Нотариат (пəннің атауы) ПƏннің ОҚУ-Əдістемелік кешені


Дəріс №6. Нотариаттық қызметтің қағидалары



Pdf көрінісі
бет20/44
Дата13.02.2023
өлшемі448,1 Kb.
#67504
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Байланысты:
Нотариат-

 
Дəріс №6. Нотариаттық қызметтің қағидалары 
Нотариаттық қызмет қағидаларының түсінігі, жүйесі. Ұйымдастырушылық жəне 
функционалды қағидалар. Нотариаттық қызмет қағидаларының кепілдіктері.
 
Нотариат қызметінің қағидалары деп осы құқық институтының ұйымдастврвлуы 
мен қызметін реттейтін заңдардың мазмұнын мейлінше толық көрсететін осы қызметтің 
құрылымының, қызмет етуінің жəне бағыттарының бастамалары. Нотариат қызметінің 
негізгі қағидалары мыналар:
1. Заңдылық; 
2. Тəуелсіздік;
3. Нотариаттық əрекеттерді жасау құпиялылығы. 
 
Дəріс №7. Нотариатты ұйымдастыру жəне басқару 
ҚР нотариатының жүйесі. Нотариат құрылымы. Нотариатты басқару: жетекшілік 
жүргізу, реттеу, бақылау, үйлесімділік.
Жасалған нотариаттық iс-əрекеттердiң заңдылығын жəне мемлекеттiк нотариустың 
жəне аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық 
(селолық) округтердiң əкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының iс жүргiзу 
ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық əдiлет органы жүзеге асырады. Жеке 
практикамен айналысатын нотариустың жасаған нотариаттық iс-əрекеттерiнiң 
заңдылығын жəне iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық əдiлет органы мен 
нотариат палатасы жүзеге асырады. Бақылауды жүзеге асыру тəртiбiн Қазақстан 
Республикасының Əдiлет министрлiгi Республикалық нотариаттық палатамен бiрлесiп 
белгiлейдi. Нотариустың жəне аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), 
ауылдық (селолық) округтер əкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының салық 
заңдарын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасы салық қызметiнiң органдары 
жүзеге асырады. Əдiлет органы мен нотариаттық палатаның лауазымды адамдары 
нотариус қызметiн тексеру кезiнде мəлiм болған нотариаттық iс-əрекеттер жасау 
құпиясын сақтауға мiндеттi. Құпияны жария еткенi жəне нотариусқа келтiрген зияны үшiн 
бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауап бередi.Нотариаттық 
қызметтi жүзеге асыруға кiрiскен жекеше нотариустың жұмысын тексеру ол нотариаттық 
iс-əрекеттi жүзеге асыра бастағаннан кейiн кем дегенде алты айдан кейiн жəне бiр жылдан 
кешiктiрiлмей жүргiзiледi жəне одан кейiн əрi кеткенде жылына бiр рет жүргiзiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет