82
Білім беруді психологиялық қолдаудың қазіргі кезге жуық жүйесі КСРО
кезінде, яғни, ХХ ғасырдың 70ылдарында қалыптаса бастайды.Алғаш рет
психологиялық қызмет кӛрсету «қиын» балаларға арналған арнайы мектепте
1975 жылы, орта мектептерде 1980 жылы Эстонияда басталады. Ал, 1982
жылдан бастап КСРО-ғы кӛптеген мектептерде
психологиялық қызмет
кӛрмсету эксперимент түрінде ұйымдастырыла бастады.
1984 жылы КСРО-ғы психологиялық қызмет мәселелеріне мәселелеріне
арналған
бүкілодақтық
1-ші
конференция;1987
жылы
«Мектептегі
психологиялық қызметтік ғылыми-практикалық мәселелері» атты бүкілодақтық
конференция болды.
Біздің республика ӛз тәуелсіздігін алған соң, жастардың үйлесімді дамуын
қамтамасыз ететін бірқатар қадамдар жасалып, маңызды құжаттар
бекітілді.Егемендіктің
алғашқы
жылдарында
білім
беру
саласында
психологиялық қызметтің ӛткір мәселелерін кӛтеріп, теориялық және
әдістемелік негіздерін тұжырымдаған Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев,Жамилә
Ыдырысқызы Намазбаева, Хорлан
Тоқтамысқызы Шерьязданова, Сатыбалды
Мұқатайұлы Жақыпов,Раиса Башыбайқызы Қарамұратова сияқты ғалым-
психологтар елеулі үлес қосты.Соның арқасында ХХ ғасырдың соңына таман
қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, С.Аманжолов
атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ қыздар
мемлекеттік педагогикалық университеті
сияқты бірқатар жоғары оқу
орындарында психолог мамандарды мемлекеттік тілде дайындайтын бӛлімдер
ашылып, кәсіби дайындауды бастаған еді.
Қазіргі жаһандану заманындағы ӛзгерістерге байланысты республикадағы
психология ғылымы мен тәжірибесі жастардың психологиялық денсаулығын
сақтауды ең басты құндылық ретінде қарастырады.Осыған байланысты біздің
елдегі психолгиялық қызметтің басты мақсаты білім алушылардың
психологиялық денсаулығыни сақтау ,оқуға, дамуға қолайлы әлеуметтік-
психологиялық жағдай жасау,оларға психологиялық қолдау кӛрсету және білім
беру мекемесінде психологиялық жайлылықты қамтамасыз ету болып
табылады.
Қазіргі
кезде
Қазақстандағы
орта
мектептердің
барлығында
психологиялық қызмет кӛрсетіледі. Олардың жұмысын
мемлекеттік деңгейде
реттемелейтін құжаттардың ең соңғысы – Қазақстан Республикасының Білім
және Ғылым министрінің бұйрығымен шығып, бекітілген «
Орта білім беру
ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы».Осылайша
біздің
елдегі
психологиялық
қызмет
Қазақстан
Республикасының
Конституциясының, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының,
Бала құқықтары туралы Конвенцияның, сондай-ақ, Орта білім беру
ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасының шеңберінде
жүзеге асырылады.Ал,нақты бір білім беру мекемесіндегі психологиялық
қызметтің жұмысын білім беру ұйымындағы атқарушы орган, ал ӛңірлік
деңгейде аудандық, қалалық, облыстық білім басқармалары үйлестіреді.
83
Ал, ЖОО-ның психологиялық қызмет жүйесі білім берудің барысындағы
маңызды жақтардың бірі болып табылады. Қызмет әлеуметтік жағдай ме даму
үрдісі бойынша ӛзгеріп отырады. ЖОО-да психологиялық қызметтің дамуы, бір
жағынан, осы ортада ғылыми психологиялық концепциялармен, екінші
жағынан басқа
немесе осы елдердің саясатымен, экономикасымен және басқа
да ерекшеліктеріне тәуелді болып келетін халықтың білім берудің
қажеттіліктері мен міндеттері тұлғаны тәрбиелеу мен қалыптастыруымен
анықталады.ЖОО-да психологиялық қызметті қалай жүргізуге болатындығы
студенттердің жек басын қалыптастыруда психологиялық кеңес берудің
маңыздылығы туралы зерттеулерді О.М.Анисимова, Н.М.Владимирова,
Б.Б.Коссов, Н.Н.Обозовтардың еңбектерінде кездестіреміз.
Біздің елдегі білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметте кезінде
АҚШ-да жасалып, қазіргі дүниежүзілік маңызға ие болған «Психологтардың
этикалық қағидаларын» басшылыққа алады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында
психологиялық қызмет білім
беру жүйесі, жетім балалар үйі , медецина саласы , әскери бӛлімдер,
пенитенциарлық мекемелер сияқты бірқатар тұлғаның психологиялық
қауіпсіздігін сақтау мәселесі ӛзекті болатын орындарда ұйымдастырылады.
Біздің елдегі білім беру жүйесінде психологиялық қызмет АҚШ-
тағы,Еуропадағы сияқты ресми түрде білім беру жүйесінің тек орта мектеп
шеңберің қамтиды.
Менің ойымша, психологиялық қызметтің пайда болуының ӛзі қиын
екендігін кӛрсетеді және ӛзінің тарихына қарамастан, соңғы уақытта әлі де жас
және қарқынды дамып келе жатқан психология ғылымының практикалық
бұтағы болып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Зимняя И.А. Педагогическая психология / И.А. Зимняя. – М.: «Феникс»,
1997. - 384 с.
2.
Ерментаева А.Р. (жоғары мектеп психологиясы) 2012жыл.
Достарыңызбен бөлісу: