З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет38/48
Дата08.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#66320
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48
Байланысты:
open-file

Л 
Лабильдік - өзгерістерге бейім, тұрақты емес. 
Лейкоэнцефалит-мидың ақ дақтарының қабынуы. 
Логикалық ойлау - түсініктердің арасында байланыс орнату арқылы мәселені 
шешуге қол жеткізудегі ойлау қабілеті. 
Логопедия - тілдің кемістігі және одан арылу жолдары туралы ғылым. 
М 
Магниттік жаңғырық (резонанс) арқылы бейнелер алу - магниттік жаңғырық 
арқылы бейнелер алуды қолдану, адам денесіне магниттік өріспен әсер ету 
жолдары арқылы және оның негізінде алынған мағлұматтар бойынша қуатын 
өлшеу - адамның денесінің кез келген ішкі бөлімдерінің, миды қоса алғанда, толық 
бейнесін жасауға мүмкіндік береді. 
Мақсаткерлік - белгіленген мақсатқа жете білу қабілеті. 
Манипуляция - қасиеті мен сипатына қарамастан қолдың заттармен байланысқан 
жай қимылдары. 
Мәселе (проблема) - шешілуге дайын, шешілмеген міндет немесе сұрақ. 
Менингит (meninges – ми қабықшалары, гректің «асқынбалы процесс» деген сөзін 
береді) – бұл бас миының немесе жұлын миының асқынбалы жағдайға ұшырауы. 
Мутизм (латынның mutus – мылқау деген мағынасын береді) – белсенді сөйлеуден 
бас тарту. Мутизмнің тотальды түрі (толықтай және әруақыттағы үнсіздік). Көп 
жағдайларда мұндай болжамдар жағымды жағдайда өтеді. 
Мектепке дайындық - мектептегі жүйелі және ұйымдасқан түрдегі оқуға көшуін 
қамтамасыз ететін мектеп жасына дейінгі ересек баланың морфофизиологиялық 
және психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. 


87 
Мектепке дейінгі жастағы баланың жаңа ішкі ұстанымы (позиция) - жаңа, 
қоғамда маңызы зор мәселелер іспеттес іліммен байланысты мектепке дейінгі 
жастың соңғы жылдарында пайда болатын жаңа мұқтаждар мен қажеттіліктер 
жүйесі. 
Мектепке психологиялық дайындық- мектепте ойдағыдай оқуды қамтамасыз 
ететін психологиялық қасиеттердің кешені. Оған интеллектуалдық (ойлау, 
қабылдай білу, еске сақтау сияқты танымдық қасиеттердің белгілі бір даму 
деңгейі); жеке тұлға ретіндегі (сана-сезім, күш-жігер мен жүріс-тұрыс); 
коммуникативтік (қарым-қатынас жасай білу дағдыларының белгілі бір даму 
деңгейі, үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас орната білу) дайындық 
сияқты компоненттері кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет