Нотариат (пəннің атауы) ПƏннің ОҚУ-Əдістемелік кешені


Дəріс №8. Нотариаттық палата



Pdf көрінісі
бет21/44
Дата13.02.2023
өлшемі448,1 Kb.
#67504
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
Байланысты:
Нотариат-

Дəріс №8. Нотариаттық палата
Нотариаттық палата түсінігі, оның өкілеттігі. Республикалық нотариаттық 
палатаның өкілеттіктері. Жеке нотариаттық мұрағат. 
Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары 
мен заңды мүдделерiн бiлдiру жəне қорғау үшiн, сондай-ақ нотариаттық iс-əрекеттер 
жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшiн құрылатын 


коммерциялық емес, кəсiптiк, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Нотариаттық палатаның қызметi Нотариат туралы Заңмен жəне жарғымен 
реттеледi. Нотариаттық палата заңды тұлға болып табылады жəне заңда белгiленген 
тəртiппен тiркелуге тиiс. Қазақстан Республикасының əрбiр облысы, республикалық 
маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бiр нотариаттық палата 
құрылады. Аумақтық нотариаттық палаталар қауымдастық (одақ) нысанындағы 
Республикалық нотариаттық палатаға бiрiгуге құқылы.
Нотариаттық палата:
1) жекеше нотариустерге жалпы басшылық жасап, олардың қызметiн үйлестiрiп 
отырады;
2) мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк емес ұйымдарда өз мүшелерiнiң құқықтары 
мен заңды мүдделерiн бiлдiредi жəне қорғайды, нотариаттық iстi дамытуда оларға көмек 
көрсетiп, жəрдем бередi;
3) жекеше нотариустар нотариаттық iс-əрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы 
заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 
4) жекеше нотариустың лицензиясының күшiн тоқтата тұру, керi қайтарып алу 
жəне тоқтату туралы ұсыныс енгiзедi;
5) нотариаттық iс-əрекет жасау нəтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын 
мiндеттемелер 
бойынша 
азаматтық-құқықтық 
жауапкершiлiктi 
сақтандыруды 
ұйымдастырады;
5-1) жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті 
сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы жəне жекеше нотариустардың азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы 
заңдарының өзге де талаптарын бұзу жағдайлары туралы аумақтық əділет органдарын 
хабардар етеді; 
6) жекеше нотариустарды сынақтан өткiзу мен оқытуды ұйымдастырады;
7) өз мүшелерiнiң қызметiне байланысты iстер бойынша сот белгiлеген сараптама 
шығындарын өтейдi; 
8) жекеше нотариусты кəсiптiк мiндеттерi мен əдептi бұзғаны үшiн Нотариустың 
ар-ождан кодексiне сəйкес жауапқа тартады;
9) жекеше нотариустардың қызметтiк iс-əрекеттерiне азаматтар мен заңды 
тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарайды. 
Нотариаттық палата жекеше нотариустың жасаған iс-əрекеттерiнiң заңдылығы 
туралы мəселенi қараған кезде нотариустан жасалған нотариаттық iс-əрекеттер туралы 
мəлiметтердi, ал қажет болған жағдайларда өз түсiнiктемелерiн, соның iшiнде кəсiптiк 
əдептiң сақталмауы туралы мəселелер бойынша түсiнiктемелерiн табыс етудi талап етуге 
құқылы. 
Нотариаттық палата жарты жылдың жəне жылдың қорытындылары бойынша 
Республикалық нотариаттық палата мен аумақтық əдiлет органына өзiнiң қызметi туралы 
ақпарат берiп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет