«5В020100 – философия» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет39/190
Дата13.02.2023
өлшемі1,65 Mb.
#67430
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   190
Байланысты:
5В020100-Философия

Қазақ философиясы 
Қазақ фольклорының философиялық мазмұны – қазақ халқының өмір-
тарихының бейнесі. Вербалды қоғамның құндылықтар жүйесінің 
мызғымастығы. Мақал-мәтелдердегі еркін ойлау, аңғал реализм және 
стихиялық материализм. Батырлық және лирикалық эпостардың көзқарастық 
маңызы. Қазақтардың тұтас халық ретінде бірігуі – ХV-XVIII ғасырлардың 
жыраулары мен ақындарының негізгі тақырыбы. Асан Қайғының«Жерұйық» 
идеясы – тәуелсіз қазақ хандығын құрудың негізі. Қазтуған, Доспамбет
Шалкиіз жыраулардың шығармаларындағы адамгершіліктік-этикалық 
сұрақтар. ХVІІ-XVIII ғасырлардағы экономикалық және әскери-саяси 
дағдарыс кезеңінде қазақ жырларындағы тақырыптардың өзгеруі. Ақтамберді 
жырау мен Үмбетей жыраудың пайымдаулары – өмір мен өлімнің, 
мәңгіліктің мәнін түсінуге бағытталған ақындық философия. Бұқар 
жыраудың этикалық философиясы. Шал ақынның шығармашылығындағы 
жақсылық пен жамандық дихотомиясы. 
Қазақстанның Ресейге қосылуы кезеңіндегі қазақтың қоғамдық ойының 
даму ерекшеліктері. Махамбет Өтемісов шығармашылығындағы халықтық 
сананың және тәуелсіздік идеясының прогрессивтік элементтері.«Зар заман» 
дәуірінің ақындары Дулат Бабатаев, Мұрат Мөңкеұлы, Шортанбай 
Қанаевтың философиялық көзқарастары.
Қазақ Ағартушылығы: қалыптасуының қоғамдық-саяси алғышарттары, 
еуропалық және орыс Ағартушылықтарынан өзгешеліктері. Шоқан 


45 
Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясының 
антропоцентризмі және гуманизмі. Абайдың философиялық «Қара сөзі» – 
әлемдік мәдениеттің қайталанбас құбылысы. Абай Құнанбаевтың дін 
философиясы және адамгершілік философиясы. 
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының жұлдызды шоғының 
қоғамдық-философиялық көзқарастарының ерекшеліктері. Сұлтанмахмұт 
Торайғыровтың философиялық көзқарасы. Әлихан Бөкейхановтың саясат 
философиясы. Міржақып Дулатовтың тарих философиясы. Ахмет 
Байтұрсыновтың 
шығармашылығындағы 
білім 
және 
тіл 
білімі 
философиясының сұрақтары. Мұхтар Әуезов философияның адам және 
қоғам өміріндегі ролі туралы.Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы өмір мен 
өлім мәселесі. Шәкәрім Құдайбердиев: ақиқатты іздеу. «Үш анық» – болмыс, 
жан және адамның адамгершіліктік жетілуі туралы философиялық пайымдау. 
Кеңестік кезеңдегі қазақстандық философияның негізгі мәселелері: 
диалектиканың, жаратылыстану ғылымдарының, ұлтаралық қатынастардың, 
ғылыми атеизмнің, қазақтың қоғамдық және философиялық ой тарихының 
мәселелерін, әл-Фарабидің философиялық мұрасын зерттеу.
Посткеңестік кезеңдегі қазақстандық философия: қазақтың ұлттық 
философиясы мен мәдениетінің рухани бастауларын, қазақ философиясының 
«ақтаңдақтарын» зерттеу, тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму жолдарын іздеу, 
дәстүрлі және қала мәдениетін философиялық пайымдау, фарабитану 
ренессансы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет