бесін болғанда, Қобыландыдай батырым бір төбеге барады
(Қобыланды).
Екінді. «Екіндіде елге сүйкімді қонақ келеді» дейді қазақ мақалында.
Бесін ауып, күн батуға таянған шақ –
екінді.
Солмай ма көктемдегі әдемі гүл,
Оңбай ма бетке біткен әдемі тұр?
Еңкейіп екіндіге күн құласа,
Көріксіз көрінбей ме дүние бір (Жамбыл).
Халық тілінде
екінді мен жарыса қолданылатын сөздің бірі –
намаздыгер. Діни салт бойынша оқытылатын үшінші намаздың аты
есебінде қолданылған
бұл сөз де ертеректе мезгіл, шақты білдіретін
атауға айналған.
Намаздыгер мезгілін Шу бойында
дігер намаз шағында
деп те айтатындығын кездестіреміз.
Күн байығаннан (батқаннан) кейінгі мезгіл – іңір, ымырт; ақшам,
намазшам.
«Іңірде жатқан ырыссыз қалар» дейді халық мақалы.
Іңір
мезгілінің өзі
қызыл іңір (қоңыр іңір) және
іңір қараңғысы деп екі шаққа
бөлінетіндігі белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: