43
Позитивизм: ғылымның үстемдігін және философияның пәні мен рөлін
өзгертуді жариялау. Огюст Конт: философия – жаратылыстану
ғылымдарының жетістіктерін жалпы қорытындылаумен айналысатын
синтетикалық ғылым. Джон Стюарт Милльдің танымның индуктивтік
логикалық әдістерін дамытуы. Герберт Спенсер биологиялық дүниеде
эволюциялардың бар екендігі идеясы туралы.
Позитивизмнің екінші кезеңі – махизмнің негізгі мәселелері. Эрнст
Мах пен Рихард Авенариустің эмпириокритицзмі
және субъективті
идеализмі. Анри Пуанкаренің конвенционализмі. Неокантиандық –
Канттың трансценденталдық идеализмі – ментанушы ақыл-ойдың
жаратылыстану мен қоғамтанудағы рөлінің қайта өркендеуі. Марбург және
Баден неокантиандық мектептері.
Герменевтика – түсінудің жалпы теориясы. Фридрих Шлейермахер:
«түсінбеу – іргелі феномен». Вильгельм Дильтей: «рух туралы
ғылымдардың» теориялық негіздерін жасау. Эдмунд Гуссерльдің
феноменологиясы. Ханс Георг Гадамер: түсіну –
әлеуметтік болмысты
түйсінудің
қажетті
шарты.
«Өмір
философиясының»
қалыптасу
алғышарттары. Артур Шопенгауэрдің пессимистік философиясы: әлем –
ойсыз ерік және соқыр күш. Фридрих Ницше христиандық құндылықтар
туралы. Жоғары адам туралы ілім. Анри Бергсон мәнге жетудегі
интуицияның ролі туралы.
Логикалық позитивизм, аналитикалық философия – позитивизмнің
үшінші кезеңі. Вена философиялық үйірмесі: философия –
табиғи және
жасанды тілдерді сараптауға бағытталған қызмет түрі.
Постпозитивизм кез-келген ғылыми білімнің гипотетикалық сипаты
туралы. Карл Поппер: ғылыми тұжырымды демаркациялау және
фальсификациялау принциптері. «Ашық қоғамдағы ашық ғылым». Имре
Локатостың ғылыми-ізденістік бағдарламалар концепциясы. Томас Кунның
ғылыми революциялар теориясы. Марк Полани: тұлғалық білім – ғылыми
прогресс негізі.
Экзистенциализмнің
қалыптасуының
әлеуметтік-философиялық
алғышарттары. Серен Къеркегор: адам – әлемдік эволюцияның мақсаты және
мағынасы.
Мартин Хайдеггер адамның нағыз және нағыз емес болмысы туралы.
Жан Поль Сартр: адам – еркіндікті немесе еркіндік еместі таңдаушы жоба.
Альбер Камю философиясындағы абсурд мәселесі.
Психоаналитикалық философия. Зигмунд
Фрейдтің бейсана туралы
ілімі. Карл Густав Юнг: ұжымдық бейсана және сана архетиптері. Эрих
Фромм адамның өмір-тіршілігінің қайшылықтылығы туралы.
Постмодернизм: субъектісіз философиялық пайымдау. Мишель Фуко
«субъект – таным – дүние» жүйесінің элементтерінің арақатынасы мәселесін
түбегейлі қайта түсіну туралы. Жак Деррида: деконструкция – мәтінді
зерттеу тәсілі.
44
Структурализм: объектілердің тұрақты логикалық құрылымдары мен
байланыстарын іздеу. Клод Леви Стросстың мифологиялық ойлауды
сараптауға назар аударуы. Жан Лакан:
Фрейдтің психоанализін
структуралистік қайта қарастыру.
Прагматизм философиясы. Чарльз Пирс рационалды білім мен ақылды
мақсат, прагматизмнің арасындағы тығыз байланыс туралы. Уильям Джеймс:
білімнің ақиқаттылығы оның адамдар әрекеттеріне пайдалылығымен
анықталады. Джон Дьюидің радикалдық эмпиризм философиясы.
Философиялық мистицизм. Е.Блаватскаяның теософиялық мистицизмі.
Рудольф Штайнердің антропософиясы. Карл Кастанеда танымының
интуитивтік тәсілі.
Ресей тағдыры – орыс философиясының басты мәселесі. Орыс
философиясының негізгі бағыттары. Орыс марксизмі. Қоғамдық-саяси
құрылымды өзгертуге практикалық бағытталғандық – Ресей материализмінің
ерекшелігі. Г.В.Плеханов қоғамның өндірістік күштерінің дамуындағы
географиялық ортаның анықтаушы рөлі туралы. В.И.Ленин пролетариаттың
революциялық күрес тәжірибесі туралы. Философиядағы екі партия –
материализм және идеализм принципі.
В.С.Соловьевтің соборлық философиясы және этикасы. Л.Н.Толстой
мен Ф.М.Достоевскийдің өмірмәндік және адамгершіліктік философиясы.
С.Л.Франк,
Н.А.Бердяев,
Л.Шестов,
Н.О.Лосский,
И.А.Ильиннің
философиялық ілімдерінің ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: