З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы



Pdf көрінісі
бет38/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
 


93 
ҚОСЫМШАЛАР 
 
Әдеби терминдер сөздігі 
 
Эпитет (айқындау) – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын 
анықтайтын суретті сөз. 
Теңеу – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа 
затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. 
Троп (құбылту, грекше tropos – иін, иірім) – сөздерді тура 
мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, 
перделеп таныту, ойды өзгертіп, өңін айналдырып айту. 
 
Метафора (ауыстыру, грекше metaphora-көшіру) – сөз мәнін өңдендіре 
өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра 
түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп, 
суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын 
тереңдетіп, әсерін күшейту. 
Кейіптеу (орысша - олицетворение, грекше - prosopopeia) – жансыз 
табиғат құбылысын тірі кісінің қылығымен ауыстыра суреттеу. 
Аллегория (пернелеу, грекше allegoria – пернелеп айту) – жай ұғым 
қалпында тұрған дерексіз нәрселердің көзге көрінер деректі нәрсеге 
ауыстырылуы. 
Символ (астарлау, грекше symbolon – шартты белгі) – бір нәрсені не 
құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа 
құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, 
тартымды тұспалмен түсіндіру. 
Метонимия (алмастыру, грекше metenymia – қайтадан атау) – өзара 
шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен 
шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану. 
Синекдоха (мегзеу, грекше synecdoche – арақатысын ашу) – бүтіннің 
орнына бөлшекті немесе керісінше, жалының орнына жалқыны немесе 
керісінше қолдану.


94 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет