176
етістіктің түбіріне -ғы/-гі кел аналитикалық
форманты тіркесу арқылы
жасалады. Ерікті қалау райда қалау мағынасының кімге қатысты екендігі -
ғы/-гі жұрнағынан кейін жалғанатын тәуелдік жалғауы арқылы көрінеді.
Тілекті қалау рай қимылдың жасалуын субъектінің,
сөйлеушінің
тілейтінін білдіреді: келсе екен, келсе игі еді, келгей еді. Тілекті қалау рай
екі түрлі тәсілмен жасалады: синтетикалық және аналитикалық.
Тілекті қалау райдың синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы: етістіктің
түбіріне -ғай/-гей, -қай/-кей жұрнақтары жалғанып,
одан кейін жіктік
жалғауы жалғанады: Қарағым, тезірек келгейсің.
Тілекті қалау райдың аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы:
1. -ғай/-гей, -қай/-кей еді форманты арқылы жасалады: ол білгей еді,
сен келгей едің. Тілекті қалау райдың жақ мағынасы жіктік жалғаудың
қысқа түрінің еді көмекші етістігіне жалғануы арқылы беріледі.
2. -са/-се екен форманты: айтса екен, алсам екен. Тілекті қалау райдың
бұл тұлғасымен жасалған түрінің жақ мағынасы екі түрлі беріледі: а)
жіктік жалғаудың қысқа түрі -са/-се жұрнағынан соң жалғанады: мен
білсем екен, ә) жіктік жалғаудың толық түрі
екен көмекші етістігіне
жалғанады: сен алса екенсің.
3. -са/-се игі еді форманты: естісе игі еді. Тілекті қалау райдың бұл
түрінің жақ мағынасы жіктік жалғауының қысқа түрі арқылы беріледі. Ол
бірде -са/-се жұрнағына, бірде еді көмекші етістігіне жалғанады: келсем игі
еді, келсе игі едім.
4. -са/-се еді: келсе еді. Тілекті қалау райдың бұл түрінің жақтық
мағынасы жіктік жалғаудың қысқа түрінің не -са/-се жұрнағынан кейін, не
еді көмекші етістігінен кейін жалғануы арқылы беріледі: келсем еді, келсе
едім.
Тілекті қалау райдың болымсыз түрі -ма/-ме
жұрнағының алдына
жалғануы арқылы жасалады: бармағайсың, алмаса екен,
кетпесе игі еді,
көрмесе едім.
Достарыңызбен бөлісу: