Программа по специальности «5В050300 психология»


Кеңес беру үрдісіндегі маман тұлғасы



Pdf көрінісі
бет100/231
Дата13.02.2023
өлшемі2,08 Mb.
#67339
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   231
Байланысты:
5В050300-Психология

 
Кеңес беру үрдісіндегі маман тұлғасы 
Кәсіби білім байланысының және кеңесшінің ептілік мәселесі және 
тұлғасының клиентке психологиялық әсер ету тәсілінің мәселесі. Кеңесшінің 
кәсіби МЕН-бейнесі, жекелік тәжірибе, конгруэнттілік, метадағдылар. Тиімді 
кеңесшілердің тұлғалық мінездемелері. Жеке құндылықтарына әсер ету 
мәселесі және оның іс-әрекетіне кеңесшінің өмірлік философия мәселесі. 
Кеңесші-психотерапевт түсінігін салыстыру. Жаңадан бастаған, қадам 
жасаған кеңесшінің типтік қиыншылықтары, кеңесшінің «кәсіби күйіп жану» 
(профессиональное выгорание) мәселесі: алдын-алу шаралары, себептері, 
көрінулері және жеңіп шығулары. Кеңесшілердің кәсіби кеңес беру мәселесі 
және супервизордың басшылығы арқылы жұмыс істеу кәсіби іс-әрекетке 
дайындықтың бір жағы ретінде. Кеңесшілерді дайындау. 
Кеңес берудің этикалық принциптері. Консультативті процесте 
клиенттің құқығы. Кәсіби және этикалық міндеттері және кеңесшінің 
құқығы. Этикалық және құқықтық сұрақтардың қосарлануы және психолог 
пен клиенттің басқа қатынастарда қосарлануы (достық, іскерлік, интимді). 
Клиент пен кеңесші тұлғасы. 
 
Кеңес беру процесінің құрылымы және оны ұйымдастыру 
Кеңес берудің алғашқы кезеңі. Мақсаты - психологиялық контакт 
орнату, клиент пен кеңес беруші арасындағы психологиялық контакттың 
қорытындысы. Кезеңнің негізгі мазмұны: клиентті қабылдау, танысу, клиент 
туралы алғашқы мәліметтерді жинау, келісім-шартты қорытындылау 
(мақсаты, әдістерді, ұзақтығын, кеңес берудің бағасын, жауапкершілікті 
болу, клиенттің құқықтары туралы және міндеті туралы мәлімет беру
талқылау, конфиденциалдық сұрақтарын және оның шегі туралы талқылау). 


103 
Клиентті сұрау кезеңі. Кезеңнің мақсаты - раппорт (өзара жағымды) 
орнату және проблеманың мағынасын анықтау. Белсенді тыңдау техникасы -
вербалды және вербалды емес компонеттері. Қайталау (парафраз) және 
үзіліс. Клиенттің мәселесінің мағынасын анықтау. Мәселелердің түрлері: 
орталық мәселе, қорғаныс- мәселе, терең мәселе. Мәселе кеңес беруші мен 
клиенттің біріккен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде. Келісім-шарт жасау. Кеңес 
беруші пайдаланатын негізгі тәсілдер: тікелей сұрақтар, рефлексивті емес 
және белсенді тыңдау, әмпатикалы түсіну, клиентті вербалды және вербалды 
емес түрғыда жігерлендіру. Кезеңділік (подэтап) нәтижесі - консультативті 
болжамдарды қалыптастыру және раппортты орналастыру. Жұмыс кезеңі. 
Психологиялық әсер ету. Мақсаты - клиентпен психологиялық 
қиыншылықтарды түсіну, жеңіп шығу жетістіктері. Кезеңнің негізгі 
мазмұны: клиенттің психологиялық қиыншылықтарды жеңіп шығуына 
көмектесу үшін әр түрлі психотехникалық тәсілдерді қолдану. Қарсыласу 
мен трансфермен жұмыс істеу. Қарсыласу түсінігі. Клиенттік қарсыласумен 
сәтті жұмыс істеу шарты ретінде даярлығы. Қарсыласумен жұмыс істегендегі 
нәтиже. Позитивті және негативті трансфер. Позитивті және негативті 
контртрансфер. Трансфермен жұмыс істеудегі тиімділік. Контртрансфермен 
жұмыс істеу. 
Қорытынды кезең. Трансферден шығу жене суверенитетті алу. Кеңес 
беруден кейінгі мінез-құлықты қалыптастыру. Осы кезеңдегі жұмыстың 
негізгі принциптері. Осы кезеңде клиентке көмек. 
Кеңес беру уақыты мен кеңістігін ұйымдастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет