұр,
«Сабалақ»-Шарыш) Аңырақай шайқасында майдан даласы 200 шақырымға
дейін жетіп, қазақтар ұлы жеңіске жетті. Алайда, осы жеңістерді қазақ халқы
одан əрі жалғастыра алмады. Оған қазақ қоғамының саяси элитасы
арасындағы бақталастық, Болат хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ
хандығында ұлы хан болу үшін саяси күрестің басталуы себеп болды.
Бұланты мен Аңырақай шайқасындағы тарихи жеңістерден кейін Əбілқайыр
ханның беделі мен саяси салмағы да арта бастап еді. Бірақ ұлы хан бола
алмайтынын білген ол өз əскерімен Кіші жүздегі ордасына көшіп кетті.
2. Қазақ-жоңғар соғыстары мен шаруашылықтың күйреуі қазақ
билеушілерін Ресеймен одақтасуға итермеледі. Орыс мемлекеті Орта Азияға
қазақ жері арқылы өтетін дəстүрлі сауда жолдарын қауіпсіздендіру
мақсатында Қазақ хандығымен байланыстар орнатуға тырысты. Қазақ
хандығы Орта Азия хандықтары мен жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен
одақтасуды көздеді. Екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуда
елшілік алмасулар маңызды рөл атқарды. 1573 ж. Қазақ даласына Третьяк
Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілген еді. Бірақ олар Сібір татарлары
қолынан қаза тауып, Қазақ хандығына жете алмады. 1594 жəне 1595 жж.
Мəскеуге Тəуекел хан Құл-Мұхаммед басқарған қазақ елшілігін жібергені
белгілі. XVI ғ. бір орталыққа біріккен Ресей мемлекеті нығайып, өзінің
шығысындағы халықтарды жаулап алу саясатын тегеуірінді түрде жүргізе
бастады. Сібір мен Қазақ жерлерін қосып алудағы Ресей империясының
мақсаты шикізат көздері мен бағалы аң терілеріне бай аймақтарды иелену
жəне мемлекеттің шығыстағы шекараларының қауіпсіздігін нығайту саясаты
болатын.
Қазақ халқының Ресей империясының қол астына кіру үрдісін алдымен
Кіші жүз бастады. 1726 ж. Санкт-Петербургке Əбілқайыр хан жіберген
Қойбағар Көбеков елшіліктің жұмысы сəтсіз аяқталды.1730 ж. Сейтқұл батыр
Қойдағұлұлы мен Құтлымбет би Қоштайұлы бастаған елшілер
Əбілқайырдың Кіші жүзді Ресейдің қол астына алуы туралы өтінішін Ресей
патшайымы Анна Иоановнаға тапсырып, 1731 ж. 19 ақпанда «Əбілқайыр
ханды жəне бүкіл қазақ халқын Ресей империясының қол астына алу туралы»
грамотаға қол қояды. Ант қабылдау үшін Ресейдің тілмашы А. Тевкелев
бастаған елшілер жіберіледі. (Оның татар есімі Кутлумбет мырза, Құтлу-
Мүхаммет.) 1731 ж. 10 қазанда Ырғыз өзені бойындағы Майтөбеде Ресей
бодандығын қабылдау жəне оған адал болу жөнінде антты Əбілқайыр хан,
онан соң Бөкенбай батыр, Есет батыр мен Құдайменді мырза береді. Алғаш
ант қабылдағандар ішінде 29 беделді би-сұлтандар мен батырлар болды.
XVIII ғ. 30-жж. жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылдары қайта басталып,
əсіресе Орта жүзге қауіп төндірді. Бұл жағдайда 1734 ж. 10 маусымда Орта
жүз билеушілерінің орыс бодандығын қабылдауы мəжбүрліктен туған қадам
болды. Бірақ Орта жүз əлі де болса дербестігін жоғалтпады. Орта жүз ханы
Сəмеке қайтыс болғаннан кейін бұл жарлық жүзеге асырылмай қалды. 1822
жылы М. Сперанскийдің «Сібір қырғыздары туралы Жарғысы» енгізілгенге
дейін Орта жүз өз алдына дербес өмір сүре берді. 1733-1734 жж. Ұлы жүздің
билеуші ақсүйектері де орыс бодандығын қабылдау туралы шешім
қабылдайды. Жолбарыс хан бұл жөнінде Петерборға өтініш жасап,1734 ж. 10
маусымда Ресей үкіметі Ұлы жүздің ықпалды ру басыларын қол астына
алды. Бірақ Ұлы жүздің Ресейден қашықта орналасуы, халықаралық жəне
ішкі жағдайдың күрделілігі Ұлы жүздің Ресейге толығымен қосылуына
біршама кедергі жасап, бұл үрдіс кейінге қалды.
Қазақ мемлекеттілігін сақтап, оны нығайтуда қазақ ханы Абылай (1711-
1781) көрегенді əрі шебер дипломатиялық саясат жүргізді. 1748 ж. Ресей
бодандығын қабылдаған беделді сұлтан оны сақтай отырып, 1756 ж. Қытай
бодандығын да қабылдады. Бірақ, іс жүзінде өз алдына тəуелсіз саясат
жүргізген болатын. А.И. Левшин ханның ішкі жəне сыртқы саясатына талдау
жасап, Абылай «қазақтардың барлық билеушілерінен айлакерлігімен жəне


тəжірибелілігімен, ақыл парасатымен, оған қарайтын халықтың көптігімен
беделді, Қытайдың боғдыханымен де, Ресей императорымен де қатынасы
арқылы бүкіл ордада даңқты болды дейді.
Қазақтардың орыс бодандығын қабылдауының алғашқы кезінен бастап-
ақ Ресей қазақ жерін біртіндеп отарлаудың бағытын анықтады. Жаңа
қосылған жерлерді бекіту үшін сенаттың обер лейтенанты И.К. Кириллов
басқарған арнайы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Бұл кейін
Орынбор экспедициясы деп аталды. 1737 ж. И. Кириллов қайтыс болғаннан
кейін ол Орынбор комиссиясы болып қайта құрылды. 1735 ж. Орынбор
бекінісі салынды. 1744 ж. бастап ол Орынбор губерниясының орталығына
айналды. Қазақ жерінде тұтас əскери желілер тұрғызылды. Тек 1740-1743
жж. ғана Кіші жүз жəне Оңтүстік Орал аймағында жиырмадан астам
бекіністер мен форпостар салынды. Бұл бекініс желілері қазақтардың
келісімінсіз салынып, олардың көші-қон жүйелерін бұзды жəне мал
жайылымдарынан ығыстыра бастады. Қазақ жерін отарлау саясатын
Орынбор губерниясының бірінші губернаторы И.И. Неплюев пəрменді түрде
жүргізді. 1742 ж. 19 қазанда ол қазақтарға Жайық өзені маңында көшіп-
қонуға тыйым салу туралы жарлық шығарып, оны бұзғандарға қатаң жаза
қолданды. И.И. Неплюев «Қазақтардың Жайықтың ішкі жағында көшіп-
қонбауы үшін Жайықтың сол жағалауындағы даланы Каспий теңізіне дейін
түгел өртеп жіберу керек деген. Қазақ халқының тарихына үлкен өзгерістер
енгізген Əбілқайыр хан 1748 ж. 11 тамызда 56 жасында қаза табады. Оны
қазақтардың Ресейдің боданы болуына қарсы саяси күштерге жетекшілік
жасаған Барақ сұлтан өлтіреді. Кіші жүз ханы болып оның үлкен үлы Нұралы
тағайындалды.
Орталық Азиядағы мемлекетаралық қатынастардың жай-жапсарын
едəуір өзгерткен Əбірқайыр мен оның маңайындағылардың, ал одан сон Орта
жүздің көрнекті шыңғыс ұрпақтарының Ресей бодандығын қабылдауын екі
тұрғыдан қарастыру керек: бip жағынан, бастапқы кезең оң акт, ол қазақ
халқын ойраттардың жойқын жорықтарынан, халық үшін қырғынды
салдарынан құтқарды, ал екінші жағынан, кең-байтақ даланы біртіндеп
отарлаудың жəне қазақтардың мемлекеттілігін толық жоюдың басы болды.
3. XVIII-XIX ғ. басында Ресей империясы Орта жүз бен Кіші жүздің
негізгі бөліктерін өз құрамына қосып алды. XIX ғ. ортасына карай қазақ
жерлері үшін 
Қоқан
, Хиуа жəне 
Ресей
арасындағы талас күшейе түсті. Оның
үстіне, 
Орталық Азияға
көз тіккен 
Англияның
емеуріні деРесейді 
Қазақстан
жерін 
өзіне 
қосып 
алу 
əрекетін 
аяқтауға
итермеледі. 
Ресей
үкіметі 1839-40 ж. В.А. 
Перовскийдің
басшылығымен
Хиуа хандығына əскери шабуыл жасалды. Кіші жүздің кейбір қазақ
билеушілерінің көмегіне қарамастан Ресей империясының бұл əрекеті сəтсіз
аяқталды. Бірақ Орталық Азияға біржолата орнығуды көздеген Ресей
отаршылдары Хиуа хандығына үнемі əскери жəне экономикалық қысым
жасап, 1873 ж. К.П. 
Кауфман
бастаған Ресей əскерлері Хиуаны басып алды
да, Хиуа хандығы 
Əмударияның
оң жағалауындағы жерлерден бас тартты,
егемендігінен айрылып, Ресей протекторатына айналды.
Хиуа, 
Жетісудың
Ілеге
дейінгі бөлігі 18-ғ. 
Жоңғар
билігінде болды. Ұлы жүз
ханы Жолбарыстың қол астында 
Ташкент
төңірегіндегі шағын ғана 
аймақ
бар
еді. Жолбарыс хан Ресейдің қол астына кірген кезде Ұлы жүздің атақты
билері-
Төле би

Қодар би
жəне 
Сатай
, Бөлек, Хангелді батырлар 
Əбілқайыр
хан
мойындаған шарттар негізінде Ресей мемлекетінің құрамына кіруге тілек
білдірді. 1834 ж. 20 сəуірде император Анна Иоанновна оларды Ресейдің қол
астына қабылдады. 1848 ж. сұлтан Сүйік Абылайханов бастаған Ұлы жүз
қазақтары 
Ресей 
қол 
астына 
алу
туралы 
тілек
білдіріп, патша 
үкіметі
оларды Ресей азаматы деп жариялады. 
19 ғ. 50-жж. Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстаңдағы бөлігі Қоқан, Хиуа
хандықтарының қол астында болып, олар Сыр бойына қамалдар мен
бекіністерін салып тастады.
Кейбір қазақ рулары екі жақтан қысым көрді.
Кейбір қазақ руларының жайлауы Орынбор облысында болғандықтан
Ресейге салық төлесе, ал қыстауы Сыр бойында болғандықтан
қоқандықтарға да салық төлеуге мəжбүр болды. Сондықтан да қазақтар
бірнеше мəрте Хиуа мен Қоқан хандықтарына қарсы көтеріліс те жасап, 1843


ж. Сырдың төменгі ағысындағы Қуаңдария бекінісін қиратса, 1845 ж. 2000-ға
жуық хиуалық əскери жасағын талқандады. Бұл жерде Орынбор губернаторы
В. Перовскийдің қазақтардың қолдауымен бұл аудандардан қоқандықтарды
ығыстырудағы сəтті операцияларын айта кету керек. 1858 ж. наурызда Əулие-
ата аймағында қазақтардың Қоқан үстемдігіне қарсы ең ірі көтерілісі
Шымкенттен Пішпекке дейінгі аралықты қамтыды. Жеңіске жете алмаған
қазақтар Қоқан əскерінің қысымынан Ресей қарамағындағы аудандарға
көшуге мəжбүр болды. Бұл көтерілістер Ұлы жүздегі қоқандықтардың
билігін əлсіретіп, Ресейдің қазақ жерінің оңтүстігіндегі əскери қимылдарын
белсендірек жүргізуге жол ашып берді.
1860 ж. орыс əскерлері Əулие-ата,
Шымкент, Ташкент бағытына қарай жорығын бастап, Тоқмақты, Қоқан
хандығының ең негізгі тірегі-Пішпекті алды. Бұл аймақтағы ықпалынан
айырылған Қоқан хандығы 22 мыңдық əскерін Верныйға аттандырып, қазан
айында Ұзынағаш маңында Қоқан əскері Алатау округінің басшысы Г.
Колпаковскийдің əскерімен кездеседі. 19-21 қазандағы үш күндік Ұзынағаш
шайқасының нəтижесінде Қоқан əскері ойсырай жеңілді. Қазақтар Қоқан
əскерінің қарамағында да, орыстар жағында да шайқасқа араласты.
1864 ж.
Верныйдан шыққан подполковник М. Черняевтің əскері Əулие-атаны, ал
Ақмешіттен шыққан полковник Н. Веревкиннің əскері Түркістанды,
Шымкентті бағындырды. 1865 ж. 17 маусымда үш күндік шайқастан кейін
орыс əскерлері Ташкентті басып алды. Осылайша Сырдария жəне Сібір
əскери желілері қосылғаннан кейін 1865 ж. 12 ақпанда Түркістан облысы
құрылып, ол Орынбор губернаторлығына бағынды. Облыстың əскери
губернаторы болып генерал М. Черняев тағайындалды. 1866 жылы көктемде
орыс əскерлері Бұхар əмірлігінің территориясын бағындырып, 1867 жылы
оның көптеген аумақтары Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына
енгізілді. Бұл жерде генерал-губернатор болып генерал-адъютант фон
К.Кауфман тағайындалған еді. Ресей империясы бұрын ортаазиялық
хандықтардың тəуелділігінде болып келген Ұлы жүз аумағын əскери күш
қолдану арқылы толық бағындырып алды. Қазақ жерінің барлық аумағы
Ресей империясының құрамына енді.
4. Ресей империясы Қазақстанды өзіне қосып алған жағдайда, əскери
жағынан əлсіз Қоқан жəне Хиуа хандықтарын таптап тастап, отаршыл
империя-Англияның Шығыс Түркістанға енуін тоқтататын еді. Сондықтан,
Ресей империясы Орталық Азияға ілгерілеуін тездете түсті. Оңтүстік-Шығыс
Қазақстанның халқының отарлық басып алу кезінде ежелгі қоныстарынан
ығыстырылуы, байырғы халықтың қытай жағына ауып, «богдыханның
бодандығын» қабылдауы мүмкін деген қауіп те хандық институтын жоюды
тездетті.
1781 ж. Абылайдын кайтыс болған соң, хан билігін əлсірету үшін орыс
үкіметі Орта жүзде Уəлимен қатар, екінші хан eтіп Бөкей сұлтанды
тағайындады. Хан билігінің Шыңғыс ұрпақтарында болуы үкіметтің ic-
кимылын тежеді. 1817 ж. Бөкей хан, 1819 ж. Уəли қайтыс болғанда
Петербург Орта жүзде хан тағайындамауға жəне оларды «Бүкіл əлемді
тітіркентуші»-Шыңғысхан заманындағы ғұрып бойынша сайламауды
ұйғарды.
1822 ж. Сібір генерал-губернаторы М. Сперанскийдің
басшылығымен «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» қабылданды.
Бұл реформа бойынша Сібір-ІІІығыс жəне Батыс бөліктерге бөлінді. ІІІығыс
бөлігінің басқармасы Иркутскіде, батыс бөлігінің орталығы Омбыда
орналасты. Тобыл, Томск, Омбы облыстары жəне Орта жүз бен Ұлы жүздің
бір бөлігі енген Батыс бөлік «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталып,
əкімшілік тұрғыда округ-болыс-ауыл жүйесі бойынша бөлінді. Округке 15-20
болыс, болысқа 10-12 ауыл, ауылға 50-70 шаңырақ кірді. Округ
басшылығында округтық приказдар (дуандар) болды. Округтарды аға сұлтан,
болысты сұлтан басқарды. Ауылды ағаман (старшын) басқарды. Ағамандар
үш жылда бір рет сайланды. Аға сұлтандарды сайлау кезінде заседатель-
бағалаушы болып қара халық өкілдері «аса құрметті ақсақалдар сайланды».
Хандық билік толығымен жойылды.
Сот жүйесіне де Ресей заңдары енгізілді.
Дəстүрлі билер соты тек ру арасындағы, ауыл ішіндегі дауларды шешу үшін
ғана сақталынды.
XVIII ғ. 80-жж. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс барысында Орынбор


губернаторы О. Игельстром Кіші жүздегі хандық билікті жоюға əрекеттер
жасап, ол «Игельстром реформасы» деген атқа ие болды. Реформаға сəйкес
қазақ даласын жалпыимпериялық негізде басқару мақсатында Кіші жүзде
хандық басқару жойылып, негізгі билік шекаралық сотқа берілуі тиіс болды.
Оның құрамына патша шенеуніктері мен жергілікті қауым өкілдері
кірді. 
Орынбор
губерниясына бағынатын жаңа əкімшілік органдар-
қырғындар (расправалар) құрудағы 
Ресей
өкіметінің мақсаты ең алдымен
сұлтандарды басқару ісінен шеттету болды. Расправалардың қазақ даласын
басқару ісіне араласуына Кіші жəне 
Орта жүз 
сұлтандары қарсы шықты,
олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмтылды.
1789 ж. 
Француз революциясынан
шошынған патша үкіметі Игельстром
реформасы туғызған наразылықтар Ресейдегі монархиялық басқаруға қауіп
төндіретінін ойлап, Игельстром реформасынан бас тартты.
1824 ж. Ресей үкіметі генерал-губернатор П. Эссеннің басшылығымен
«Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» қабылдады. Кіші жүзді басқару
Шекаралық комиссия арқылы жүзеге асырылды. Жарғы бойынша Кіші жүз
үш бөлікке бөлініп, оларды сұлтандар басқарды. Бөліктер дистанцияларға
бөлінді. Дистанцияларды (бекіністер аралығындағы жерлер) дистанция
бастығы басқарды. Дистанциялар ауылдарға бөлінді, ал ауылдарды
ағамандар басқарды. Орынбор қазақтары үшін сайлау жүйесі енгізілмеді. Сот
жүйесі «Сібір қырғыздары туралы Жарғыдағы» ережелер сияқты жүргізілді.
Сөйтіп Кіші жүздегі хандық билік те жойылды.
Қазақ жерлерін қосып алудың аяқталуы Ресейдің өз ішінде жүргізіліп
жатқан саяси реформаларымен тұспа-тұс келді. Қазақ жерінде əкімшілік
басқаруды Ресейдің басқару жүйесімен сəйкестендіру үшін
1865 ж. Далалық
комиссия құрылды. 1867 ж. 11 шілдеде II Александр «Сырдария жəне Жетісу
облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге», ал 1868 ж. 21 қазанда
«Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы уақытша
Ережеге» қол қойды. Реформа бойынша бүкіл Қазақ жері Түркістан,
Орынбор жəне Батыс Сібір деген əскери сипаттағы үш генерал-
губернаторлыққа бөлінді. Генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді.
Облыстар уездерге,
уездер болыстарға,
болыс əкімшілік ауылдарға бөлініп,
ауылдар 100-200 шаңырақтан құралды. Болыстар мен ауыл ағамандары
(старшындары) əрбір үш жылда жасырын сайланды. Орынбор генерал-
губернаторлығына Орал, Торғай облыстары; Батыс Сібірге Ақмола, Семей
облыстары, Түркістанға Жетісу жəне Сырдария облыстары кірді. Ал бұрынғы
Бөкей хандығының жерлері 1872 ж. Астрахан губерниясының құрамына
енгізілді. Маңғыстау уезі 1881 ж. құрылған Закаспий облысына кірді.
Осылайша Маңғыстау Қазақ жерінен мүлде оқшауланды.
1867-1868 жж.
ережелер екі жылға есептеліп, «уақытша» енгізілген болатын. Бірақ жаңа
отарлық тəртіптер жергілікті халықтың тарапынан күшті қарсылыққа тап
болып, бұл ережелерді енгізу 20 жылға созылып кетті.
Əкімшілік-аумақтық
реформалар жүзеге асырылғаннан кейін патша өкіметі 1886 ж. 2 маусымда
«Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже», ал 1891 ж. 25 наурызда «Ақмола,
Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы Ереже» қабылдады.
Бұлар енді уақытша ережелер емес, нақты заң ретінде енгізілді. Жаңа
ережелерге сəйкес Қазақ жерінде екі генерал-губернаторлық құрылды: 1.
Түркістан генерал-губернаторлығының (Ташкент) құрамына Ферғана,
Самарканд жəне Сырдария облыстары кірді. 2. Далалық генерал-
губернаторлығының (Омбы) құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу
облыстары енді. 1886, 1891 жж. ереже бойынша генерал-губернаторлардың
билігі бұрынғысынан да күшейіп,
бүкіл қазақ жері Ресей империясының
мемлекеттік меншігі болып жарияланды.
XVIII ғ. аяғы-XIX ғ. басында Kiшi жүздегі қазақ халқының едəуip
топтары Жайық пен Еділ өзендерінің аралығына көшіп барып, 1801 ж. ішкі,
яғни Бөкей хандығын құрды. XVIII ғ. аяғына қарай Кіші жүздегі Сырым
Датов көтерілісі бəсеңдегенде, хандар мен сұлтандар есін жиып, көтеріліске
қатысқан руларды қудалау басталды. Қарапайым халықтың дағдылы
шаруашылық ырғағы бұзылды. Күйзелістің терең болғаны сонша, осы бip
ауыр кезеңнен «аман қалу» ең басты мəселеге айналды. Киіз үйлері мен
күркелері жырым-жырым құрақ киізбен жабылған, алба-жұлба киінген


қазақтар, шектен шыққан жоқшылықтан өз балаларын шеп тұрғындары мен
хиуалық феодалдарға əйтеуip тipi қалсын деген ниетпен сатуға мəжбүр
болды. 1815 ж. Гурьевте бip айда ғана жүзге жуық ұлдар 3-4 дағар (үлкен қап,
қанар), қыздар 2-3 дағар қара бидай ұнына сатылған.
Kiшi жүздің оңтүстігінде Хиуа хандығы Сырдария бойындағы
қазақтарды күшпен басып алып, ауылдарын тонады. 350 адамды өлтіріп,
1035 кыздар мен əйелдерді құлдыққа алып, 4173 түйе, 7085 жылқы, 113 820
сиыр мен 45 645 қойды айдап əкетті. Осындай жағдайларда Жайықтын оң
жағасындағы бос жатқан құмды ауданға ауылдар үдере көшті.
Жаңа жағдайларда патша үкіметі қазақтардың «ішкі жаққа» өтуіне қарсы
болмады. Аумақты бере отырып, үкімет Kiшi жүзде отарлауға қарсы
басталған күресті бəсеңдетуге, сөйтіп, халықтың сеніміне кіруге үміттенді.
Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтан үкіметтің қолдауын пайдаланып,
Жайықтың оң жағасында өз хандығын құруға құлшынды. Бөкей хандығы
жинақы жəне шағын болды, аумағы шығыстан батысқа қарай 350 шақырым,
солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді қамтыды. Жайылымның
аздығынан, дəстурлі экстенсивті игеру əдістерінің орнына, оларды
интенсивті игеріп, орыс əкімшілігі ішкі Орданы Қазақ даласының «үлгілі»
аймағы етпекші болды. Жер қатынастарында жеке жəне феодалдық меншік
құқықтық мəртебе алды. XIX ғ. екінші ширегінен бастап, Жəңгір ханның
бастамасымен шұрайлы жерлер ат төбеліндей феодалдарға беріліп, халықтың
негізгі бұқарасы жер таршылығы мен ауыр қанаудың қыспағына түсті.
Бөкейдің баласы, хан тағына 1824 ж. отырған Жəңгір патша үкіметінің
қолдауына сүйеніп, қоғам өмipi мен халық тұрмысын, жергілікті басқару
жүйесін қайта құра бастады. Ол көшпелілердің отырықшылануын, хуторлар
салуын, далада ағаш өcipyдi, мал тұқымын жақсартуды жəне ауыл
шаруашылық саймандар əкелуді, мектептер, училищелер, мешіттер ашуды
жəне ауылдарда молдалар санының өсуін, сауданы қолдап отырды. Жəңгір
ханның еуропалық үлгідегі алгашқы мектептер ашуы сол кездегі Қазақстан
үшін елеулі жаңалық еді.
Алайда, Ішкi Орданың бүкіл халқы хан мен оның маңайындағылар
тарапынан, сонымен 6ipгe патша үкіметі тарапынан аяусыз қаналып жатты.
Жəңгірдің жаңалықтары күштеу арқылы енгізілді. Сондықтан XIX ғ. 30-
жылдарының ортасында саяси дағдарыс шиеленісіп, И. Тайманов пен М.
Өтемісов басшылық еткен көтеріліске ұласты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет