ТҦЛҒА ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ИНДИГЕНДІК ПСИХОЛОГИЯ РӚЛІ
Бакіржан Ж. Ғ.
«Педагогика және психология» мамандығының 4курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Тауекелова А.Е.
Тұлға - адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың
қоғамдық - тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік -
психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес,
сонымен бірге іс - әрекет, қатынас, сана, ӛзіндік сананың белсенді субьектісі.
Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды.
Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге ӛзін-ӛзі ұйымдастыратын
жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен ӛзінің «Мендік»
сезім болады. Осыған байланысты ӛзін -ӛзі реттеу, ӛзін-ӛзі ұстай білу, қабілеті
мен қасиет кӛрсетеді. Тұлға болу дегеніміз - белсенді түрде ӛмірлік позицясы
бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің
зардабын бағалау және ӛзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі ӛзін-ӛзі және
ӛзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп ӛз мінез құлқын реттеуші [1].
Индигендік психологияны У. Ким мен Дж. Берри сияқты психолог-
ғалымдар «ӛзге елдерден тасымалданбайтын, жергілілікті халыққа арналған
және сол халық үшін тӛлтума болып табылатын адам мінез – құлын ғылыми
зерттеу» деп анықтайды. Индигендік психология адамдардың ӛздері туралы
білімдері дағдылары және сенімдерін олардың табиғи жағдайында
(контексінде) зерттеуге бағытталған. Жергілікті психологиялық құбылыстарға
сай келетiн теориялар, концепциялар және әдістер жасалынады [2].
Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар:
оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының,
аумағы мен экономикалық ӛмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік
200
психологиядағы сол ұлтқа тән кейбір этностық ерекшелігінің ортақтастығы
болып табылады. Индигендік психологиялық құрылым мен ұлт мәдениеті
арасында тығыз байланыс бар. Индигендік психологиялық ерекшелік ұлт
мәдениетінің түрлерінен кӛрініс береді.
Индигендік психологиялық құрылым ерекшелігі адамдардың әлеуметтік
қарым – қатынасынан, киім киюінен, спорттық ойын түрлерінен немесе ұлттық
тұрмыстық салт – дәстүрлерінен, ұлттық тағам түрлерінен байқалады.
Психология ғылымында қалыптасу және даму тарихына қарайтын
болсақ,оның бірнеше рет ӛз зерттеу пәнін ӛзгерткенін кӛреміз. Қазіргі таңда
индигендік психологияны (Indigenous psychology) дамыту қолға алынуда.
Жұртшылыққа
танымал
индигендік
(тӛлтума)
психологияның
орталықтары Мексика, Филиппин Республикасы, Оңтүстік Корея, Жапония мен
Тайвань елдерінде жұмыс істеуде. Тарихи тұрғыда қарасақ, 1993 жылы У.Ким
мен Дж. Берридің «Индигендік психология: мәдени контекстегі зерттеулер мен
тәжірибелер» атты еңбегі жарық кӛрді. Бұған дейін индигендік психология
салыстырмалы түрде белгісіз сала болып тұрған еді.
Қазақсанда индигендік психологияның дамуы үлкен қиындық кӛруде.
Ӛйткені қазақтар әлі күнге дейін лингвистикалық және мәдени тұрғыда екі
параллель әлемде ӛмір сүрудеміз. Индигендік психология әлі даму үстінде
психологияның жас саласы болып табылады [3].
Қытайлықтар ұлы қытай қорғанын, итальяндықтар сазды әуенімен таң
қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтар мен бай тілін мақтан етеді», - деген
екен ұлы кемеңгер жазушы М.О.Әуезов. Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр
мемлекет ӛзіндік менталитетін, ӛзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда.
Бізді де осы үрдіске ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз бен
білімді ұрпақ алып шығады. Сол себептен жас ұрпақты тәрбиелеуде басты
ұстанар бағытымыз – ұлттық құндылықтар болуы қажет.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға
тәрбиелеу үшін:
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік,
мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, ӛнерін, салт-дәстүрін,
рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді
ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты
мақсатқа жетеміз.
Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды және жалпы адамзаттық құндылық
қасиеттерді қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, сал - дәстүр, халық
тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып ӛткеніміз жӛн. Қазақ мәдениеті
– ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің
негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттер ұлттық
тәрбиемен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғауышы күші болып табылады.
Әрбір халықтың тарихы тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс
201
– тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және
дүниетанымдық кӛзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық
педагогикасы – халық мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың
(ұлттың) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан [4].
Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық
мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен
мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды».
Қазір әлемдік жаһандану үдерісі ерекше екпін алған шақ. Мұндай аумалы-
тӛкпелі сындарлы кезеңде, ең бастысы, ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық
рухты сақтап қалуға тиіспіз. Ал ұлтжандылық, отансүйгіштік сияқты асыл
қасиеттер адам бойына, сайып келгенде, этнопедагогика арқылы сіңетіні
ақиқат. Ондай болса, ұлт болашағына алаңдап жүрген жандар айтпақшы «білім
беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуді» шынымен, мықтап қолға алу
керек шығар.
Ұлттық инновация дегеніміз не ӛзі? Тарихқа үңілсек, біздің ата-
бабаларымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары тек қазақтың ғана емес,
адамзат
баласының
мәдениеті
мен
ӛркениетін
дамытып,
рухани
кемелденулерде әрі генератор әрі қоғамды ізгілендірудің реформаторы болуға
әбден лайық екендігін аңғару қиын емес. Бұл артықшылығымыз эстафета
іспетті бабаларымыздан біздерге генетикалық жолмен беріліп келеді. Ал
ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазынамыз бен дүниетанымымызды ӛшіріп
алмай, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу бізге аманат. Енді сол ӛзге тамсанған, әлі де
қызыға қарайтын құндылықтарымыздың негізін алып, қазіргі дамыған
философия, психология және педагогика ғылымының жетістіктерімен
толықтырсақ, нәтижесінде сӛз болып отырғандай оқытудың инновациялық
әдіс-тәсілдерін алады екенбіз.
Ең басты айтарым, қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ
тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сӛздің астарында елге-жерге деген құрмет
жатыр емес пе? Міне, біздің жастарда дәл осы қасиет жетпей жатыр. Оқу
процесі кезінде де сӛз жоқ, ұлттық инновацияның маңызы зор. Қысқасы,
ұлағатты ұрпақ ӛсіруде осы ұлттық инновациялық әдіс-тәсілдер таптырмайтын
құрал бола алатындығына ешкім дау айтпаса керек [5].
Нағыз ұстаз аталған Жүсіп Баласағұни адам мәдениетінің негізгі екі тегі
бар: бірі – тіл, бірі – діл деп кӛрсетіп, тіл мәдениетінің мәні зор екенін, егер ол
мәдениетті игере алмасаңыз «басқа пәле – тілден» деп кӛрсетеді.Отбасындағы
мәдениет ата-ананы сыйлаудан басталатынын дәлелдейді. Елді мәдени
кемелденту үшін ұлттық білім беру жұмысының мемлекеттік дәрежеде
жүргізілуі қажет екенін айтады.
Қазақ халқының ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин ұлттық мәдениетті
дамытудың негізгі құралы – оқу, мектеп ашу (елге білім беру) деп,
ауылдық,болыстық мектептер ашып, қыздар училищелерін, мұғалімдер
семинарияларын ұйымдастырды.
Абай дана «ғылым таппай, баптанба, ӛнер таппай мақтанба» деп, ұлттық
мәдениетті дамытудың түп негізі – білімде, ӛнерде деп кӛрсетті. Ол үшін
202
«ӛткірдің жүзі, кестенің бізі» сала алмаған ӛрнекті сӛзбен ӛрнектейтін ана тілін
қадірлеу қажет екенін айтып, бес нәрседен қашық болуды, бес нәрсеге асық
болуды уағыздайды [6].
Ал бүгінгі мақсат-мұрат белгілі. Ол — білімі білікті, дені сау, ұлттық сана-
сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі жоғары, парасатты, мәдениетті, еңбеккер,
іскер, сондай-ақ бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамзатты
оқытып тәрбиелеу.
Пайдаланғын әдебиеттер тізімі:
1.
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
2.
Uichol Kim & John Berry (eds.), Indigenous psychologies: Research and
experience in cultural context. Thousand Oaks, CA: Sage Publications, 1993.
3.
С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б.Иманбекова "Этнопедагогика" оқулық 2 -
басылым «Фолиант» баспасы Астана - 2010
4.
С.Әбішқызы, Ж.Сарманов. «Ұлттық тәрбие – құндылығы мол дүние». 2008
ж.
5.
М.С.Керімбаева. «Ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы мектептің
қызметі». Астана, 2008 ж.
6.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |