Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет9/56
Дата12.02.2023
өлшемі2,08 Mb.
#67159
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56
Байланысты:
ilovepdf merged

ТӘУЕЛСІЗ ӘЙЕЛ 


орынды мен алсам екен" деген қалау болады.
Тәуелсіз әйел адам "еркектің бүкіл өмірлік жағдаяттарына
мен байланысты болуым керек, бүкіл өмірлік уақытын,
әрекетін, жүріс-тұрысын мен білуім керек" деп есептемейді.
Әйел адамға міндетті түрде барлығын білу керек емес. 
Тәуелсіз әйел адам балансты таба білуі керек. Яғни сіз
еркекке тәуелсіз екеніңізді, бірақ өміріңізге бір жақсылықты,
қуанышты, көтеріңкі көңіл-күйді еркек сыйлап жатқанын
көрсете білуіңіз керек. "Сенсіз де жақсы, сенімен де жақсы"
деген сияқты әңгіме емес. Еркек сізге өзінің тамаша сезім,
ерекше қуаныш сыйлап жатқанын сезу керек. 
Білесіздер ме? 90% ер адамдардың қорқыныштары мынадай:
•Әйел еркекке эмоциональды тұрғыда тәуелді болып қалады;
•Жүріп жүрген, сөйлесіп жүрген әйел маған еркіндік
бермейтін болады;
•Бұл әйел адамның бүкіл өмірі мен ғана болып қаламын;
•Бүкіл уақытын, көңілін, күнін маған ғана арнап бетіме қарап
отырады;
•Мен әйел адаммен қарым-қатынас бастасам бірден өзімнің
жеке өмірімнен айырылып қаламын.
Қазір өзіңізге сұрақ қойыңыз. 1минуттың ішінде жауап
беруіңіз керек. 
Сөйлесіп жатқан жігітім менің өміріме не әкеліп жатыр?
Кішкентай болса да қандай өзгеріс, қандай қуаныш? 
Егер 1 минуттың ішінде бұл сұраққа жауап бере алмасаңыз, 
мен сізге ойлануға кеңес беремін. Не істеп жүрсіз бұл
адамның жанында? Не айтқым келіп тұр? Сіз жігітпен бос
уақытыңызды өткізу үшін жүріп жүрген жоқсыз. Жүрмеу
керексіз. Сіздің өміріңіз соншалықты қызықты, тіпті жігітсіз
де! Яғни сіз
Некеге дейін... 
27


онымен айырылысып кетсеңіз, әрине, көңіл-күйіңіз түседі,
бірақ сіздің үйде отырып, депрессияға түсіп, қайғыруға
уақытыңыз болмауы керек. Өз хоббиіңіз, айналысатын ісіңіз,
араласатын достарыңыз бар. Ал сіз жігітпен не үшін
сөйлесесіз? Не үшін танысып, не үшін қарым-қатынас құрып
жатырсыз? Сіз өзіңіз жеке тұлға бола отырып, ол жігітіңіз де
жеке тұлға болып, екеуіңіз қосылған кезде бір бүтін бола
аласыздар. Яғни ол сіздің бос уақытыңызды басып отырған
жоқ. Көңіл-күйіңізді көтеріп, іш пысқан кезде көңіліңізді аулап
жатқан жоқ. Оның өз өмірі бар.
Некеге дейін... 
28


Қалыпты әйел деген қандай әйел? 
Қалыпты әйел ең біріншіден, өз принциптерін ұстанатын әйел.
Яғни басқа адам үшін өз принциптерін сындырмайды. Бүтін,
қалыпты деген ол сіздің өмірлік стандарттарыңыз,
құндылықтарыңыз, принциптеріңіз, өмірлік өзіңіздің жеке
ұстанатын ережелеріңіз ретінде қабылданады. Сол ережеге сай
сіз қоршаған ортамен байланыста боласыз. Қалыпты әйел
өзінің принциптерінен бас тартпайды. 
Әйел адамның өзінің құндылықтары бар ғой, өмірлік,
отбасылық, мысалы, ер адам міндетті түрде жұмыс істеуі
керек, міндетті түрде әйел адамды киіммен, тамақпен,
сыйлықтармен барлық материалдық жағдайын қамтамасыз ету
керек деген секілді. Бірақ сөйлесіп жүрген жігіті "Әйел адам да
жұмыс істеуі керек, өз-өзін қамтамасыз ете алуы керек,
күйеуінен қайта-қайта әр нәрсеге ақша сұрау дұрыс емес, әйел
адам өзіне-өзі ақша таба білуі керек" деп айтуы мүмкін. Егер
әйел адам өзінің принциптеріне қатаң ұстаныммен қарайтын
болса, онда ол жігітке бірден "сау бол" дейді. "Ренжіме, мен
сенімен бірге бола алмаймын, себебі біздің құндылықтарымыз,
көзқарастарымыз әртүрлі".
Немесе әйел адамның принципі бойынша керісінше "үйде
отырмаймын, менің жұмыс істеуім керек, бизнесім болуы
керек" деп ойлайды. Бірақ сөйлесіп жүрген жігіті тым қатал,
"ешкіммен сөйлеспеу керек, ешқайда шықпау керек,
телефонын тексеріп отыруым керек" деп әр қадамын тексеріп,
бақылап отырады. Сол кезде ол өзінің принципінен бас тартпау
керек. Себебі ол қалыпты, біртұтас, бүтін әйел, жеке тұлға. 
Ал жігіт өзінің принциптерінен бас тарта алады. Себебі ол
әйелді көндіргісі келіп тұр. Қараңызшы, үйленгенге дейін жігіт
"сен жұмыс істейсің" деп айтады. Ал үйленгеннен кейін
сөзінде тұрмайды. Бұл жерде сіздің жеке интуицияңыз болу
керек. Себебі еркектің сөзі мен әрекеті екі түрлі бола алады.
Егер әрекеті мүлдем сөзіне сәйкес келіп тұрмаса сізге ойлану
керек, бас тартасыз немесе көнесіз. Ал қалыпты, біртұтас, жеке
тұлға әйел ешқашан өз принциптерінен бас тартпайды.
Әйелдің 
Некеге дейін... 
29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет