ошағынан арылу шаралары
К е р е к т i ж а б д ы қ т а р. Тiрi қояндар, шприц, ұсақ инелер, йод
тұнбасы, 70%-ды спирт, скальпель, қайшы, стерильденген тампондар,
антибиотиктер, көрнектi құралдар, биопрепараттар, малдәрiгерлiк заң
кiтаптары.
О р н ы ж ә н е ж ү р г i з у т ә р т i б i. Сабақ кафедра дәрiсханасында
жүргiзiледi. Студенттерден сұрау арқылы ауруды балау әдiстерiне талдау
жасалынып, қояндарға биологиялық сынама қойылады. Студенттер биопре-
паратттармен танысып, арнайы әдiстемелiк нұсқауда көрсетiлген iндеттiк
жағдайларға байланысты ауруға қарсы жүргiзiлетiн арнайы күрес шарала-
рының жоспарын құрады.
Б а л а у ә д i с т е р i. Ауески ауруын клиникалық белгiлері арқылы
балау көп қиындық тудырмайды. Ауруға шалдыққан жануарлардың барлық
түрiнен орталық жүйке жүйесiнiң зақымданғанынан туындайтын клиникалық
белгiлер байқалады. Сондықтан оны жалған құтырық, жұқпалы салдану,
қышымалы оба, қышымалы құтырық деген қосалқы атаулармен атаған.
Ауески ауруы көп жағдайда басқа жұқпалы аурулармен қабаттаса жүредi.
Сондықтан аурудан ада шаруашылықтарда оның түбегейлi балауы
iндеттанулық, клиникалық, лабораториялық әдiстердi жүйелi түрде қолдану
арқылы қойылады.
I н д е т т а н у л ы қ б а л а у. Iндеттанулық талдау жүргiзгенде
алдымен iндет процесiнiң бастауын анықтауға баса назар аударылады.
Iндеттiң доңыздар арасында басталып, олардан басқа малдарға жұғатыны
ескерiлiп, шаруашылыққа сырттан доңыздың немесе оның өнiмдерiнiң азық
ретiнде алынғандығы анықталады. Алынбаған жағдайда доңыз қораларын-
дағы Ауески вирусын денелерiнде жасырын алып жүрген доңыздар әртүрлi
стресс факторлардың әсерiнен өздiгiнен аурудың жiтi, жұғымтал түрiмен
ауырып, iндеттiң таралуына себепкер болатыны ескерiлiп, шаруашылықтың
аурудан бұрынғы жылдардағы iндет ахуалы анықталады.
137
Iндеттанулық талдау барысында тағы бiр ескерiлетiн жәйт, iндет етек
алған доңыз қорадан тышқан тектестердiң басқа қораларға қарай жаппай
өрбуi және олардың өлекселерiнiң байқалуы (егеуқұйрық, тышқан өлексе-
лерінде ауру қоздырушы вирус 170 күнге дейін сақталады). Сонымен қатар
ферма маңындағы ит пен мысықтың қышынып ауыра бастауы назарға
алынады.
Ауески ауруынан сау емес шаруашылықтардан жеммен бiрге тышқан-
дардың өлекселерi әкелiнiп, солар арқылы да iндеттiң таралуы мүмкiн.
К л и н и к а л ы қ б а л а у. Ауруға тән негiзгi клиникалық белгi -
қышыну, доңыздан басқа барлық жануарларда байқалады. Бiрақ бұл белгiнiң
өзi iндеттiң бастапқы кезеңiнде ғана айқын көрiнедi. Сонымен қатар,
клиникалық бегiлер жануарлардың түрiне, жасына, жұғу жолдарына байла-
нысты да әр түрлi болады.
Мысалы, вирус құрсақта жұққан торайлар туғаннан кейiн септикалық
түрде ауырып, 4-12 сағат аралығында шығынға ұшырайды.
П а т а н а т о м и я л ы қ өзгерiстер Ауески ауруында айқын
байқалмайды.
Л а б о р а т о р и я л ы қ з е р т т е у: патологиялық материалдарды
арнайы торша өсініне жұқтырудан, биологиялық сынамадан, НР, ИФР, ДПР,
КБР, ИФТ қоюдан тұрады.
П а т о л о г и я л ы қ м а т е р и а л д ы а л у ж ә н е о н ы з е р т т е у-
г е д а й ы н д а у т ә р т i б i. Өлексенiң миының әр бөлiктерiнен, өкпесiнен,
көкбауырынан, бауырынан алынған кесiндiлер стерильденген шыны сауытқа
салынып, мұзы бар термосқа орналастырылады. Қажет болған жағдайда
патологиялық материал 50%-ды глицериннiң буферленген ерiтiндiсiмен
консервацияланады. Танау қуысынан стерильденген дәке арқылы жағынды
алынып құтыдағы Генк ерiтiндiсiне батырылып аузы тығындалады.
Патологиялық материал жолдама қағазбен лабораторияға жiберiледi.
Жолдама қағазда аурудың клиникалық белгiлерi, патология-анатомиялық
өзгерiстер және вакцинаның қолданылғаны жайында деректер көрсетiлуi
қажет.
Лабораторияда патологиялық материал ұнтақталып, одан физиологи-
ялық ерiтiндiде 10%-ды езiндi дайындалады. Дайындалған езiндi центрифу-
ганың 3-5 мың айналым минутында 15-30 минут ұсталынып, зерттеуге тұнба
бетiндегi мөлдiр сұйығы алынады. Қолданылар алдында материалға
антибиотиктер қосылып, 40 С 8-10 сағат ұсталуы тиiс.
Б и о с ы н а м а салмағы 2-2,5 кг екi қоянға қойылады. Дайындалған
материал қояндардың терi астына немесе етiне 1 мл көлемде енгiзiледi.
Вирустың вируленттiлiгiне (уыттылығына) байланысты аурудың жасырын
кезеңi 2 күннен 12 күнге дейiн созылады. Егер сынамадағы қояндарда ауруға
тән клиникалық белгiлер байқалып, соңынан шығынға ұшыраса, биоло-
гиялық сынаманың нәтижесi оң деп бағаланады. Сынамадағы қояндар
клиникалық белгiлер бермей аяқ астынан шығынға ұшырауы да мүмкiн, онда
138
олардың өлекселерiнен материал алынып, сынама басқа қояндарға жалғас-
тырылады.
Вирусты анықтау мақсатымен патологиялық материал трипсинделген
торша өсіндеріне жұқтырылады. Бiрiншi қабат жұқтырылғанда цитопатоло-
гиялық өзгерiстер өсінде 4-5 күнде байқалады. Жұқтырылу бiрнеше рет
қайталанса, цитопатологиялық өзгерiстер айқын көрiнедi. Өсіндердегі вирус
түрлерi бейтараптау реакциясымен ажыратылады.
С е р о л о г и я л ы қ ә д i с т е р. Жануарлардың қан сарысуынан
телімді антиденелердi анықтауға жоғарыда аталған бiрнеше серологиялық
реакцияларды қолдануға болады. Ауески вирусының антигенiн дайындау
технологиясының өндiрiстiк жолға қойылмағандығынан серологиялық
әдiстер практикада кең түрде қолданылмайды.
Осы мақсаттармен жүргiзiлетiн шаралар көрсетiлген. Iндет орын алған
шаруашылықта арнайы шаралар жүйелi түрде жүргiзiлген жағдайда аурудан
толық түрде арылуға болады. Ауески ауруында бiрнеше инактивтелген және
тiрi вакциналар қолданылады. Ақырғылары ВГНКИ және БУК-28 штамда-
рынан алынған иммунды вакциналар.
1. Аналық табындарды тек қана бұл 1. Карантин қою. Ауруын,
iндеттен ада шаруашылықтан алынған сауларынын оқшаулап
жануарлармен немесе өз төлiмен ғана гипериммунды қан
толықтыру. сары-суымен, симптомати-
калық дәрiлермен емдеу.
2.Сырттан қабылданған жануарларды 2. Сауларын вакциналау.
карантиндеу.
3.Емдеуге жарамсыздарын
3. Ет қоректiлерге ерiксiз сойылған сойып,еттерiн патологиялық
жануарлардың етiн, ағзаларын қайна- өзгерістер болмаса қайнатып
тып беру. қолдану.
4. Фермаға иесiз ит пен мысықты зар- 4. Жануарлардың қиын
жолатпау. арсыздандыру.
5.Қораларда, азық қоймаларында тыш 5. Сүттi пастерлизациялап
қан тектестерді жою. немесе қайнатып қолдану.
6. Ауру шығатын қауiп болса жануар- 6. Өлексенi, ерiксiз сойылған
ларды вакциналау. жануарлардың iшкi
ағзаларын жою.
7.Дезинфекция, дератизация.
26-сурет. Ауески ауруына қарсы қолданылатын күрес
шараларының кестесi.
Дауалау шаралары
Арылу шаралары
139
Д а у а л а у және і н д е т о ш а ғ ы н а н а р ы л у ш а р а л а р ы.
Дауалау шараларын шаруашылық фермаларында ғана емес, сонымен қатар
синантропты ауру қоздырушысын жасырын тасымалдаушылар антропур-
гиялық ошақтар тудыра алатын ауқымды, яғни қатер төнген аймақта да
жүргізу қажет. Доңыз шаруашылықтарында вирус тасымалдаушыларды
биологиялық сынамалар арқылы (теңіз тышқаны, қояндар), ал жануарларды
серологиялық әдістер арқылы анықтайды.
Дауалау шараларында жазғы айларда доңыздарды лагерлік жағдайда
ұстау, фермалардағы объектілерді дезинфекциялау, санациялау, дератизация
жұмыстарын жүргізу, жануарларды індеттің шығуына қатер төнген жағдайда
арнайы вакциналарымен егу маңызды роль атқарады.
Сондықтан жоспар құрғанда үй жануарларымен қатар жабайы
жануарлардың (соның ішінде кемірушілердің) популяциясы (әсіресе доңыз
фермаларына байланысты) ескерілуі қажет.
Ауески ауруын дауалау, індет ошағынан арылу шаралары 26-суретте
көрсетілген. Ауески ауруында еріксіз сойылған доңыз ұшасы темпера-
туралық режимдерде өңделіп қолданылады. Бұл ауруда доңыз терісі
сыпырылмай, үйітілуі қажет.
15-зертханалық сабақ. Пастереллездi балау, дауалау және індет
Достарыңызбен бөлісу: |