Лекцияларының жиынтығЫ 2 Сапаров Қуандық Əбенұлы (оқу құралы) Алматы 2004 бет



Pdf көрінісі
бет20/36
Дата10.02.2023
өлшемі1,13 Mb.
#66804
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
Гисто-Цито.книга

Ішектің шырышты эпителийі 
Жоғарғы сатыдағы омыртқалыларда ас ішектің шырышты 
эпителийінің апикальді бетінде ворсинкалар (бүртіктер) 
кездеседі. Ворсинкалар мен крипталар тереңірек орналасқан. 
Ворсинкалар мен крипталар бір қабатты энтероциттерде 
орналасқан. Энтероциттер өздерінің бөлінуінің арқасында 
жоғары ворсинка жағына шығады. 
Эпителий қабатында энтероциттерден басқа бокал тəрізді 
без клеткасы, энтероэндокринді клеткалар болады. Адамда жəне 
кеміргіш отрядтарында пищеристый клеткалар кездеседі. 
Суда жүзетін құстарда ерекше осмос реттейтін құрылым 
болады, «солевые железы» тұзды бездер жəне ректальді бездер 
мысалы акулада кездеседі. 
 
 
Бір қабатты көп қатарлы кеңірдек эпителийі 
 
Бүйрек эпителийі 
Бүйрек ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттарды 
организмнен шығарып қанды тұрақты жағдайға келтіріп 
отырады.


57
Бүйректің іші біртекті құрлыстан келген нефрондардан 
тұрады. Олардың саны 2млн-ға дейін барады. Осы нефрондар 
арқылы қаннан несеп бөлініп шығады. 
Нефронның құрлысына келсек, ол капилляр шумағын орап 
жатқан капсуладан басталады. Капсула мен капилляр шумағын 
бүйрек денешігі деп атайды. Капсула қос қабырғалы тостақанша 
тəрізді. Оның капилляр шумағына тығыз байланысқан ішкі 
қабырғасы мен сыртқы қабырғасының арасында саңлау кеңістігі 
жатады. Осы кеңістікте қаннан сүзіліп шыққан сқйықтық 
жиналады. 
 
 
Фильтрация жəне реабсорбция 
Жоғары дəрежеде маманданған бүйрек эпителийі шығару 
жəне осмос реттеуші эпителий болып саналады (тұздардың 
тұрақтылығын сақтайды) мұнда сүзу, реабсорбция жəне 
секреция процестері жүреді. Əртүрлі тұзды суда өмір сүретін 
жануарларда осмос реттеуші эпителий үлкен рөль атқарады.
Безді эпителий 
Ең ерте дамыған эпителий ішек жəне тері эпителийі болып 
саналады. Жоғары сатыдағы жануарларда олар тосқауылдық
сорғыштық, бездік шығарушы осмос реттейтін қызметтер 
атқарады. 
Без эпителийі метаболизм прцессінде пайда болған 
секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секрет 
ретінде гормондарды айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет