Біздің мектебіміз шағын ауданның әлеуметтік-мәдени белсенділігінің орталығына
айналуы тиіс.
Біздің мектебіміз аймақтағы білім беру инновацияларының ресурстық орталығы
бола алады.
Егер мектептің болашаққа бағдары директордың көзқарасымен мектептің мінсіз
бейнесі болса, миссия бұл педагогикалық қоғамдастық мүшелерінің жалпы ұжымдық
шешімінің нәтижесі, әлеуметтік тапсырыс талаптары мен ұжымның нақты мүмкіндіктері
мен қажеттіліктері ескерілетін шешім болып табылады.
Миссияны тұжырымдауға қойылатын негізгі талаптары:
₋ мектеп ұжымының барлық мүшелерінің ортақ құндылықтары мен көзқарастарын
білдіру, яғни ұйымның мәдениетімен байланысты болуы;
₋ қызметкерлердің басым бөлігінің қолдауына ие болу;
₋ ұйымдастыру мен қызмет стиліне белгілі бір дәрежеде әсер ете отырып, шешім
қабылдау процесін бағыттау;
₋ қызмет мектептің жалпы құндылықтарына қаншалықты сәйкес келетінін бағалауға
болатындай тұжырымдалуы.
Миссияның мақсаты оның функцияларымен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: