67
лейкоциттер пайда болады.
Эритроциттердің
түзілуі
гемоцитобластарда
гемоглобиннің жиналуынан басталады. Ересек адамдарда
қанның пішіндік бір-бірінен бөлек орналасады
элементтері
арнаулы қан жасаушы мүшелерде түзіледі. Олардың біразы-көк
бауыр, жілік майында түзіледі. Ал
лимфоциттер- көк бауырда
лимфа тамырларында түзіледі. Жілік майында эритроциттердің,
гранулоциттердің жəне қан пластинкаларында жаңадан түзілу
процессі жүреді. Жілік майының қан жасаушы ұлпасы-
миелоидті ұлпа деп аталады. Моноциттер миелоидті жəне
лимфоидті ұлпаларда түзіледі.
Қан жасалудың ең көп тараған теориясы бойынша
миелоидты жəне лимфоидты ұлпалардың
қан жасаушы ретінде
детерминделген ортақ бастама клеткалары болады. Бұл дің
клеткалары өзінің түрі жағынан кішкене лимфоциттерге
ұқсайды. Қан жасаушы жүйенің түрлі учаскелерінің үздіксіз дің
клеткаларын алмастыруы жəне олардың қоныстануы жүреді.
Гемоцитобластардың
бөлінуі арқылы пайда болған
клеткалар эритропоэз кезінде амеба тəрізді қозғалуға қабілетсіз,
ең бастысы цитоплазма күшті базофилияланады. Бұл клеткалар
проэмбриобластар немесе базофильді эритробластар деп
аталады. Қайталап көбею жəне гемоглобиннің мөлшерінің
артуы нəтижесінде полихромофильді
деп аталатын бірқатар
эритробластар пайда болады.
Гемоцитобластар гранулоцитопоэзде митоздық жолмен
бөлініп, промелиоциттер-сопақ ядросы бар, цитоплазмасы əлсіз
базофильді, центрисомасы жақсы байқалатын жəне жалпы
түйіршікті клеткалар түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: