ҮСТЕУ
Наречие
Үстеу – іс-қимылдың, амал-әрекеттің белгісін, жай-күйін, мезгілін,
мекенін, мөлшерін білдіретін сөз табы. Үстеулер қалай? қанша? қашан?
қайда? қайдан? сұрақтарына жауап береді. Сөйлемде пысықтауыштың
қызметін атқарады. Кейде зат есім сияқты түрленіп, басқа да сөйлем
мүшелерінің қызметін атқарады. Мысалы: Еріншектің ертеңі бітпес.
1. Үстеулер тұлғасына қарай (по способу обарзования) негізгі
(непроизводные) және туынды (производные) болып екі топқа бөлінеді.
Негізгі түбір үстеулер деп құрамы жағынан бөлінбейтін, негізгі түбір
сөз арқылы іс-қимылдың, амал-әрекеттің түрлі белгісін білдіретін сөздер
аталады. Негізгі үстеулер: қазір, бүгін, таңертең, ерте, кешке, әуелі, кеше,
мана, бағана, ілгері, кері, әрмен, бермен, шапшаң, жорта, әдейі, қасақана,
177
дереу, мүлде, өте, тым, ең, нағыз, үнемі, бұрын, кеш, аса, әрі, бері, дәл, сәл,
тез, жиі, тым, әрең, тіпті, үнемі.
Туынды түбір үстеулер деп басқа сөз таптарынан сөзжасамдық
жұрнақтар арқылы, сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы жасалған үстеу
сөздер аталады. Туынды үстеулердің жасалуы (образование производных
наречий):
І – жұрнақтар арқылы:
-ша/-ше – адамша (сөйлейді), жаңаша (ойлайды), балаша (күлді),
көзінше (айтты), бұлбұлша (сайрады);
-лай/-лей, -дай/-дей, -тай/-тей – ақшалай (берді), осылай (жауап бер),
шикілей (әкелді), тікелей (хабар), таудай (болды), үйдей (көп), күздей
(дайындалды), аттай (шапты), жастай (үйленді), жібектей (созылды);
-дайын/-дейін, -тайын/-тейін – тотыдайын (таранған), бұлақтайын
(сылдырлап), сұңқардайын (сыланған), бөрідейін (жол тартып), түлкідейін
(түн қатып);
-шама, -шалық – осыншама (сөйледі), осыншалық (жүгіру), соншама
(көп), соншалық (қуанды);
-шылап/-шілеп – айтшылап (жүру), сиыршылап (кетті), итшілеп (күн
көру), малшылап (жүр);
-майынша/-мейінше, -пайынша/-пейінше – оқымайынша (жауап
бермейді),
тыңдамайынша
(айтпайды),
айтпайынша
(келмейді),
естімейінше (бармайды), көрмейінше (сенбейді), кетпейінше (тыныштық
жоқ);
-қары/-кері/-гері – сыртқары (сыртқа таман), ұшқары (ұшына дейін),
ішкері (ішке таман), ілгері (алға қарай);
-ын/-ін, -сын/-сін – жасырын (тұрды), үстіртін (жауап берді), жазын
(күтті), ертеңгісін (келеді), кешкісін (барады).
ІІ – көнеленген септік жалғаулары арқылы:
Барыс септігі: жатқа (айтты), артқа (жылжыды), босқа (жүрме), кешке
(қайт), текке (ұрысты), зорға (көтерді), алға (шықты), бірге (келді);
Жатыс септігі: баяғыда (болыпты), қапыда (қалды), аңдаусызда
(сөйледі), лезде (өтті), күнде (жауап берді), артта (қалды), түнде (жүрді);
Шығыс септігі: шалқасынан (құлады), тосыннан (сөйледі), шетінен
(тарады), кеңінен (әңгімелесті), артынан (сөйледі), кенеттен (қайтыс
болды), шарасыздан (жылады), әуелден (білді), бірден (жауап берді);
Көмектес септігі: ретімен (санады), шынымен (ойлады), кезекпен
(барды), жөнімен (сөйледі), жайымен (жүрді), көзімен (көрді), құлағымен
(естіді).
ІІІ – сөздердің бірігуі арқылы туынды түбір үстеулер жасалады.
Мысалы: әжептәуір, әлдеқашан, биыл, былтыр, таңертең, қыстыгүні,
жаздыгүні, солғұрлым, түнеугүні, ендігәрі т.б.
ІV – туынды түбір үстеулер сөздердің қосарлануы арқылы да
жасалады: бостан-босқа, оқта-текте, енді-енді, анда-санда, жата-жастана,
178
бірте-бірте, әлсін-әлі, үсті-үстіне, бет-бетіне, ертелі-кеш, ауызба-ауыз,
қолма-қол.
2. Үстеулер құрамына қарай (по составу) дара (простые) және
күрделі (сложные) болып екі топқа бөлінеді.
Дара үстеулер деп құрамы бір ғана сөзден тұратын, қимыл-әрекеттің
түрлі белгілерін білдіретін сөздер аталады.
Күрделі үстеулер деп екі сөзден тұрып, қимыл-әрекеттің бір белгісін
білдіретін сөздер аталады: қыстыгүні, бірталай, анда-санда. Күрделі
үстеулер қимыл-әрекеттің түрлі белгісін я мезгіл, мөлшерін білдіретін
сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалады. Күрделі
үстеулердің жасалуы:
а) сөздердің бірігуінен (кіріккен, біріккен): бүгін (бұл+күн), биыл
(бұл+жыл), жаздыгүні (жаздың+күні), қыстыгүні (қыстың+күні), таңертең
(таң+ертең), анағұрлым (ана+құрлым), ендігәрі (ендігіден+әрі);
ә) сөздердің қосарлануынан: анда-санда (келді), тез-тез (жүрді), бірте-
бірте (үйреніп қалды), емін-еркін (сөйледі), күні-түні (істеді), бет-бетімен
(кетті);
б) сөздердің тіркесуі арқылы: 1. грамматикаланған тіркестер: таң
сәріде (тұрды), ертеден қара кешке дейін (жұмыс істеді), ала жаздай (ән
салды), күні бойы (дайындалды), күні бұрын (білді); 2. идиомаланған
тіркестер: қас пен көздің арасында, қаннен қаперсіз, көзді ашып жұмғанша,
ертеден қара кешке дейін т.б.
3. Үстеулер мағынасына қарай (по значению) сегіз топқа бөлінеді:
1. Мезгіл (времени). Сұрақтары: қашан? (когда?), қашаннан? (с каких
пор?). Кеше, бүгін, ертең, қазір, бағана, кешке, ертемен, ертесіне, таңертең,
таңсәріде, түнеугүні, бүрсігүні, биыл, былтыр, ежелден, енді-енді, анда-
санда, оқта-текте, күні бойы, ала жаздай, қыстыгүні т.б.
2. Мекен (места). Қайда? (где? Куда?), қайдан (откуда?). Әрі, әрмен,
бері, бермен, жоғары, төмен, алға, артқа, ішке, іште, ішкері, ілгері, мұнда,
сонда, тысқары, сыртта, жолшыбай, жол-жөнекей, тұс-тұсында, алды-
артында т.б.
3. Мөлшер (количества и меры). Қанша ? (сколько?), қаншалық? (на
сколько?, қаншадан (по сколько?), нешеден? (по сколько?). Сонша, онша,
оншалық, соншалық, мұнша, мұндайлық, сондайлық, біраз, бірталай,
недәуір, неғұрлым, бірен-саран, азды-көпті, анағұрлым, азғантай, талай,
қыруар.
4. Сын-бейне (образа действия). Қалай? (как?), қалайша? (каким
образом?), қайтіп? (каким способом?). Тез, жылдам, әрең, әзер, дереу,
жедел, шапшаң, кенет, үнемі, құр, түгел, осылай, көйлекшең, етпетінен,
шалқасынан, пісілей, шикілей, былайша, әлінше, тікелей, бірге, зорға,
аздап, қолма-қол, ауызба-ауыз, көзбе-көз, бетпе-бет, дәлме-дәл, емін-еркін.
179
5. Күшейту (усилительные). Қалай? (как?), қандай? (какой?), қайтіп?
(каким образом?). Аса, нағыз, ең, өте, тым, тіпті, керемет, орасан, мүлдем,
мейлінше, сәл, нық, дәл, айрықша, барынша, кілең, небір, өңкей, әбден.
6. Мақсат (цели). Неге? (зачем?), не үшін? (для чего?), не мақсатпен?
(с какой целью?). Әдейі, жорта, қасақана, көре тұра, біле тұра, әдейілеп.
7. Себеп-салдар (причины и следствия). Не себепті? (по какой
причине?), қалай? (как), неге? (почему?). Амалсыздан, босқа, бекерге,
текке, лажсыздан, шарасыздан, құр босқа, жоққа, тектен-текке, әншейін.
8. Топтау (группирующие). Қалай? (как), қаншадан (по сколько?). Бір-
бірден, екеулеп, аз-аздап, көп-көптен, бас-басына, жұп-жұбымен, рет-
ретімен, тең-теңімен, топ-тобымен.
Достарыңызбен бөлісу: |