Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет87/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

Бактериологиялық зерттеу материалды (түсіктің асқазанындағы 
сұйықтықты) микроскопиялаудан тұрады. Спираль тәріздес микроорга-
низмдердің анықталуы алдын ала балау қоюға мүмкіндіктер береді. 
Бұқалардың шыбық қабынан алынған кілегейді зерттеу арқылы ауру 
қоздырушысын анықтау мүмкіндігі өте төмен. Себебі алынған кілегейде 
басқа да микрофлоралар көптеп кездеседі.
Соңғы жылдары тайынша-тест деп аталатын Адлер әдісі практикада 
тиімді қолданылады. Ғылыми деректерге қарағанда бұл әдіс арқылы абсо-
лютті жағдайда ауру қоздырушысын жұқтырған бұқаны анықтауға болатыны 
көрсетілген.
Қойдың кампилобактериозының балауын бактериологиялық зерттеу 
арқылы қоюға болады. Қойда бұл аурудың негізгі клиникалық белгісі – іш 
тастау, әсіресе буаздықтың соңғы кезеңінде. Әлбетте тұсақ қойларының 
(бірінші туыт) бұл аурумен қоса жаппай хламидиозды инфекциядан іш 
тастайтынын назарға алу қажет.
Кампилобактериоздың індет ошағында ветсанитариялық шаралар қатаң 
орындалып, ауру мал оқшауланып, антибиотиктер басқа да антибакте-
риальды препараттар қолданылады. Бұқаларды емдеу қиындықтар тудырады. 
Бұл мақсатта қолданылатын емдік шаралар схемалары арнайы препараттарды 
қолдану нұсқауларында көрсетілген.
21- тәжірибелік сабақ. Паратуберкулезді балау, дауалау және
сауықтыру шаралары 
Керекті жабдықтар. Альттуберкулин, құс туберкулині, 2 грамдық 
піскектер, арнайы туберкулиндеу инесі, 70%-ды спирт. 


164 
Жүргізу орны және әдістемесі. Сабақ клиникада немесе шаруашы-
лықта жүргізіледі. Студенттер індеттанулық, клиникалық балау деректерін 
талдап, аллергиялық зерттеу әдістемелерін меңгеріп, ішектен жағынды алуды 
үйренеді. 
Індеттанулық балау қойғанда сиыр малынан басқа бұл аурумен жұп 
тұяқтылар (түйе, қой, ешкі, бұғы, қодас, зебу, киік) ауыратыны ескерілуі 
қажет. Паратуберкулез қоздырушысын жоғарыда көрсетілген малдардың
тасымалдаушысы ретінде болатыны ескеріліп, сырттан шаруашылыққа 
аналық мал тобын толықтыруға арналып алынған малдардың болып-
болмағаны анықталады. 
Аурудың айтарлықтай маусымдылығы жоқ, көбінесе кальций, фосфор 
элементтері тапшы сазды аймақтарда кездеседі. Негізгі жұғу жолдары али-
ментарлы. 
Сырттан мал әкелінген жағдайда ол аймақтың бұл аурудан індеттік 
ахуалы нақтыланады. Сонымен қатар шаруашылықтың мал азығымен 
қамтылғаны, оның құнарлығы, рационда концентраттар мен шөптің, басқа да 
минералды азықтардың баланстары зерттеледі. Аурудың спорадиялық 
жағдайда, әсіресе қыс айларында 3-5 жастағы малдарда анықталатынына мән 
беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет