Эксперимент - эксперимент жасаушының сыналушының психикалық іс-әрекетін
анықтайтын шарттарды мақсатты түрде туғызып және
өзгертетін психологиялық
зерттеулердің негізгі әдістерінің бірі.
Эмоциялар - адамға әсер етуші құбылыстар
мен ситуациялардың маңызын
уайымдау формасында көрінетін психикалық көріністер.
Эмоциялар адамның
айналадағы дүниеге
қарым-қатынасынан, талап-тілектерінің
қанағаттандырылуы
мен қанағаттандырылмауы туралы уайымдарынан көрінеді.
Эмпатия - басқа адамдардың психикалық жағдайын түсіне білу.
Эмпирикалық - тәжірибеге негізделген.
Эпилепсия - (грекше epilepsia –ұстау, алу, тұту)-қояншық, талма, ұстамалы ауру.
Эпизодтарды тіркеу - нақты, бір оқиғаларды қысқаша сипаттау.
Бұл эпизодтарға баланың айтқан сөздерінен келтірілген
дәйек сөздер және оның
жүріс-тұрысында кездесетін ерекшеліктердің сипаттамалары кіреді.
Эрудиция – қандай да
білім саласындағы терең де, алуан түрлі таным.
Этиология (гректің
aitia - себеп, logos – оқу деген сөзінен алынған) –
аурудың
патологиялық жағдайларын зерттеумен айналысатын ғылым.