Нотариаттық қызмет - нотариустың жəне өзге де уəкiлеттi адамдардың осы Заңмен
көзделген нотариаттық iс-əрекеттердi жасауы. Нотариустар мен нотариаттық iс-əрекеттер
жасауға уəкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-əрекеттер жасағанда тəуелсiз болады
жəне тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды жəне басқа нормативтiк
құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi
реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Жеке жəне заңды тұлғаларға
олардың жасаған нотариаттық iс-əрекеттерiнің құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi.
Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-əрекеттердiң құпиясын
сақтауға мiндеттi.Нотариаттық iс-əрекеттер туралы мəлiметтер, нотариус берген
құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-
əрекеттер жүргiзiлген заңды жəне жеке тұлғаларға, не олардың уəкiлеттi адамдарына ғана
берiледi.
Достарыңызбен бөлісу: