А. Амангелді, С. Симбаева



Pdf көрінісі
бет154/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   165
Байланысты:
Снимок экрана 2023—02—02 в 12.33.47

ІІ. Бұрынғы өткен шақ 
Давнопрошедшее время 
Бұрынғы өткен шақ – бұрын болып өткен қимыл-әрекетті білдіреді. 
Бұрынғы өткен шақ етістіктің түбіріне –ған/-ген, -қан/-кен жұрнағы 
жалғанып, одан соң жіктік жалғаудың қысқа түрі жалғану арқылы 
жасалады. 
Жекеше
І-жақ Мен етістік+ -ған/-ген, -қан/-кен + жік. жал. 
ІІ-жақ Сен етістік+ -ған/-ген, -қан/-кен + жік. жал. 
Сіз етістік+ -ған/-ген, -қан/-кен + жік. жал. 
ІІІ-жақ Ол етістік+ -ған/-ген, -қан/-кен. 


166 
Көпше 
І-жақ Біз етістік+ -ған/-ген, -қан/-кен + жік. жал.
ІІ-жақ Сендер етістік+ -ған/-ген, -қан/-кен + жік. жал. 
Сіздер етістік+ -ған/-ген, -қан/-кен + жік. жал.
ІІІ-жақ Олар етістік+ -ған/-ген, -қан/-кен. 
ІІІ. Ежелгі өткен шақ 
Неочевидное прошедшее время 
Ежелгі өткен шақта сөйлеуші хабарды өзі білмейді, бөтен біреуден 
естиді немесе бұл хабар жөнінде сенімді емес. Ежелгі өткен шақ етістіктің 
түбіріне -ып/-іп/-п жұрнағы жалғанып, одан соң жіктік жалғаудың қысқа 
түрі жалғану арқылы жасалады. 
Жекеше
І-жақ Мен етістік+ -ып/-іп/-п + жік. жал. 
ІІ-жақ Сен етістік+ -ып/-іп/-п + жік. жал. 
Сіз етістік+ -ып/-іп/-п + жік. жал. 
ІІІ-жақ Ол етістік+ -ып/-іп/-п.
Көпше 
І-жақ Біз етістік+ -ып/-іп/-п + жік. жал.
ІІ-жақ Сендер етістік+ -ып/-іп/-п + жік. жал. 
Сіздер етістік+ -ып/-іп/-п + жік. жал.
ІІІ-жақ Олар етістік+ -ып/-іп/-п. 
ІV. Ауыспалы өткен шақ 
Переходное прошедшее время 
Ауыспалы өткен шақ болып өткен, дағдыға айналған қимыл-әрекетті 
білдіреді. Ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдары: 
1. Етістіктің түбіріне -атын/-етін, -йтын/-йтін жұрнақтары жалғанып, 
одан соң жіктік жалғаудың толық түрі жалғану арқылы жасалады. 
Мысалы: 
Жекеше
І-жақ Мен түбір етістік+ -атын/-етін, -йтын/-йтін + -мын/-мін 
Мен айт+атын+мын 
ІІ-жақ Сен түбір етістік+ -атын/-етін, -йтын/-йтін + -сың/-сің 
Сен айт+атын+сың 
Сіз түбір етістік+ -атын/-етін, -йтын/-йтін + -сыз/-сіз 
Сіз айт+атын+сыз 
ІІІ-жақ Ол түбір етістік+ -атын/-етін, -йтын/-йтін 
Ол айт+атын 
Көпше 
І-жақ Біз түбір етістік+ -атын/-етін, -йтын/-йтін + -мыз/-міз, -быз/-біз 
Біз айт+атын+быз 
ІІ-жақ Сендер түбір етістік+ -атын/-етін, -йтын/-йтін + -сыңдар/-сіңдер 
Сендер айт+атын+сыңдар 
Сіздер түбір етістік+ -атын/-етін, -йтын/-йтін + -сыздар/-сіздер 
Сіздер айт+атын+сыздар 
ІІІ-жақ Олар түбір етістік+ -атын/-етін, -йтын/-йтін 


167 
Олар айт+атын 
2. Ауыспалы өткен шақтың екінші түрі етістіктің түбіріне -атын/-етін, 
-йтын/-йтін, -ушы/-уші жұрнақтары жалғанып, еді көмекші етістігімен 
тіркесу арқылы жасалады. Мысалы: 
Жекеше
І-жақ Мен түбір етістік+ -атын/-етін, -йтын/-йтін, -ушы/-уші еді + жік.ж. 
Мен айт+ушы едім 
ІІ-жақ Сен түбір етістік+ -атын/-етін, -йтын/-йтін, -ушы/-уші + жік.ж. 
Сен айт+ ушы едің 
Сіз түбір етістік+ -атын/-етін, -йтын/-йтін, -ушы/-уші + жік.ж 
Сіз айт+ ушы едіңіз 
ІІІ-жақ Ол түбір етістік.+ -атын/-етін, -йтын/-йтін 
Ол айт+ ушы еді 
Көпше 
І-жақ Біз түбір етістік+ -атын/-етін, -йтын/-йтін, -ушы/-уші еді + жік.ж. 
Біз айт+ушы едік 
ІІ-жақ Сендер түбір етістік+ -атын/-етін, -йтын/-йтін, -ушы/-уші еді + жік.ж 
Сендер айт+ушы едіңдер 
Сіздер түбір етістік+ -атын/-етін, -йтын/-йтін, -ушы/-уші еді + 
жік.ж. 
Сіздер айт+ушы едіңіздер 
ІІІ-жақ Олар түбір етістік+ -атын/-етін, -йтын/-йтін, -ушы/-уші еді + жік.ж. 
Олар айт+ушы еді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет