Дизентерияны дауалау, ауру жануарды емдеу, індет ошағынан арылу шаралары. Дизентерияны дауалау, жалпы ветеринариялық-санита-
риялық шараларды дұрыс орындаудан тұрады. Ол үшін:
1) сырттан тек қана дизентериядан сау шаруашылықтардан жануарлар
әкелінуі қажет;
2) доңыз өсіру технологиясы және ветсанитариялық тәртіп, малды
дұрыс азықтандыру технологиясы сақталуы тиіс;
3) шамадан тыс малды топтастырмау қажет;
4) фермада санитариялық режимдер сақталуы керек;
5) қора-жай тұрақты түрде санациялануы тиіс.
Дизентерия алғаш рет анықталғанда, індет оашғындағы барлық жану-
арларды етке өткізіп, қора-жайды санациялау тиімді саналады. Ал бұл
аурудан тұрақты сау емес фермаларда профилактикалық шаралар жалпы
ветсанитариялық тәртіптерді дұрыс орындаудан және телімді емдеу препа-
раттарын қолданудан тұрады.
Дизентерияны дауалауға және емдеуге көптеген телімді дәрі-дәрмектер
қолданылады. Оларды қолдану схемалары жануарлардың жастық ерекше-
ліктеріне байланысты әртүрлі болады (арнайы нұсқауларға қараңыз).
Вирустық трансмиссивті гастроэнтерит (Дойл және Хитчингс ауруы)
– 3 аптаға дейінгі торайлардың диарея, құсықпен сипатталатын аса жұғымтал
вирустық ауруы.
Торайларда вирусты гастроэнтерит бактериалды инфекциялармен,
әсіресе (40 % жағдайда) колибактериозбен араласып байқалады.
Вирустық гастроэнтериттің нозологиялық балауы індеттанулық, клини-
калық, патология-анатомиялық зерттеулерді кешенді түрде қолдану арқылы
қойылады.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде торайлардың барлық тобы
азықтануларына, бағып-күтулеріне қарамастан жаппай ауыратыны, ауыру-
дың маусымдылығының болмайтыны және өте жоғары жұғымталдығы
ескерілуі қажет.
Негізгі к л и н и к а л ы қ б е л г і л е р і іш өту, анасының бауырындағы
сүтпен қоректенетін торайларда өте ауыр өтеді. Торайлардың өлімге шал-
дығу пайызы өте жоғары. Патология-анатомиялық өзгерістер гастроэнтерит
175
түрінде байқалады. Пат.материал ретінде жарақаттанған ішек және парен-
химатозды ағзалардан алынған кесінділер вирусологиялық және бактерио-
логиялық әдістермен зерттеледі.
Аурудың нақтылы балауын қоюда жас торайларға биологиялық сынама
қою маңызды.