Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


«Желпіндіріп ту байлап, Ерлерім тұрды ат сайлап, көгалаң таң болғанда» (Қашаған Күржіманұлы), Рауан таң



Pdf көрінісі
бет20/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70
Байланысты:
51b105703156b768745b2653bd121476

«Желпіндіріп ту байлап, Ерлерім тұрды ат сайлап, көгалаң таң
болғанда» (Қашаған Күржіманұлы), Рауан таң. «Рауан таң біліне,
жемісті сайдың бойына бастап келді ол енді» (Құбығұл). Ерен-параңда
«ерте, таңерте» 
36
.
Сахар. Таң мезгіліне байланысты қолданылатын сөздің бірі - сахар
(арабша «таң шапағы», «жарық түскенге дейінгі шақ»). Сахар сөзі халық
тілінде тек діни салтқа байланысты ғана емес, «таңерте» деген мағынада
33
Будагов Л . , I . 172-б.
34
Ысқақов М. Халық календары. 221, 244-б.
35
Шүкіров С. Балама - сөз байлығы // Қазақ әдебиеті, 1978, 24 ақпан.
36
Аманжолов С. Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері. Алматы, 1959, 74-б.
34


да жұмсалған: Сары атанға сахарда жүк арттырдың (Алпамыс). Таң
сөзімен тіркесе айтылатын сәрі (таң сәрі) осы сахар сөзінің дыбыстық
өзгеріске ұшыраған түрі (сахар - сәр//сәрі) екені зерттеушілерге мәлім.
Діни салтқа байланысты сахар, сәре сөзі «таңертеңгі тамақ» дегенді
білдіреді. Кейбір қария адамдар ораза ұстамаған жай күндері де сәре
сөзін «таңертеңгі тамақ» мағынасында қолданады. Ораза тұтқан діндар
адамдар сәресін (сахарын) құлқын сәріден ішеді. Құлқын – арабша
хулкум, ортағасырлық әдебиетте хулкум «кеңірдек» деген мағынаны
білдіреді. Бұл сөздің тіліміздегі ауыспалы мағынасы «тамақ». Осы сөз
құлқыны құрыды деген бейнелі сөз тіркесінде де кездеседі. Осындай
салыстыруға қарағанда құлқын сәрі: «тамақ сахары (сәрі)», «таң
мезгіліндегі тамақ» дегенді аңғартады. Құлқын сәріде тіркесі қазіргі
тіліде «таңерте» мағынасында қолданылатындығы белгілі: Құлқын
сәріден қыстауға барып, қыстыгүні несін жейді (М.Әуезов. Абай
жолы).
Бастапқыда діни салтқа байланысты қолданыла келіп, мазмұны мен
мағына өрісін кеңейткен сөздер мен тұрақты тіркестер халық тілінде аз
кездеспейді. Шаруа адамы байырғы кезде «Таң намазы шағында,
(памдат) уақытында деп сөзді шаруашылық ыңғайына бейімдеп айта
берген. Памдат (пандат) сөзін халықтың көне жырларынан да
кездестіреміз: Ерте тұрып пандатын үйінде оқып, Сарыбай да
сахардан аңға келді. Қалың тауды қақ жарып келе жатса, Ат
қаңтарған бір жанды көзі көрді (Қозы Көрпеш-Баян сұлу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет