147
сарысулармен дер уақытында егiп отырған жағдайда, белгiлi бiр мерзiмге
дейiн iндеттiң алдын алып отыруға толық мүмкiндiктер бар.
Сарып пен шірікбақайды дауалау мақсатымен сырттан алынған жануар-
ларды дауалық карантин мерзiмiнде ұстап, тұяқтарын кесiп тазалап, оларды
10%-ды формальдегид немесе 5%-ды пароформ ерiтiндiлерi құйылған
астаулардан өткiзiп отыру керек. Iндеттен ада шаруашылықтарда аталған
шаралар жоспарлы түрде, мал өсiру технологиясына сәйкес жылдың белгiлi
бiр айларында орындалады.
Анаэробты инфекциялардың жiтi түрде өршуiне байланысты iндет орын
алған шаруашылықта шектеу қойылады. Ауруға шалдыққан жануарлар
клиникалық әдiстердi қолдану арқылы анықталып, сауларынан оқшауланады.
Емге жарайтындары осы аурулардың (сарып пен бақайқұрттан басқа-
ларының) қоздырушыларына қарсы алынған арнайы қан сарысуларымен,
антибиотиктермен және басқада симптоматикалық дәрi-дәрмектермен
емделедi. Iндет ошағындағы ауруға тән клиникалық белгiлерi жоқ, дене
температуралары қалыпты мөлшердегi мал iндеттiң жұғуына қауiптi деп
саналып, арнайы вакциналармен иммунделедi.
Сiреспе, жегi, бақай құрт ауруларын қоздырушы микробтар әртүрлi
жарақаттар арқылы енетiнi ескерiлiп, алдыменен денедегi жарақаттары
анықталып, емдi бiрден сол жаралардан бастау қажет. Жарақаттар өлi еттер-
ден тазаланып (скальпельмен өлi ет сау жерінің беткi қабатымен қоса
сылынып алынды), марганец қышқыл калийдiң 5%-ды немесе басқа да
антимикробты ерiтiндiлердiң бiрiмен өңделедi. Соңынан денеге жайылған
уытты қайтару мақсатында антимикробты дәрмектер, анотоксин, симптома-
тикалық дәрiлер қолданылады.
Анаэробты инфекцияларды қоздыратын микробтардың топырақта
сақталатыны ескерiлiп өлiмге шалдыққан жануарлардың өлекселерi, iндет
ошағындағы малдың сағдары толық түрде өртелiнуi шарт.
Iндет ошағы тазаланып, телiм күйдiргiш натрийдiң 3-5%-ды фор-
мальдегиттiң 5%-ды ерiтiндiлерiмен, сөндiрiлген хлорлы әкпен күнделiктi
дезинфекцияланып отырылуы қажет.
Студенттің өзіндік жұмысы:
Достарыңызбен бөлісу: