Тамақтану • Дұрыс (тиімді) тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз етеді. • Тағам заттары: белоктар, майлар, көмірсулар, макро және микроэлементтер (минерал заттар), витаминдер, фитоцидтер, тағамдық талшықтар). Қазіргі кезде академик А.А.Покровский ұсынған " Балансты тамақтану" концепциясы кең қолданылады. Рациональды ( тиімді) тамақтану 3 принципке негізделеді: • Энергия тепе-теңдігін сақтау • Тамақ құрамындағы қоректік заттар ұтымды үйлестірілген болу керек. – Белок(Б), Май (М), Көмірсулар қатынасы 1:1:4,6. • Тамақтану режимді сақтау
Тәуліктік тамақтанудағы нормалары: Ересек адамдарда тәулігіне: • Белок-80-100г (1г белок 1 кг дене салмағына шаққанда, оның ішінде 55%-жануар белогы болу керек • Май-80-100 (50-60% жануар майы) • Көмірсу-400-500 г