З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет40/48
Дата08.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#66320
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
Байланысты:
open-file

Оқу жоспары - қажетті материалдар мен сабақтарды көрсете отырып, балаларды 
оқыту үшін жоспарланған тақырыптар тізімі. 
Оқушының өзін-өзі бағалауы - оқушыларға өзінің жетістігін бағалауға, оқуының 
соңғы нәтижесіне жауапкершілікпен қарауына мүмкіндік туғызатын аутентикалық 
бағалаудың маңызды бөлігі. 
Оқыту- белгілі бір білім, шеберлік, дағды, іс-әрекет, жүріс- тұрыс әдеттері 
жиынтығын игеруге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған ұстаз бен 
тәрбиеленушілердің арасындағы өзара әрекет процесі. 
Оқыту әдісі - дидактикалық міндеттерге жетуге бағытталған өзара байланысқан 
ұстаз бен оқушы балалардың жұмыс тәсілдерінің жүйесі. 
Оқытуды жекешелендіру (индивидуализациялау) - оқушылардың жеке 
бастарының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқу процесін ұйымдастыру, ол әр 
оқушының барлық мүмкіндігін жүзеге асыру үшін тиімді жағдай туғызады. 
Оқытудың балаға бағдарланған әдіс-тәсілдері - педагогикалық процесстің 
баланың жеке қасиеттерін дамытуға бағдарлануы. 
Оқыту принциптері - оқытудың негізінде жатқан және оның жан- жағын: 
мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастырудың түрі мен құралдарын анықтайтын 
объективтік заңдылықтар, бастапқы ахуалдар. 
Окытуды саралау (бөліп қарау, дифференциация) - оқушылардың икемін, 
қызығушылығын, қабілетін ескере отырып, оқу жұмысын ұйымдастыру түрі. 
Оқыту технологиясы - қойылған дидактикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз 
ететін, оқытудың түрлері, әдістері, құралдарының жүйесінен тұратын, оқу 
бағдарламасында ескерілген, оқытудың мағынасын жүзеге асыру жолы. 
Олигофренопедагогика - дамуы артта қалған балаларға арналған педагогика 
саласы. 
Отбасылар кеңесі комитеті - жоспарлауға және бағдарламаны жүзеге асыруға 
байланысты ұсыныстар беру үшін, оқу орнының қызметкерлерімен арнайы 
кездесулер өткізіп тұратын, әр топтың ата-аналарының ішінен сайланған ата-
аналар комитеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет