206
тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне тӛтеп бере алмай жер бетінен ұлт
ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз ӛзгенің қателігінен, ӛткеннің
тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік
Ел біздің ӛз қолымызда. Ол үшін ӛзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға
ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік
Тәуелсіздігімізді кӛздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».Елбасы
Жолдауында айтылған осы бір сӛздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері
сӛзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сӛзі бабалардан мирас болып кел жатқан
мәңгі ӛлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты.
Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі
болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мемлекеттік тілді дамыту
жӛніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып
келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бӛлінеді.
Елбасы ӛз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге
тоқтала келіп, енді ешкім ӛзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік
Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың
ұйытқысы ете білгеніміз жӛн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік
тіл ету ӛз қолымызда.
Қорыта келе қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен,
ұлын құлдықтан қорғаған батырлары кӛп болған.
Сонау заманда Қабанбай,
Бӛгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер
кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен
ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда кӛптеген ер
азаматтар тер тӛгіп, ӛз жандарын құрбан етті.
Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы
жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес
жолында халқымыздың
басынан ӛткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа
жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды.
Туады ерлер ел үшін,
Ӛлмейді ісі мәңгілік.
Ӛшпейді абзал есімдер,
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев
жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында
мәңгілік сақталатынына сенемін.
Қазіргі таңда біз, Тәуелсіз елдің жас ӛрендері үлкен күрес жолымен келген
Тәуелсіздігімізді, елдігімізді кӛзіміздің қарашығындай сақтап, еліміздің жарқын
болашағы үшін ӛнегелі тәрбие, терең білім алып, аянбай еңбектенуіміз қажет.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз
бен табыстарымыз
ұшан-теңіз. Әлем жұрты мойындаған іргелі ел болдық. Мұның бәрі Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасы.
Біз осының бәрін қадір тұтып, қастерлеуіміз қажет.
Біз - бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай,
құрметтей білейік!
207
Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары
алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар
бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен
туған тіліміз мәңгілік жасай берсін! Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын! Еліміз
гүлдене, кӛркейе берсін!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Халқына Жолдауынан. 17
қаңтар 2014 жыл / Егемен Қзақстан 1 – 3 бет.
2.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Тәуелсіздіктің он сегіз асуы:
құлдыраудан, ӛрлеуге дейін.
3.
Қазақстан табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық кӛзімен. Алматы
«Таймас» баспа үйі. 23-26 бет.
4.
Қазақстан ел бірлігі доктринасы – ұлттық саясат саласындағы жаңа
стратегиялық құжат.
Достарыңызбен бөлісу: