«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


МЕКТЕКЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӚЙЛЕУІН ДАМЫТУ



Pdf көрінісі
бет66/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

МЕКТЕКЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӚЙЛЕУІН ДАМЫТУ 
 
Абдиразак А.М 
«Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенті
Ғылыми жетекшісі Тәуекелова А.Е 
Мектепке дейінгі кезең баланың дамып, қалыптасуының алғашқы 
баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сӛйлеуді меңгеруімен 
алғаш рет бӛтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең.
Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі 5 жасқа дейін қаланады.
Баланың сӛйлеу арқылы ақыл-ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, 
дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу-бүгінгі 
күн талабы. 
Атақты 
психолог 
ғалымдар: 
Л.С.Выготский, 
А.И.Леоньтев, 
А.С.Запорожец, Л.Д.Венгер, Д.Б.Эльконин, Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернер тағы 
да басқа зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке 
басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең 
маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады [1]. 
Мектепке дейінгілердің анатомо-физиологиялық дамуының негізінде 
есеюге байланысты жаңа талаптарды (оқу, еңбек) орындауға мүмкіндік туады. 
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, ӛсіретін әрі тәрбиелейтін де 
негізгі іс-әрекеті-ойын. Ойын арқылы бала ӛзін қоршаған ортамен, табиғатпен, 
қоғамдық құбылыстарымен, адамдармен, олардың еңбегімен, қарым-
қатынастарымен танысады. Белгілі педагог А.С.Макаренко баланың ӛміріндегі 
ойынның атқаратын қызметі туралы: «Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің 
маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады»деген. Біз 
балалардың ойнай жүріп анасының, әкесінің, барлық мамандық иелерінің 
қызметтерін атқарып жүретінін байқаймыз. Мектепке дейінгі кезең біз 
түсінгендей ӛмірдің тек алаңсыз кезеңі ғана емес, ересектерге олар тек киімі 
бүтін,қарны тоқ болса ойнап-күлуді білетін сияқты кӛрінеді. Барлап қарасақ 
балалар ӛмірінде де ересектер ӛміріндегідей күрделі, күрмеуі қиын, кейде тіпті 
шешілмейтін мәселелер кӛп және олар балаларды ренжуге, қапалануға мәжбүр 
етеді. Қиыншылықтармен күресуге,жеңе білуге,қуануға үйретеді. Мысалға, 


182 
«Түрлі-түсті текшелерден қалай үй салу керек? Ойыншықтарды ӛзара қалай 
бӛлісеміз?-деп болмашы сұрақтарды ӛздері ересектерше талқылап жатады.» 
Бӛбек жасындағылар құрбыларымен қатынас жасап жарымайды. Олар 
кӛбінесе үй ішіндегілермен сӛйлеседі. Алдыңғы 4-7 жаста бала далаға шығып, 
құрбыларымен ойнайтын болғандықтан,әрқайсысының сӛз қоры бірінің 
білмегенін бірі білу арқылы,бӛбекке қарағанда,3 есе арта түседі, 3200-3800 дей 
[2]. 
Сӛздік қорының кӛбеюі тек зат есім арқылы емес, сын есім тағы да басқа 
арқылы іске асады.Егер бӛбектің сӛздерден сӛйлем құрастырылу мүмкіншілігі 
тым жеткіліксіз,сӛйлемнің құрамы 2 сӛзден артпайтын болса, енді осы ұлғая 
бастайды. Бірақ сӛйлем құру тек сан жағынан емес,сапа жағынан да үлкен 
ӛзгерістерге ұшырайды. Мектепке дейінгілер есінде бар сӛз қорына негізделе 
отырып,тілдің тиісті ережелерін пайдаланып,мыңдаған жаңа сӛйлемдерді құра 
бастайды. Бұл жерде жаңа сӛйлемдер деп отырғанымыз тек сол тілде бар 
сӛйлемдер ғана емес,тіпті жоқ сӛйлемдерді де құруды айтады. Сонымен қатар 
қолданылатын сӛзін бала тым ӛткір және ұқсастырып күлдіріп айтуға да 
шеберлігі дами бастайды. Қазақ тілінде кейбір категориялар жоқ болғандықтан, 
мектепке дейінгілер үшін, сӛйлеу жеңіл түседі және тиісті морфемалар арқылы 
сӛйлемдерге жаңа жұрнақтарды «желімдей» беруге мүмкіндік туады. 
Егер бӛбектердің сӛйлеуі кӛбіне ситуацияға, жағдайға тәуелді келсе, 
мектепке дейінгілерде сӛйлем кӛп текстке сай құрыла бастайды. Ситуацияға 
байланысты сӛйлеуде зат есім кездесе қоймайды,оның орнына есімдік кӛп 
айтылады. Демек, балалар ӛзара сӛйлесіп отырғанда қасына біреу 
келсе,олардың сӛзіне түсіне алмайды. Түсіну үшін әңгіме не жӛнінде болып 
отыр соны білу қажет. Ал контекстке байланысты сӛйлеу деп сӛйлеушілердің 
қасында тыңдап отырғандар әңгіме не жӛнінде болып отырғанын білмесе де 
ситуацияны білмесе де, сол айтылған сӛздің тікелей мәнісін қарап, соны айқын 
түсіне алуын айтады. Егер түсіне алмаса, мұны контекстіге негізделіп сӛйлесу 
деп бірден бір айтуға болмайды. Мектепке дейінгілер 6-7 жас ситуацияға орай 
сӛйлеуден контекст арқылы сӛйлеуге кӛшеді. Себебі олардың сӛзі тек 
ситуацияға орай түсінікті емес, онсыз да түсінікті келеді .Осыған қарап, 
ситуацияға қатысты сӛйлеу тілдің тӛменгі сатысы екен,ал контекстің негізінде 
сӛйлеу тілдің тӛменгі сатысы екен,ал контекстің негізінде сӛйлеу жоғарғы 
сатысы екен деп айтуға болмайды. Себебі, тек мектепке дейінгілер еме, 
ересектерге кейбір жағдайда ситуацияға негіздел отырып сӛйлейтіні жиі 
кездеседі. Сӛйлеудің соңғы түрі әсіресе,ӛзара жақын бір-бірін кенеттен 
түсінетін ересектер арасында жиі кездеседі [3]. 
Бізді қоршаған дүниенің заттары кең құбылыстары бірінен соң бірі кӛзге 
тәртіпсіз кӛрінеді.Тәртіпсіздіктің бұл түрімен күресіп нәрселерді белгілі 
мӛлшерге қабылдау үшін соларды ойша тәртіпке келтіру керек. Ойша тәртіпке 
келтіру деп отырғанымыз мынау:құбылыстар мен заттар тым шексіз және сан 
алуан сияқты болып кӛрінгенімен, олардың кейбіреулері форма не қызмет 
жағынан ұқсас жақтарын,біріншіден, бір ұғымға жатқызып, соларды 
топтастырып, отыру қабылдау кезінде тәртіпсіздікпен күресуге мүмкіндік 


183 
береді. Екіншіден, тиісті нәрселерді ойша тәртіпке келтіру үшін нендей 
қасиеттер мен құбылыстар нәрсенің қандай түріне жататынын білу ӛте қажет. 
Мысалы, егер біздің алдымызға жүздеген бояулардың түрі кездессе, бірақ 
солардың түрі нендей негізгі бояуларға жататынын білмесек, сол бояуларды 
қабылдау қиынға соғар еді. Үшіншіден, біз бәлендей заттың салмағын, кӛлемін, 
ұзын, не қысқа екенін, соларды ӛлшемей-ақ қанша екенін шырамыта алмасақ, 
солардың бәрін ӛлшейтін болсақ, онда ӛз ортамызға бейімделу қиынға соғар 
еді.Топтастыруды алсақ,бұл қасиетке бала 5-6 жасынан ие бола бастайды. 
Айталық, шелек, тостаған, аяқ, шӛміш, мес, т.б. бала «ыдыс» деген ұғымға 
жатқызып, осыларды әр түрлі нәрселерден мысалы,орындық, стол, керует, 
диван, т.б.ажыратады. Ал пиманы, бәтеңкені, етікті, мәсіні т.б. аяқ киімгее 
жатқызып бұларды киімдерден: пальтодан, шалбардан, бешпеттен т.б. 
ажыратады. Сол сияқты құмды, сазды, тасты, борды, әйнекті т.б. 
Топтастырудың бұл түріне мектепке дейінгілер үйрене алмаса, психикалық 
даму жағынан оқуға даяр бола алмас еді.
В.С.Мухина ӛзінің еңбегінде мектепке дейінгілерде қалайша эталондар не 
ӛлшеуіштер қалыптасатынына тоқтап, бірақ эталон деген Ж.Пиаженің санды 
кӛлемді, не салмақты сақтау дейтініне қатысы бар екенін ескертпей 
қабылдаудағы эталондар ӛзінше дербес құбылыс деп дәлелдемекші болады. 
Сонымен, мектепке дейінгі кезең-баланың ӛзін-ӛзі сезінуінің алғашқы 
сатысы демек,адамгершілік ақыл-ой және басқа да қасиеттерінің ең маңызды 
кезеңі.Баланың мәдениетті сӛйлей білуі үй ішінде,балабақшада,отбасында 
алған білім тәрбиесіне байланысты. Біздің басты міндетіміз баланы жан-жақты 
дамыта отырып тілін дамыту. Сӛздік қорларын байытумен қатар есте сақтау 
қабілеттерін арттыру. Баланың ана тілінде таза еркін сӛйлеуін мектепке дейінгі 
кезеңде меңгертуге тиіспіз. Ұлы педагог К.Д.Ушинский: «Кімде-кім баланың 
тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой-ӛрісін қабілетін дамытуы 
тиіс»- деген. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін ӛткізуде тәрбиешінің 
шығармашылығы, әдіс-тәсілдері тиімді пайдалануы, оқу іс-әрекетін түрлендіріп 
ұйымдастыруда ойындарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды қолдануы 
балалардың қиялын шарықтатады [4].
Білімді меңгерту үстінде баланың ойлау қабілеті ұштасады. Кішкентай 
балалар тез еліктегіш жан-жағына алаңдағыш келеді.Сӛзді мәнерлеп айтуда 
болсын,балалар тәрбиешіге,үлкендерге еліктейді.Тіл дамыту,кӛркем әдебиет 
оқу іс-әрекеттерін ойын арқылы ӛткізу адамгершілік мінез-құлықты 
қалыптастыруға ықпал етеді. Сәлемдесуге баулу, достыққа, ұйышылдыққа 
тәрбиелеуге бейімдейді.Әр педагог ӛз тәжірибесінде балалар тілін дамытуда, 
ой-ӛрісін кеңейту мақсатында мына жобаларды негізге ала отырып,жұмыс 
жасау керек. 
-Тілді дұрыс меңгеру; 
-Ауыз екі сӛйлей білу; 
-Кӛркемсӛз үлгілерін үйрету және игерген білімдерін қолдана білу; 
-Сӛздік қорын молайту; 
-Дыбыстарды анық айтуға үйрету. 


184 
Осы жобаларды меңгерген бала мектеп табалдырығын аттауға емін-еркін 
сӛйлей алатын деңгейге жетеді. Мектеп жасына дейінгі бала кӛзбен кӛріп 
таныған затты дұрыс қабылдап, елестете алады. Сондықтан, баламен 
сӛйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда оларға суреттеп кӛрсетіп 
әңгімелеу ӛте әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс-
әрекетіне ӛмір мен табиғат құбылысына арналған кӛркем суреттер баланың 
сана-сезіміне,жүйелі сӛйлеуіне әсер етеді. Ӛмір құбылысын нақты кӛріп, тануға 
жол ашады. Мектеп жасына дейінгі бала кӛзбен кӛріп, таныған заттарды дұрыс 
қабылдап, елестете алады. 
Сондықтан, ертегі әңгімелердің суреті айқын, шығарма мазмұнына сай 
болуын ескерген жӛн. Баланың тілін, сана-сезімін жетілдіру, эстетикалық 
талғамын арқылы берілетін мультипликациялық фильмдерді кӛрсетіп 
әңгімелесу,оқыған шығармаға байланысты диафильмдер,компьютер қолдану 
пайдалы. Балаға теледидардан берілетін әр түрлі қызықты кӛрсетілімдерді 
кӛрсету қазіргі заманда ӛте қажет. Бала теледидар кӛріп отырғанда жан-
жағындағылар дауыстап сӛйлеп, әңгімелесу болмауын ескерген жӛн. Кӛріп не 
тыңдап отырғанда,бала жақсы түсініп, қабылдайтын болуы керек. Сонымен 
бірге баладан алған әсерін айтып беруге үйретіп отыру қажет. Бүгінгі күн 
талабы-баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, ӛзіндік іскерлік 
қасиеттерін жетілдіру, ӛзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман 
талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Білім беру жүйесінің барлық 
сатыларының алдында тұрған кӛкейкесті мәселелерінің бірі-білім сапасын 
арттыру,оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық ойлауын дамыту 
болып табылады. Заман талабына сай жас ұрпақ тәрбиелеуде мектепке дейінгі 
бала тәрбиесімен айналысатын қызметкерлер,тәрбиешілерге жауапты міндет 
жүктеледі. Бұл міндетті кең байтақ республикамыздың барлық мектепке дейінгі 
мекемелерде қызмет атқаратын мамандар абыроймен атқарып келеді [5]. 
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты-тұлғаны оқыту,тәрбиелеу, дамыту. 
Бұл мақсаттар ӛзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы 
ӛмірге дайындау үшін сӛйлеуін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы: 
1.Зердесін дамыту 
2.Эмоциясы мен сезімдерін дамыту; 
3.Күрт қиыншылықтарға тӛтеп бере алуын дамыту; 
4.Ӛзіне-ӛзінің сенімділігін,ӛзін-ӛзі қабылдау,жақсы кӛруді дамыту; 
5.Танымдық үрдісін дамыту; 
6.Ӛзін-ӛзі алып жүре алуын,дербестігін дамыту; 
7.Ӛзін-ӛзі кӛрсете алуына,ӛзін-ӛзі жетілдіруге ынтасын дамыту. 
А.Едігенова бойынша баланың бүкіл ӛмір бойында оның даму үрдісі 
жүреді.Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы 
балалар 
заттарды 
түсіне,кӛлеміне 
қарап 
ажырата 
бастап,олардың 
құрылысын,пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті ӛмір барысында 
бала шындық дүниенің құбылыстарымен заттарын анықтай білуге,адам 
баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір 


185 
нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар ӛте 
байқағыш, еліктегіш,әр нәрсеге үңіле қарайды,кӛп нәрселер оларды ойлантады. 
Балалар әдетте ӛзіне түсініксіз оқиғалардың,құбылыстардың сырын білуге 
құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар жауабын олар 
ересектерден күтеді, ӛйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні 
болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен 
шұғылданудағы ниетін, ықыласын, сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар 
бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жӛн. Себебі, сұрағына жауап 
ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы 
дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін. 
Қазіргі кезде психологтар мен педагогтар баланың жеке басының 
дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық 
жұмыста кӛрсету, үйрету, кӛркемдік әдебиетте нақтылау,ӛз бетінше жұмыс 
жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. 
Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды 
игеруге бейімдеу заманымыздың кӛкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. 
Мектепке дейінгілердің ӛз-ӛзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі-ӛнерлі, 
жігерлі, дербестік және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді 
жолы. Егер сӛйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда 
жүрмесе баланың ой-ӛрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста ӛзін еркін 
ұстап,ӛз бетімен әрекет жасап үйрене алмайды,олардың дамуында жол 
кӛрсететін,ӛмірге бейімделуіне жағдай жасайтын адам болу керек. Қандай 
адамзат баласы болмасын баланың әлеуметтік жағдайына бейімдейтін, 
үйрететін ата-анасы болып табылады. Балалардың танымдық іс-әрекетін 
дамыту,олардың жоспарлау және ұйымдастыру бірліктерін қалыптастыруда 
оқу-зерттеу жұмыстарының маңызы ӛте зор.Танымдық іс-әрекетінің 
шығармашылыққа ұмтылу арқылы сипатталады. 
Мектепте оқытуға баланың психологиялық даярлығы-мектепке дейінгі 
балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың қорытындыларының бірі. Қазіргі 
уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу 
заманымыздың кӛкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр .Ендігі жерде мектеп 
жасына дейінгі баланың бүкіл ӛмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын 
нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп,келгенде мектепке 
даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім 
сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды 
жақсарту басты міндет болып табылады. 
Жалпы жас баланың ӛмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық 
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С.Выготский пікірінше, ойын 
мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, 
басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы ӛзінің күш-жігерін 
жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып 
үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі 
мынада:олар ойнайды,эмоциялық әсері ұшқындайды,белсенділігі артады, ерік 


186 
қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың 
шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.[6]. 
Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму 
деңгейінде жекелей ӛзгешеліктер ӛсе түседі. Бұл ӛзгешеліктер мынадан 
кӛрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамуымен 
ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау 
арқылы сӛйлеуін дамыту (балабақша, мектеп) ең негізгі міндеті болып 
табылады. 
Пайдаланғын әдебиеттер тізімі: 

Возрастная и педагогическая психология. МГУ,1992. 

Выготский Л.С. Педагогическая психология-М.,1991 

Грэйс Крайг.Психология развития СПБ.,2000 

Кулагина И.А.Возрастная психология:Развитие ребенка от рождения до 17 
лет.-М.,1998

Обухова Л.Ф. Детская психология:Теория,факты,проблемы.-М.,1995 

М.М.Мұқанов Жас ерекшелік психологиясы 1981ж 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет