Макроапокринді безді эпителий клеткалары
58
Паталогиялық процесстерге ұшырауы:
Безді эпителийдің түрлері:
1.
Экзокринді бездер
2.
Эндокринді бездер
3.
Паракринді бездер-секретін интерстицияға, клетка
аралық заттарға бөледі.
Секреция- клеткадағы биосинтезді айтамыз. Жинақталуы
жəне оның клеткадан тыс шығуы организмнің қалыпты
физиологиялық процесстерін қамтамасыз етеді.
Рекреция- клеткадан кейбір заттардың шығуы (су, иондар)
олар химиялық өзгерістерге ұшырамайды.
Экскреция- клеткадан зиянды, керек емес заттардың
шығарылуы (несеп, несеп қышқылы).
Бөлінетін секретті заттардың химиялық құрамы алуан түрлі
(белок түрінде табиғатты пептидті болуы мүмкін)
Секрет липидті мысалы стероидты гормондар, май
тамшылары.
Бездердің
көбісі
эпителий
ұлпасының
құрамында
болады.Тек бүйрек үсті безінің, гипофиздің паренхималары
нейрогенді. Бездер қан тамырларымен, нервтермен жəне
дəнекер ұлпалармен жақсы қамтамасыз етілген. Бездер бір
клеткалы жəне көп клеткалы болып келеді.
Бездерді талдау
Экзокринді без-шырышты бокал тəрізді клеткалардан
тұрады. Қалқанша безі организмдердегі жалпы зат алмасу
процессін
реттейді.
Аденогипофизге-
картинотропты,
тиреотропты, гонадотропты гормондар жатады. Секреция
процессі гипоталамус арқылы реттеледі. Клеткалар-оксофильді,
базофильді, хромофобты болып келеді.
Ішкі орта ұлпалары.
Ішкі орта ұлпалары өзінің морфологиялық ерекшелігі
жағынан жəне атқаратын қызметтері жағынан əртүрлі
ұлпаларды топтастырады. Негізінде сыртқы ортамен қарым-
қатынаста болмайды. Жануарлар мүшесінің ішкі ортасын
құрайды. Бұл ұлпаларды кейбір оқулықтарда шығу тегі жағынан
59
ұқсас келетіндігі айтылады. Мысалы эмбриогенезде (мезодерма,
эктодерма клеткаларының көшуі кезінде) мезенхимадан пайда
болады деген ұғым да бар. Қазіргі уақытта бұл көзқарас
қайтадан қаралуда, өйткені «ствол» немесе «бағана» клеткалары
ұлпалардың дамуындағы негізгі көзі деген көзқарастар да
дəлелденген. Немесе ұлпалар бағана клеткаларынан пайда
болады деген ұғым эксперименттер арқылы дəлелденген.
Бастапқы бағана клеткаларының детерминациясы гаструла
кезеңінде жүреді. Бұл кезеңде ұлпаларға арналған гендердің
«дерепрессиясы» жүреді. Бұл кезеңде мезенхима əліде пайда
бола қойған жоқ.
Кейбір ақырғы жылғы шыққын жұмыстарда дəнекер
ұлпасының əртүрлі клеткалары, əртүрлі бағана клеткаларынан
пайда болған дейді. Мысалы, макрофагтар,толық клеткалар
(тучные клетки), плазматикалық клеткалар қан жасайтын бағана
клеткаларынан пайда болса, ұзақ өмір сүретін фибробластар
басқа бағана клеткаларынан пайда болады. Н.Г.Хрушов 1976
ғылыми жұмыстары арқылы фибробластардың екі түрінің
(қысқа, ұзақ өмір сүретін) екі түрлі бағана клеткаларынан пайда
болатынын дəлелдеді.
Сонымен ішкі орта ұлпаларына қан, лимфа, дəнекер
ұлпалары жатады Дəнекер ұлпасы морфологиялық жағынан
борпылдақ, тығыз, ретикулалық, шеміршек, сүйек ұлпалары деп
бөлінеді. Негізгі клетка- ұзақ өмір сүретін фибробластар.
Борпылдақ ұлпасының фибробластары дəнекер ұлпасының
басқа түрлерінің механоциттері біртектес өсе бастаған ұрықтан
пайда болады, гистогенезде бұл ұлпалардың ерекшеліктері
айқындалады.
Ішкі ортаның ұлпаларының ерекшеліктері клетка аралық
заттарда жақсы жетілген. Олар клеткаларды бір-бірінен
алшақтатады. Клеткаларында полярлы қасиет болмайды. Бұл
ұлпаның ерекшелігі организмде «ішкі орналасуы».
Олардың атқаратын қызметтері əртүрлі. Қан. Лимфа,
борпылдақ ұлпасы организмді қоректік заттармен қамтамасыз
етеді, сондықтан да оларды трофикалық ұлпаларға жатқызады.
Сонымен қатар олар организмге түскен бөгде заттардан,
инфекциядан қорғайды. Қан клеткалары бактерияларды
фагоцитоз арқылы жояды жəне антиденешіктер жасайды. Одан
60
басқа бұл ұлпалар клетка аралық заттардың химиялық,
каллоидті құрамын тұрақтандырады.
Эволюция процессінде ішкі орта ұлпалары эпителиймен бір
мезгілде жəне өте ерте пайда болған. Сонымен ішкі орта
ұлпалары жалпы алғанда мезенхимадан дамыған, клетка аралық
затқа бай организмнің ішінде орналасқан тіректік қорғаныштық
жəне қоректік қызметтер атқаратын ұлпалар болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |