Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет82/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

сауықтыру шараларын ұйымдастыру 
 
Қажетті жабдықтар. Лейкоформуланы анықтауға дайындалған жағын-
дылар (жағындылар алдын-ала кафедрада дайындалады, мүмкіндік болса 


157 
студенттер өз беттерімен қан алып жағындылар дайындайды). ДПР, ИФР, 
ГАР, ИФТ әдістерін қоюға арналған арнайы жиынтықтар.
Жүргізу орны және әдістемесі. Сабақ клиникада және кафедра 
дәрісханасында жүргізіледі. Клиникадағы жылқыдан қан алынып, жағынды 
жасау әдістемелері меңгеріледі, сонымен қатар індеттік жағдайды шешуге 
арналған тапсырмаларды оқытушы көмегімен орындайды. 
Жұқпалы анемия қазіргі кезде дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде 
кең тараған, Қазақстанда да жиі кездеседі. 
Індеттанулық зерттеу жүргізгенде бұл аурудың созылмалы түрде 
өтетіні ескеріліп, нозологиялық балау қоюға баса назар аударылады. Осы 
мақсатта бүгінгі күні ДПР, ГАР, ИФТ әдістері кең түрде қоданылады. 
Сонымен қатар бұл індеттің маусымдылығына жаз айларында қан сорғыш 
маса, соналардың әсері болатыны, індеттің тұрақты ошағын латентті түрде 
ауыратын жылқылар сақтайтыны ескеріледі. Аурудың індеттен сау шаруа-
шлықтарда байқалуының негізгі себебі - сырттан әкелінген жылқылар 
болады. 
Клиникалық белгілер бұл ауруда айқын байқалады. Аурудың негізгі 
белгісі малдың температурасының көтеріліп мезгіл-мезгіл безгектенуі. Бұн-
дай жағдай инфекциялық процестің бастапқы белгісі. Аурудың жіті өршуін-
де малдың температурасы 41˚С көтеріліп кейбір жағдайда малдың өлуіне 
дейін соқтырады. Ауырған малдардың температурасы ауытқып отырады. 
Әсіресе таңертеңгі температурадан кешкі температурасы айтарлықтай 
жоғары болады. Сондықтан жұқпалы анемияға секем болған жағдайда әр күн 
шаруашлықтағы малдың дене температурасы екі рет тексеріліп отырылуы 
ұсынылады. Мал температурасын зертеу нәтижелері аурудың нозологиялық 
балауын қоюда маңызды рөл атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет