Р. К. Бекмагамбетова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Топтық-педагогикалық қүндылыкты



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата10.02.2023
өлшемі5,16 Mb.
#66908
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
Әлқожаева Н.С. Оқулық-1

Топтық-педагогикалық қүндылыкты нақтылы білім беру институттар 
көлеміндегі педагогикалық қызметке бағыттаушы жэне көрсетуші нормалар, 
концепциялар, идеялар түрінде қабылдауға болады. Мұндай кұндылықтардың 
жиынтығы түтастық сипатқа не болады, сөйтіп, салыстырмалы түрде түрақ- 
тылық пен қайталанушылыққа ие.
Түлғалык-педагогикалық күндылык мұгалім түлғасының мақсаты, мо­
тив!, идеалы, міндеттері жэне баска да дүниетанымдық сипаттары байқалатын 
элеуметтік-психологиялық білім беру ретінде көрінеді.
Жалпы жеке түлға әлеуметтік ортада қалыптасады және білімдендіру проце- 
сінде, адамда саналы психикалық қасиеттердің пайда болып, биологиялық 
сапалар әлеуметтік сапаға ауысады. Бұл тұрғыда білімдендіру процесі субъек- 
тивті қарым-қатынас жүйесі, яғни тұлғаның әлеуметтенуінін негізгі факторы 
мен реттеушісі болып табылады, демек тұлғаның элеуметтік мэнін аныктайды 
жэне онын элеуметтік жан иесі ретінде қалыптасуына жэрдемдеседі. Қарым- 
катынас адамның тұлға ретіндегі жүйесін толықтырады. Осы параметр бойын­
ша адамдар арасында салыстыру жүргізу елеулі айырмашылыктарды айқын- 
дайды. Бүл дегеніміз білімдендіру процесі субъект-субъектілі карым-қатынасқа 
негізделеді дегенді білдіреді. Осылайша білім беру процесінде гуманистік 
парадигмаға сұраныс туындаған. Яғни, окыту мен тәрбиелеуде гуманистік 
бағыт басшылыкка алынады. Біздер мұндай білім беру парадигмасына тек 
кейінгі кездері ғана көше бастадык.
38


Байқап отырғанымыздай бүгінгі қоғам талабына сай білім беру 
парадигмалары да өзгеріп, олар болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуына орай 
бағдарлануда. Олай болса, бүгінгі қоғам талабына сай жэне білім сапасын 
арттыру мақсатында қолданыстағы парадигмаларды мақсатынша, тиісінше 
дұрыс қолдануымыз қажет.
Парадигмалық білім 1991 жылы эр жерде мұғалімдер бастамасымен 
енгізілді. Осы уақытқа дейін өзектілігін жойған жоқ. Кейбіреулер бұл 
парадигманың уақытша кұбылыс екенін, кейін менталитетке сай келетін 
білімдік парадигмаға қайта оралатынын айтады.
Парадигманың негізінде педагогикалық іс-эрекеттің негізі мен сипаты 
туралы эр түрлі басымдылық танытушы көзқарастар жатады.
Қазіргі таңда білім берудің гуманистік парадигмасы, антропологиялық 
парадигмалары, нэтижеге бағытталған білім беру парадигмалары бар. 
Гуманистік парадигма тұлғаны, оның рухани адамгершілік сапаларын 
жоғары құндылық ретінде басшылыққа алады. Ал антропологиялық 
парадигма өзінің негізгі бағыттарында (психологиялық, мәдени, әлеуметтік) 
адамды жэне оның тұлғасының үйлесімді дамуын алға тартатын болса, 
нәтижеге бағытталған парадигмада болжам жасай отырып, нәтижені алдын 
ала анықтау жэне оған жетуге бағыттайды.
Білім берудегі антропологиялық парадигманың мақсаты- тұлғаны дамыту. 
Сондықтан ол оқушылардың өз бетінше дамуын, өзін жетілдіруін басшы- 
лыққа алады эрі тұлғаға бағытталған оқыту арқылы жүзеге асады. 
И.А.Зимняяның айтуынша, тұлғаға бағытталған амалда оқытуда оқушы оқу 
іс-әрекетінің субъектісі ретінде басшылыққа алынады. Осы кезде оқушының 
жеке дара индивидуалды ерекшеліктері ескеріледі. Басқаша айтқанда, 
«тұлғаға бағытталған оқыту - ол білімдендіру процесінің біртұтас субъектісі 
ретіндегі оқытушы мен оқушының түлғасын дамытуға бағытталған жүйе 
болып табылады». Ал И.С. Якиманскаяның пікірінше, тұлғага багытталған 
оқытуда:
- оқу іс-эрекетінің субъектісі ретінде оқушы тұлғасынын дамуын жэне 
өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ету;
- өздерінің икемділіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын, қүндылық 
бағдарларын ескере отырып, өздерін жүзеге асыруға мүмкіндік беру;
- оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне орай білім мазмұнын таңдау 
жэне т.б. идеялар басшылыққа алынады.
Өзіміз көріп отырғандай, аталған парадигмалар бірін-бірі толықтырып 
отырады, яғни тек бір гана парадигманы ұстана алмаймыз. Қоғам сұраны- 
сына байланысты болашақта тағы да басқа парадигмалар туындауы әбден 
мүмкін, бірақ алдыңғылары жоққа шығарылмайды, толықтырылады.
Білім берудің жаңа парадигмасы білім берудің утилитарлы - прагма- 
тикалық мақсатынан, яғни іс-әрекетті сэтті орындауда қажет білім, білік, дағ- 
дының жиынытығынан, гуманистік мақсатқа, яғни субъектіге, оның тұлға- 
лық дамуына бағыт алуда. Ал дамыған мемлекеттерде мүндай парадигма 
сонау ерте кездің өзінде-ақ болған. Мысалы, Оңтүстік Кореяның 1947 жылы
39


қабылданған негізгі «Білім туралы» Заңында: «Келешекте ұрпақты тәрбиелеу 
мен оқытудың басты мақсаты индивидтердің өзін-өзі жүзеге асыру мен мінезін, 
демократиялық көзқарас пен азаматтық нормаларын қалыптастыру, саяси 
саналылық пен патриоттық сезімін дамытып, өз елінің салт-дәстүрін 
құрметтеуге, рухан сапаларды, ұлттық мэдениетке деген ар-намыс, ауызбір- 
шілікті қалыптастыру» [19], - деп көрсетілген.
Негізінен, кез келген парадигма белгілі бір құзыреттіліктерді қалыптас- 
тыруға бағытталады. Өйткені, мемелекеттік білім берудің міндетті стандар- 
тында да оқушы, маман қандай құзыреттілікті игерулері керек екендігі 
айқындалады. Осы тұрғыдан алғанда Джон Равен құзыреттіліктердің дамуы 
үшін: біріншіден, оқытушылар жеке оқыту бағдарламаларын басқара білулері 
екіншіден, білім алушылар өздерінің арнайы қабілеттерін көрсетулеріне 
мүмкіндіктер туғызулары, үшіншіден, оқытушылардың еңбегі білім алушы- 
лармен қатар марапатталып, мадақталынуы, ынталандырылуы, төртіншіден, 
педагогикалық диагностикаға жауап беретіндер, білім беру бағдарламалары 
мен білім беру саясатын жетілдіруге бағытгалған зерттеулерді жоспарлап 
отыруы, бесіншіден, еңбек саясатын дүрыс жүзеге асырып, кадрларды дүрыс 
таңдаулары тиіс, дейді.
Білім парадигмасы бір орында тұрмайды, ол өзгеріп отырады, жетілдіріледі 
жэне ол қалай жетілдірілгені есепке алынып, өзгертіліп отырылады.
Джон Равен, парадигманы анықтау үшін алдымен қүзыреттілікті анықтаған 
дұрыс, деп санаған.
Жалпы білім беретін орта мектептің өзінде оқушыларға мораль, азаматтық 
қорганыс, этика, өнер жэне дене тәрбиесі сабақтарына көп сағат бөлінеді. Осы 
арқылы оқушыларды ең алдымен, өз елінің патриоты мен рухани дамыған түлға 
етіп тәрбиелеуге ұмтылады. Яғни, оқыту мен тәрбиелеуде гуманистік бағыты 
басшылыққа алынады. Біздер мұндай білім беру парадигмасына тек кейінгі 
кездері ғана көше бастадық.
Байқап отырғанымыздай бүгінгі қоғам талабына сай білім беру парадигма- 
лары да өзгеріп, олар болашақ үрпақтың жан-жақты дамуына орай бағдарла- 
нуда. Олай болса, бүгінгі қогам талабына сай жэне білім сапасын арттыру мақ- 
сатында қолданыстағы парадигмаларды мақсатынша, тиісінше дұрыс қолда- 
нуымыз қажет.
XX 
гасырдың екінші жартысында білім беру жүйесі де тығырыққа тірелді, 
сондықтан ірі реформаларға ұшырады. Бүл туралы 1968 жылы Ф.Кумбс өзінің 
«Кризис образования хистемный анализ» еңбегінде жазған. Оның ойынша, 
білім беру:
1. Адамдардың білім алуға сұранысының жоғарылауы;
2. Қаржы жетіспеушілігінен, білім жүйесі жаңа сұраныстарды қанағат- 
тандыра алмауы;
3. Білім беру жүйесінің инерттілігі;
4. Қоғамның өзінің инерттілігі сияқты төрт мэселеге байланысты тыгырық- 
қа тірелген [20].
Бұл себептер батыста білім беруді реформалауға алып келді.
40


Яғни, білім берудің тығырыққа тірелуі: әлеуметтік, экономикалық, саяси 
жэне т.б. көптеген мэселелерді қамтиды. Мысалға, техниканың қарқынды 
дамуы ғылыми білім көлемінің ауқымданғанын көрсетеді, ал оны азғантай 
аралықта ұрпаққа беріп үлгермеудеміз. Мұндай кешеуілдеу адамдардың 
жаңа нэрсеге бейімделуіне қиындық туғызып, физикалық, психологиялық 
ауыртпалыққа алып кеп соғуда. Ақпараттың, білімнің өсуі, техниканың 
дамуын жеделдетті. Әрине, мұның өзі экологиялық апатқа алып келді. 
Мұндай ірі мэселені Римдегі 1968 жылы қүрылған ғалымдар мен 
менеджерлердің клубы толық мойындап, шешу жолдарын қарастырған. Ол 
Аурелио Печчейдің «Человеческие качества» еңбегінде жазылған. Ауқымды 
мәселелер 
тобына: 
ядролық 
соғысты, 
кедейшілікті, 
ашаршылықты,
сауатсыздықты жэне ескі білім беру жүйесін, құндылықтардың азаюын, 
сенімді жоғалтуды жэне т.б. жатқызған. Шындығына келсек, адамзаттың 
негізгі міндеті өзінің қасиеттерін жетілдіру болып табылады. «Адам 
кажеттілігін қанағаттандырудың» негізгі мақсаты адамның өзін-өзі ұсына 
алуы. Ол кім жэне кім бола алады? -деген сұрақты басшылыққа алады. 
Адамның ізгі қасиеттерін, қабілеттерін дамыта отырып өзгертулер ендіруге 
болады. Клуб мүшелері мэселені шешудің жолы ретінде гуманистік 
педагогиканы алға қойды.
Гуманизация процесі дегеніміз - білім беру жүйесін ізгілендіруге арнал- 
ған шараларды күшейту.
H. Н.Пахомов бүл тығырықты:
I. Әлеует пен білім беру арасындағы сәйкессіздік, яғни элеуметтендіру 
мэселесі, (яғни, жастардың жаңа қоғамға бейімделуі);
2. Білім беру мен мәдениет арасындағы сэйкессіздік (мектеп білім береді, 
құндылық пен эдеп нормаларын үйретпейді, (школа учит знаниям, а не 
ценностям и нормам));
3. Білім берудің ғылымнан артта қалуы сынды үш мэселемен байланыс- 
тырады.
Н.Н.Пахомов XX ғасырда тарихи-мәдени мұраның түрлері ауысты, десе, 
М.Хайдегердің бұрын адамдар тарихқа енген болса, қазір олар болашақты 
божау арқылы өздері оны тарихқа ендіруде дейді.
Яғни, өмір бойы білім алу емес, өмір арқылы білім алуға ауысу.
Ақпарат, білім, жаңа техникалық қүралдар т.б. легінің көбею і:
- шығармашыл, өзіндік білім алатын, тез икемделгіш;
- жалпы адам және маман ретінде аса жауапкершілікті;
- жоғары мәниетті жеке адам (этикалық, кәсіби, эстетикалық жэне т.б.);
- кешенді ғылыми білімі бар, дүниеге жаңа көзқарас тудыра алатын;
- өзін -өзі үнемі басқара алатын жаңа адам тәрбиелеуді қажетсінеді.
Бүгінгі күні, білім болашақтың капиталы, олай болса, болашақ үрпақ
иелері толыққанды білім алуы тиіс. Ол дегеніміз, балабақша, мектеп, жоғары 
мектептен тыс өзіндік білім жиынтықтары болуы тиіс. Қазіргі кездегі 
оқытушылардын қызметінің күрделенуі де осыған байланысты. Ақпараттық 
заманда эркім өзіне қажетті ақпаратты таңдай жэне өңдей білуі тиіс.
41




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет