Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет80/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

Індетті лимфангит (Lymphangitis episootica, бластамикоз, африкалық 
маңқа, лимфа түйіндерінің ііндеттік қабынуы, мандам) тері мен тері асты 


155 
клетчаткасының сөл түйіндерінің іріңді қабынуымен, грануломатозды 
жарақаттармен сипатталатын, созылмалы түрде өтетін тақ тұяқтылардың 
жұқпалы ауруы. 
Ауру қоздырушысы – Cryptococcus farciminosus – патогенді саңырау-
құлақ, формасы сопақша торша түрінде кездесетін криптококтар. Олар Грам, 
Романовский – Гимза әдістерімен жақсы боялады. Арнайы қоректік орта 
ретінде Сабуро агары қолданылады. 
Ауру қоздырушысы сыртқы ортаға өте төзімді.Тиімді дезинфектанттар 
ретінде күкіртті карбол немесе күйдіргіш натрдың 10 % -ды, формалиннің 5 
% -ды ыстық ерітінділері қолданылады.
Індеттанулық зерттеу жүргізгенде бұл аурудың жылқы шаруашылық-
тарында спорадиялық жағдайда байқалатыны ескеріледі. 
Жылқының бұл ауруларын ажыратып балауда маллеин сынамасы басты 
рол атқарады. Маңқа бүгінгі күні Қазақстан аумағында тіркелмеген, ал 
індетті лимфангит спорадиялық жағдайда кездеседі. Ал сақау ауруы 
Қазақстан территориясында жергілікті инфекция ретінде кең түрде 
байқалады. 
Маллеин сынамасының маңқа ауруын анықтау үшін қолдану көп 
қиындықтар тудырмайды. Ол үшін арнайы биофабрикада дайындалған 
маллеинді жылқының көзіне тамызу арқылы іске асырады. Реакция нәтижесі 
24-сағаттан кейін есепке алынады. Маллеинге оң нәтиже көрсеткен малдың 
қан сарысуы КБР-әдісімен зерттеледі. Серологиялық әдіс маңқаның белсенді 
формасын анықтауда өте маңызды. Оң серологиялық реакция берген мал өте 
қауіпті болып саналады, сондықтан тез арада жойылуы шарт. 
Бұл аурумен күрес шаралары нұсқауына сәйкес барлық сойылатын 
жылқы, сойылар алдында клиникалық зертеулермен қатар маллеинмен 2-рет 
тексеріліп, оның теріс нәтижесі бойынша ғана сойылуға жіберіледі. 
Маңқа, індетті лимфангит анықталған жағдайда шаруашылыққа каран-
тин, ал сақауда шектеу қойылады. Бүгінгі күнге дейін бұл ауруларға қарсы 
вакцина өндірілмеген. Әйтседе ғылыми деректерде сақауға қарсы вакци-
наның қолданатыны көрсетілген, бірақ ветеринариялық практикада кең түрде 
қолданылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет