Р. К. Бекмагамбетова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕРДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата10.02.2023
өлшемі5,16 Mb.
#66908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Әлқожаева Н.С. Оқулық-1

1. ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕРДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫНЫҢ 
ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1Л. Жоғары мектептердің білім беру жүйесінің қалыптасып, дамуы
Қазақстан Республикасында соңғы жылдар шеңберінде болып жатқан білім 
беру жүйесіндегі реформаларға, эсіресе, жоғары мектепке қатысты реформа- 
лардың нэтижесіне елдің болашағы тәуелді. Бүгінгі күнде біз қазақстандық 
білім беру жүйесінің модернизациялануы сияқты күрделі процестің қатысу- 
шысы болып отырмыз. Яғни, Жоғарғы мектепті дамытудың прогрессивті 
моделін енгізу, оның дамуының бағаналы жолдарын табу бүгінгі күннің өзекті 
мәселесі. Осы тұрғыда, жоғары білімнің қалыптасуы мен дамуына ықпал 
ететін әлеуметтік мэдени фактордың мэні орасан зор.
Жаһандану процесі әлемді өз қағидаларымен қамтып жатқанда, эрбір даму- 
шы, экономикасы толық тұрақтамаған елдер өз мэдениетін, эдет-ғүрпын 
сақтап қалуға, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге мұқтаж. Осы жердегі біздің 
мақсат жоғарғы білімнің қалыптасуына эсер етпей қоймайтын элеуметтік 
мэдени факторлардың дұрыс жолды таңдап, ұлттык мүдде мақсаттарды көздей 
отырып эрбір жаңалықты қажетінше қабылдау. Бұл мэселелер бірнеше 
маңызды 
нормативтік 
құжаттардан 
орын 
алған. 
Мысалы: 
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 
жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті 
экономика үшін,бәсекеге қабілетті халык үшін» атты Қазақстан халқына 
Жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқ- 
сандағы №735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 
жылға дейінгі Стратегиялық даму Жоспарына сәйкес эзірленді. Бағдарлама 
білім беру саласындағы Мемелекеттік саясаттың Стратегиясын, негізгі 
бағыттарын, басымдықтарын, міндеттерін жэне оны іске асыру тетіктерін 
айқындайды эрі Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру жүйесін 
басқару мен қаржыландыруға, қүрылымымен мазмұнына, кадр саясатына жэне 
әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып 
табылады.
Осы Бағдарламаны әзірлеу жаңа экономикалық жэне элеуметтік-мэдени 
жағдайларда казақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру 
сапасын арттыруға, Стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі 
қайта өзгертулердің қажеттігінен туындады.
8


Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы 
мемлекет ретінде таныды. Тэуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз элем- 
дік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол 
жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен 
ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурс- 
тарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі 
өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына 
барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды 
талап етіп, әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп тұратын элем жэне ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында 
базалық пэндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы 
болып табылмайды. Білім беру ұғымы мен түлғаның физикалық жэне рухани 
процесінің қалыптасуын, саналы түрде тарихи келісілген идеалдық бейнеге 
бағытталған, қоғамның сана-сезімінде анығына жеткен әлеуметтік эталондар 
арқылы түсіндіріледі. Педагогикалық контексте бұл түсінік тұлғаның қалып- 
тасуында көрінетін оның дүниетанымы, адамгершілік бейнесі, эстетикалық 
талғамы, ерік жэне физикалық сапа қасиеттерін білдіреді. В.Ф.Сидоренко бі- 
лім беру ұғымын қазіргі кездегі концепциялардың ішінде кең жэне метафор- 
лы тұрғыдан (ауыспалы) анықтаған. Ол білім беру мен мәдениетті аналогия 
(ұксастығына қарай) бойынша кең дем алу, яғни біріккен, ритмикалық іс- 
эрекет ретіндегі дем алу жэне дем шығару арқылы ассоциациялайды (оймен 
байланыстырады). Білім беру өзіне-мәдениет бейнесін, ал мэдениет тәр- 
биелік деңгейді айғақтайды.
Білім беру түсінігіне анықтама беру оның аумағы мен мазмұнын басқа ғы- 
лым сферасымен де байланыстырады. Философия-білім берудің жалпы 
түсінігі мен мақсатын зерттесе, әлеуметтану тұлғаныц элеуметтік ортаға 
бейімделу қабілеттілігін, психология-педагогикалық процестің психология- 
лык аспектілерін, экономика білім беру инфрақұрылымын еңбек резервтерін 
дайындау сапасын зерттейді. Мұндай іздеп табу мен басқа ғылым, білім беру 
мэнін түсінуде жэне бұл жайында аса қөп қырлы атаулар тұтас елестеуді қа- 
лыптастыруда үлкен орынға ие. Білім беру деңгей, процесс, эрекет, институт, 
жүйе ретінде сипатталады жэне түсіндіріледі. Ал, педагогика ғылымында 
білім беру қоғамды басқаруға бағытталған, нақты біртұтас педагогикалық 
процесс деп түсіндіріледі.
Педагогикалық процесс дегеніміз - қойылған мақсатқа жетуге бағыттал- 
ған тәрбиелеуші жэне тэрбиеленушілердің өзара әрекеттесуі. Басқа сөзбен 
айтқанда, педагогикалық процесс - элеуметтік тэжірибе, жеке адамның сапа- 
сына айналатын процесс. Тұтастылық негізінде оқыту, тәрбиелеу жэне дамы- 
ту бірлігін қамтамасыз ету педагогикалық процестің басты мэнін қүрайды.
Педагогикалық процесті жүйе ретінде қарастыратын болсақ, онда ол -
барлық жүйелерді біріктіретін басты жүйе болып табылады. (1-сурет). Жүйе 
ретінде шарттары, формалары, әдістері бар дамыту, оқыту, тәрбиелеу 
процестері қамтылған.
9




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет